7-18 қазан аралығында халықаралық туризмді дамыту мақсатында Германияның Lernidee Erlebnisreisen туристік компаниясы мен «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы бірлесіп, «Orient Silk Road Express» атты туристік чартерлік пойызы жолға шықты. Бұл туралы Rail-news.kz ҚазАқпарат сілтеме жасап хабарлайды.

Пойыз Алматы – Ташкент – Қамаши – Китаб – Самарқанд – Хиуа – Бұхара – Ходжент – Ташкент бағыты бойынша қозғалады.

Аталған чартерлік пойыз Франция, Нидерланды, Бельгия, АҚШ, Германия, Австрия, Ұлыбритания және Канада туристеріне қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,6 млн шетелдік азаматтар Өзбекстанға туристік мақсатпен келген.