Вагондардан жүк ұрлағандар жауапқа тартылуда

Жүк тасымалы
19.12.2024, 12:58
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол көлігі тасымалындағы өзекті мәселе – жүк және жолаушылардың қауіпсіздігі. Ел шығысындағы теміржолшылар үшін де 726 шақырымды құрайтын желі бойындағы тасымалданатын жүктердің діттеген жерге мерзімінде қауіпсіз және бүтін жетуі болып тұр.    

Алаңдауға негіз жоқ емес. Биылғы жылы аймақ бойынша вагондардан жүк ұрлаған бес ұйымдасқан қылмыстық топ жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде іздері суымай қолға түсті. Жүк пойыздарындағы ұрлық-қарлыққа есеп жүргізер болсақ, жалпы көлемі 16 млн 550 теңгеден асатын мүлікке қол сұғылған. Суыққолдылардың алды заң алдында нақты жазаға тартылды. Міне, осындай фактілер теміржолда қырағылықты арттыра түсуді міндеттейді.    

Жауапты мамандардың айтуынша, жылжымалы құрамдардан көбінесе тас көмір, түсті металдар, т.б. ұрланады екен. Бұл орайда жергілікті ӘТЖК филиалы мен желілік полиция қызметкерлері сақтық шараларын барынша күшейтіп, желі бойындағы қылмыстардың алдын алу жұмыстарын арттыруда. Түрлі айлықтар мен акциялар өткізілуде.

Қолға алынған жұмыстардың нәтижесі жаман емес. Жолаушылар вокзалдары мен перрондардағы және желі бойындағы қауіпсіздік шараларына айрықша назар аударылуда. Бөлімше аумағынан тәулік сайын өтетін 20 жолаушылар пойыздарындағы қоғамдық тәртіп те қатаң назарда тұр. Соның себебінен болар, ағымдағы жылы жалпы саны 3 мыңнан аса ірілі-ұсақты құқықбұзушылықтар тілкеліпті. Анықталған істер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданған.

Тоқтала кетсек, өткен 11 айдың ішінде 3292 әкімшілік іс қозғалған. Оның ішінде жылжымалы құрамды шұғыл тежеу фактілері жеке тексеріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Оқиға орнына жеткен теміржолшылар мен желілік тәртіп сақшылары мәселенің мән-жайына тереңнен үңіледі. Мақсат – адам мен мал шығынына жол бермеу, қайғылы оқиғалардың алдын алу. Уақыт пен жанармай шығынына алып келетін мұндай жайттардың қайталанбауы бойынша тиісті шаралар қабылдау.

Десек те, желі бойындағы ең жиі тіркелетін құқықбұзушылық түрі –қоғамдық орындарда, вокзал мен перрондарда, тіпті пойыз вагонында ішімдік ішу, белгіленбеген жерлерге темекі шегіп, тұқылын, шемішке қабығын, қоқыс тастау сынды жайттар болып отыр.  

Сонымен қатар желі бойын рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен, станция басына келіп тоқтаған жылжымалы құрамдардың астымен өткен тұрғындармен де жұмыстар жүргізілуде. Бұл орайда жыл басынан осы кезеңге дейін 2 300 арнайы хаттама толтырылып, айыппұл салыныпты.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды