Теміржолмен астық тасымалдау 10 айда 24%-ға өсті

Апта саны
03.11.2023, 10:27
Оқуға 2 мин
Александр Жабчук

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында теміржол көлігімен астық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

2023 жылдың 10 айында теміржолмен 9,4 млн тонна астық тасымалданды. Астық экспорты 29%-ға өсіп, 7,7 млн тоннаны құрады. Ел ішінде 1,7 млн тонна тасымалданса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4%-ға артық.

Осы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тиеу 4%, яғни 2,5 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте экспортқа 1,8 млн тонна жөнелтіліп, өсім 7% құрады.

Қазақстан астығы мен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран, Ресей және ҚХР елдері болып отыр. 10 айда Өзбекстанға астық тасымалдау 24%, Тәжікстанға 9%, Түрікменстанға 78%, Ресейге 56%-ға өсті. Қырғызстанға астық тиеу екі есе, ҚХР-ға тиеу үш есе артты. Өзбекстанға ұнтақ өнімдерінің экспорты 5%, Қырғызстанға 67% және Қытайға 79% өсті.

Қазан айында 900 мың тоннадан астам астық, 283 мың тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды. Ел ішінде астық тасымалы 25%, ұнтақ өнімдері 42% өсті.

Астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауға 17,2 мыңнан астам жабық вагон және 10 мыңнан астам астық тасымалдаушы тартылды.

ҚТЖ желісі бойынша жүктерді тасымалдау теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін ескере отырып, жүк жөнелтушілердің өтінімдері бойынша алдағы айға қалыптастырылатын негізгі жоспар шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті