Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді

Әлемде
27.08.2026, 09:38
Сурет: ашық дереккөзден

Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы жолаушылар тасымалына шығарылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

CR200J моделіндегі алты вагоннан тұратын пойыз тамыз айының ортасында іске қосылған ұзындығы 11 шақырым жаңа теміржол желісінде қатынай бастады. Бұл бағыт Үргеніш халықаралық әуежайын Хиуа теміржол станциясымен байланыстырады. Пойыздың алғашқы рейсіне Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те қатысты.

Пойыз шамамен 400 жолаушыға арналған. Оның пайдалану жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетеді. Вагондарда VIP, бизнес және эконом-класс орындары қарастырылған. Сонымен қатар кондиционер және жылыту жүйелері орнатылып, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Жаңа бағыт жыл сайын шамамен 650 мың жолаушы тасымалдай алады деп жоспарланып отыр. Жол жүру уақыты шамамен 40 минутты құрайды.

Жобаның жалпы құны 225 миллиард сумға, яғни шамамен 19 миллион долларға бағаланған. Қаражат тек теміржол желісін салуға ғана емес, станция, көпір, автомобиль жолдарымен қиылысатын өткелдер және 25 су өткізу құрылыстарын тұрғызуға жұмсалған.

Айта кетерлігі, Өзбекстанның CRRC компаниясымен осы пойыздарды жеткізу жөнінде келісім жасағаны бұған дейін ресми түрде жарияланбаған.

CR200J Fuxing платформасындағы пойыздар Қытайда 2019 жылдан бері пайдаланылып келеді. Құрамның ерекшелігі сол, оның бір шетінде қозғалтқышы бар бас вагон, ал екінші шетінде басқару кабинасы орналасқан. Осылайша пойызды әр бағытта локомотивті қайта тіркемей-ақ жүргізуге мүмкіндік бар.

Өзбекстан CR200J пойыздары экспортталған Қытайдан тыс екінші мемлекет атанып отыр. Қазір CRRC Малайзияның болашақ East Coast Rail Link теміржол желісі үшін осындай 11 пойыз жеткізу жөніндегі келісімшартты жүзеге асырып жатыр.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты