Алматыдан 100-ден астам жолаушы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара – Алматы» бағыты бойынша жүретін «Jibek Joly» туристік пойызымен сапарға шықты. Турдың ұзақтығы – 5 күн, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Пойыз заманауи әрі жайлы отандық өндірістің вагондарынан жасақталған. Интерьер ұлттық нақышта безендіріліп, дәстүрлі ою-өрнектермен айшықталған. Құрамда үш купелік және бір мейрамхана вагоны бар.