Ақтөбеде жолсеріктердің кәсіби деңгейіне баса мән беріледі

Сұхбат
26.04.2022, 13:02
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Жолаушылар тасымалы» АҚ соңғы жылдары сервистік қызмет сапасын арттыруға күш салуда. Ұлттық тасымалдаушы қызметінде қандай жаңалықтар мен өзгерістер бар? Жылжымалы құрамды жаңартуға бағытталған жұмыстар нәтиже берді ме? Біздің сауалымызға «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалының Ақтөбе телімі бойынша басшысы Нұрбек Қуатов жауап береді.

– Карантиннен кейін қайта жанданған жолаушылар тасымалында ең алдымен пойыздардағы сервисті жақсарту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынды. Ақтө- бе телімінде вагондардың ішін тазалаумен айналысатын "СК Керемет"деген үлкен компаниямен келісімшартқа отырдық. Сонымен қатар, төсек-орын сапасы да жақсара түсті. Бұл жерде де арнайы компаниямен келісім-шартқа отырдық. Төсек сапасы жоғары матадан тігілген, таза және оларда пайдалану мерзімі мөрмен көрсетіліп тұрады, – дейді Нұрбек Қуатов.

– Сервистік қызмет сапасы жақсарғаны әрине қажеттілік, ал жолсеріктерге қойылар талап ше, өзгерді ме?

– Жолаушылар тасымалы қызметін ұйымдастырып отырған Ақтөбе телімінде 500-ге жуық қызметкердің 464-і – жолсерік. Әрине, жолаушылармен тікелей байланыс жасап, бірге сапарлас болатын жолсерікке қойылар талап қашан да жоғары. Жолсеріктер қызметін жаңа деңгейге көтеру қажеттілігі бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Ұқыптылығы, өзін ұстауы, сөйлеу мәдениетіне дейін көңіл бөлінеді. Жолаушыға жағымды әсер қалдыра білуі керек. Биыл барлық жолсеріктер жаңа формамен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар оларға сервистік жұмыстарды жақсартуға бағытталған техникалық сабақтардың саны арта түсті. Осының бәрі, сайып келгенде, жолсеріктер қызметін жетілдіру, жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

– Жолсерік пен жолаушы арасындағы байланыс, коммуникация туралы не айтар едіңіз?

– Жолсеріктер жолға шығар алдында міндетті түрде жедел жиынға қатысады. Жолаушылармен мәдениетті қарым-қатынасты сақтау, шиеленіскен жағдайларда ашуға бой алдырмай шешу ескертіледі. Арнайы нұсқаулықта осыған басымдық беріледі. Жолаушыларға жылы қарап, үлкендерге, мүгедектерге көмектесу секілді қанға сіңген қасиеттерімізді ұстану қажет. Сапар кезінде әр жолсерік осындай құндылықтарды ұстанып, жолаушыларға ұлттық мәдениетімізбен қызмет көрсетсек, одан тек ұтатынымыз анық.

– Жолсерік мамандығына қызығушылық неден туындайды?

– Жолсеріктердің әлеуметтік жағдайы назардан тыс қалған емес. Компания ұсынған әлеуметтік көмектерден бөлек биыл жолсеріктердің жалақысы 40 мың теңгеге өсті. Жолсеріктердің көңіл күйін жақсартады. Біліктілігін арттыру бойынша семинарларға тұрақты қатысады. Байқасаңыз, бұрынғы- дай жолаушы вагондарында өріп жүретін «қояндар» жоқтың қасы.

– Демек?

– Демек, жолсеріктердің жолаушы қызметінің мәдениетіне үйреніп, адал жұмыс істеуге ден қоя бастағаны, сонымен қатар бұрынғыдай емес, жалақылары өскесін билетсіз жолаушы алып, басы дауға қалғанша, тыныш жұмыс істеп, барды қанағат еткенді дұрыс көреді.

– Жолаушы вагондары паркінің жай-күйіне тоқталсаңыз.

– Бүгінде Ақтөбе телімінде 200-ден аса вагон бар. Бәрі де жарамды, жоспарлы түрде жөндеуден өтіп тұрады. Мұндағы вагондардың дені – 2007 жылы шығарылған қытай вагондары. Олар әлі де 20-30 жыл қызмет көрсетеді деген жоспар бар. Қазіргі уақытта Маңғыстауға қарай жаңа вагондар келіп жатыр. Ақтөбенің өзінде дені қытай елінен шыққан сапасы жоғары вагондар бар. Әйелдер вагоны да қолданыста. Вагон паркі тұрақты жаңарып жатыр. Биылдыққа 50-60 вагон жаңарды.

– Тазалық жұмыстарын жүргізетін клининг компанияларға көңіл тола ма?

– Сервистік қызметке көп көңіл бөлініп жатыр. Соған орай «Жолаушылар тасымалы» компаниясы клинингтік компаниялармен байланысты нығайтты. Өйткені, сервис дегеніміз ең алдымен ол – тазалық. Вагонның іші мен сыртының тазалығына үлкен көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан жолаушылар пойызына санитарлық гигиеналық құралдармен жабдықтау мен ішкі клининг жұмыстары жанданған.

– Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

– Алдағы уақытқа жоспар көп. Жолсеріктердің білімін арттыруға көңіл бөлініп, бірқатар бағдарламаларды қарастырып, техникалық сабақтардың ауқымын кеңейтуді қолға алмақпыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жолсеріктердің вагонның ішкі құрылысын толық білуі талап етіледі. Кай жерден ақау кеткенін, нені алмастыру керектігін білгені дұрыс деп ойлаймыз. Жолаушылар тасымалы қызметінде алдағы уақытта әмбебап жолсеріктер жұмыс істегенін қалаймыз. Бұл – уақыт талабы.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?