Трансшекаралық хабтар дамиды

Жүк тасымалы
18.12.2024, 11:46
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен аптада Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды. Соның ішінде бес ірі көлік-логистикалық хабты жаңғырту барысы талқыланды.  

Көлік инфрақұрылымын жаңғырту, халықаралық дәліздерді дамыту және кедендік рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады. Ол Каспий торабын дамыту аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын хабарлады. Ақтау портында контейнерлік хаб салу бойынша жобаны іске асыру басталды. Жұмыстың аяқталуы келесі жылдың соңына жоспарланған. Оны іске асыру порттың өткізу мүмкіндігін жылына 250 мың ЖФБ-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрық портына келетін болсақ, биыл қуаты жылына 1 млн тонна болатын жаңа астық терминалы іске қосылды.  

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Премьер-министрге Маңғыстау облысындағы Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хабтар мен Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары әуежайларында мультимодальды әуе хабтарын құру пысықталып жатқанын айтты. Үкімет басшысы Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік және Транскаспий халықаралық көлік бағыты дәліздері әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігіне тоқталды. Себебі олар Қытай, Парсы шығанағы елдері, Кавказ және Еуропа нарықтарына шығуды қамтамасыз етеді. Қазақстанда бес хабты толық іске қосу жүктерді өткізу уақытын қысқартуға, өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыруға және салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвестициялар мен технологияларды тартып, маңызды жобаларды іске асыруға, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға жол ашылады.

Отырыста Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да баяндалды. Жоба Semurg Invest компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Сыйымдылығы жоғары астық терминалын, жалпы жүк терминалын, әмбебап терминал мен сұйық жүк терминалын іске қосу жоспарланып отыр.

– Маңғыстау облысы арқылы стратегиялық маңызы бар екі мультимодальды дәліз өтеді. Олар – Транскаспий халықаралық көлік бағыты және Солтүстік-Оңтүстік дәлізі. Көлік әлеуетін толық ашу үшін өңірдің теңіз порттарындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдап, «Каспий торабының» терминал қуатын арттыру қажет. Бұл жобалар елімізге Каспий жағалауындағы серіктестерімен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді, – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр трансшекаралық хабтарды қалыптастыру барысында жоспарлы нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық ресурстарды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды. Өзбекстанмен шекарадағы «Орталық Азия» хабы жобасының өзі темір жолдың өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Ақтау портында контейнерлік хаб құру жүкті ауыстырып-тиеу көлемін жылына 92 мыңнан 300 мың контейнерге дейін ұлғайтуға жағдай жасайды.  

– Жалпы, хабтар жүйесі біздің сауда серіктестерімізбен біртұтас сауда-көлік кеңістігін қалыптастыруы тиіс. Бұл – мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай арттырып, көршілес елдермен стратегиялық қарым-қатынасты нығайта түседі, – деп атап өтті Премьер-министр және осыған байланысты тиісті министрліктерге бірқатар тапсырма берді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты