Германия Федералды Көлік министрлігі (BMDV) климатты қорғау қорынан елдің темір жолдарын дамытуға қосымша 12,5 миллиард еуро бөлетінін және ілеспе трансформация процестеріне қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Сондай-ақ, Неміс темір жолы бұл мақсатқа несие арқылы алынғалы отырған 3 млрд еуроны да қоспақ.
Бұған дейін 2024 жылға арналған федералдық бюджет жобасында темір жолды қолдауға 11,5 миллиард еуро қарастырылған. Бұл қаражат автожолмен жүретін жүк көліктері төлеген қаражат есебінен іске асырылмақ.