Жамбыл облысында қараша айында 28 мыңнан астам тонна көмір тасымалданды

Жүк тасымалы
27.11.2023, 15:29
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Бүгінде елді мекендерді газдандыру қарқынды жүргізіліп жатқанымен, әлі де теміржолдағы жүк тасымалының негізгі бөлігін көмір құрап отыр. Былтыр ҚТЖ бойынша көмір тиеу көлемі 106,7 миллион тоннаны құраған. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 800 тоннаға артық.

Жамбыл облысында биылғы жылу маусымында бюджеттік ұйымдар мен облыс тұрғындарының қатты отынға қажеттілігі 212,3 мың тоннаны құрап отыр. Бүгінге дейін жоспарланған көлемнің 60 пайыздан астамы жеткізілген.  

Бөлімше бойынша тек қараша айының екі аптасында 414 вагон, 28216 тонна көмір тасымалданған. Жаңатас станциясына – 28 вагон 1934 тонна, Маймаққа –  97 вагон 6634 тонна, Бірлікке – 20 вагон 1372 тонна, Сарышағанға – 10 вагон 207 тонна, Түрксібке – 8 вагон 551 тонна көмір жеткізілген.  

Он бес күнде тасымалданған жүк көлемінің есебіне жүгінсек, Бурыл станциясында 36 вагон 2403 тонна, Мыңаралда – 29 вагон 2030 тонна, Таразда – 6 вагон 398 тонна, Шу станциясында – 186 вагон 13085 тонна көмір бар.

Бір айта кететіні, Жамбыл облысында Байзақ, Жамбыл, Талас және Мойынқұм аудандарында теміржол тұйықтары бар көмір сатумен айналысатын нарықтық субъектілер жоқ. Сондықтан бұл ауданның тұрғындары қатты отынды Тараз және Шу қалаларынан сатып алып, әрі қарай жүк көліктерімен тасымалдауда.

Облыста көмірді тікелей сатумен 31 нарық субъектісі айналысады. Оның 24-і өңірлік операторлар. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тұңғатовтың айтуынша, қоймаларда көмір тапшылығы жоқ. Өңірге көмір тиеген вагондар тапсырысқа сай үздіксіз жеткізіліп жатыр.

«Шұбаркөл және Қаражыра маркалы көмірдің құны сортына қарай 16 мыңнан 19,5 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Бұл сома теміржол станциясынан шалғайдағы елді мекендерге тасымалдау шығынын есепке алсақ, құны бір тонна үшін шамамен төрт-бес мың теңгеге өсуі мүмкін», – дейді Д.Тұңғатов.

Өңірде өткен жылмен салыстырғанда облыста көмір тұтыну көлемі 10,6 мың тоннаға төмендеген. Себебі былтыр Жамбыл облысында тағы 17 елді мекен газдандырылған.

Айта кету керек, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша интерактивті деректер базасы бар. Онда кіреберіс жолдардың техникалық сипаттамасы, жүк түсіру қуаты, ЖЭО қоймаларында көмірдің болуы туралы мәліметтер жинақталған. Сондай-ақ көмір өндіру орындарындағы тиеу жоспары мен жұмыс тәртібі туралы ақпараттар жаңартылып отырады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды