Жаңа теміржол Өзбекстанға жүк тасымалын еселемек

Бейнелер
27.08.2025, 11:10

Түркістан облысында ұзындығы 152 шақырым болатын «Дарбаза-Мақтаарал»  теміржол құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

24KZ телеарнасының мәлімдеуінше, ірі инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып келеді.  Жаңа шойын жол еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытып, көрші елдермен алыс-берісті арттырады.  

«Дарбаза-Мақтаарал» темір жолы Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай мен Мақтаарал аудандары арқылы Өзбекстанға дейін барады. Жоба іске қосылған кезде алыс-жақын шетелдерге тауар тасымалы артады. Құрылыс  екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде жер тегістеліп, жол бойында 3 станция, 2 разъезд салынады.  Көпірлер мен су өткізетін құбырлар болады.  Бүгінге дейін 90 шақырым жердің ой-шұқыры тегістелді.  

Жоба бойынша жаңа темір жолдың бойынан дәл мынадай 35 көпір салу жоспарлануда. Бүгінгі күні соның 24-де құрылыс жұмыстары басталған. Бұдан бөлек 125  темірбетонды су өткізгіш құбыр қарастырылған болса, дәл қазір соның 54-де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.  

Құрылысқа қажетті материалдың барлығы отандық өнім. Мамандар жергілікті кәсіпорындарда өндірілген цемент, бетон, арматуралар қолданылып жатқанын айтады.  

«60-70 пайызын салып қойдық. Көпірдің ұзындығы - 94 метр, биіктігі 10 метр болады. Керекті нәрселердің барлығы қамтамасыз етілген. Бас мердігер жағынан да, КТЖ жақтан да қадағалау, зертханалар бар сапасын тексеріп жатыр. Жобаға сай жақсы көпірлер салынып жатыр. Алдағы қазан айында өткіземіз деп жоспарлап жатырмыз»,  -дейді мердігер мекеменің атқарушы директоры Самархан Жадаев.  

Бұдан бөлек Сырдария өзенінің үстінен ұзындығы 500 метр болатын үлкен көпір түседі. Оның да құрылысы басталған. Жалпы теміржол құрылысының құны - 286 млрд теңге. Бас мердігер өкілінің айтуынша, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.  

«Осы қараша айында рельс-шпалды торларды төсеуді бастаймыз. Арыстағы базамызда қазіргі таңда 110 шақырым рельс-шпалдан құрылған тор дайын тұр. Бүгінгі таңда құрылысқа 350 техника жұмылдырылған және 750-800-ге жуық адам жұмыс істеуде. Үлкен қарқынды жұмыстар жүріп жатыр», - деді «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің атқарушы директоры Азамат Оспанов.  

Құрылыстың екінші кезеңі келесі жылы басталады. Онда 18 шақырымға теміржол төселеді. Жоба бойынша 1 станция, 1 разъезд, 1 бақылау пункті және 1 шекара бекеті ашылады. Тасымалдаушы ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, ол кезде көрші Өзбекстанмен ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттермен де алыс-беріс артады.  

«Темір жолдың салынуы - Түркістан облысы бойынша Мақтаарал-Жетісай аудандарының экономикалық жағдайын жақсарту - бірінші кезекте. Ол жақта темір жол жоқ. Екінші мәселе алыс жатқан шетелдермен транзиттік жүкті темір жол арқылы өткізіп, Каспийден ары қарай паронмен жіберуге үлкен ықпалы тиеді»,  - дейді тасымалдаушы компанияның ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция басқармасының басшысы Нұрлан Нұрбаев.  

Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыратын жоба 2026 жылдың желтоқсан айында тапсырылады деп жоспарланып отыр. Шойын жол құрылысы пайдалануға берілгенде 550 адамға жұмыс орны ашылмақ.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты