Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады

Әлемде
26.08.2026, 09:53
Оқуға 1 мин
Сурет: Болгария көлік министрлігі

Болгарияда Skoda Group компаниясы шығарған алғашқы электропойыздар өңірлік бағыттарда қатынай бастады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

14 тамызда төрт вагонды сегіз құрам пайдалануға берілді. Алдағы күндері 2024 жылы тапсырыс берілген 20 пойыздың барлығы желіге шығарылады деп жоспарланып отыр.

Пойыздар Skoda Group-тың 7Ev (RegioPanter) платформасы негізінде жасалған. Олар 25 кВ айнымалы ток желісінде сағатына 160 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүре алады. Әр құрамда 333 орын бар.

Салонда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға, балалар арбасы мен велосипедтерге арналған арнайы орындар қарастырылған. Сондай-ақ пойыздар жолаушыларды ақпараттандыру және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Болгарияның Көлік және байланыс министрлігімен 20 пойыз жеткізу туралы келісім 2024 жылы жасалған. Кейін тағы бес құрамға опцион іске қосылды. 25 пойыздың жалпы құны, оның ішінде 15 жылдық техникалық қызмет көрсетумен 326,7 млн еуроны құрайды.

Пойыздар Чехияның Пльзень қаласындағы зауытта өндірілген. Қалған бес құрамды Болгарияға қыркүйекке дейін жеткізу жоспарланған.

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр