Өзбекстан 2025 жылға дейін 44 жаңа пойыз сатып алмақ

Әлемде
26.10.2022, 10:25
Оқуға 1 мин
фото с сайта Podrobno.uz

Өзбекстан 2023-2024 жылдары жоғары жылдамдықты төрт испандық Talgo пойызын алады, олар Ташкент-Бухар-Хиуа бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ "Узбекистон темир йуллари" мекемесі 34 электрмен жүретін және 6 дизельді пойызды сатып алмақ. Бұл туралы Самарқанда өткен Discovering Uzbekistan туристік конференцияда теміржол компаниясының өкілі Фозил Шәріпов айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Жүрдек пойыздар ежелгі Хорезмнің соңғы билеушісі әрі қолбасшы болған Жалолиддин Мангубердидің есімімен аталады. Әр пойыз 11 вагоннан тұрады, олар айына 71 мың адамды тасымалдайды деп жоспарланып отыр.

2023-2025 жылдар арасында 34 электр және 6 дизельді пойыз сатып алу жоспарда бар. Олар мына бағыттар бойынша жүреді:

• Ташкенттен Келес, Бекабад, Ходжикент, Ангрен, Жизақ және Гүлістан

• Самарқандтан Шахрисабз, Жизақ, Бухар және Карши

• Бухардан Хиуа мен Карши

• Нүкіс-Хиуа бағыты бойынша Науаи-Бухар, Термез-Сариосиё, Қоқанд-Әндіжан, Әндіжан-Ханабад, Наманган-Әндіжан.

Өзбек компаниясының өкілі өз сөзінің соңында шетелдік елшілерді осы мәліметті елдеріндегі компанияларға жеткізуге және оларды жаңа пойыздарды сатып алу бойынша тендерлерге қатысуға шақырды.

Сондай-ақ дипломатиялық корпус назарына Orient Silk Road Express – Орталық Азиялық Orient Express халықаралық туристік пойызы туралы ақпарат ұсынылды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды