Орта дәліз: ауқымды жұмыс атқарылды

Сұхбат
19.01.2024, 10:24
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан – Қытай, Каспий теңізінің акваториясы, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қара теңіз және одан әрі Еуропа елдері арқылы өтетін Орта дәліздің құрлық учаскесінің көп бөлігін қамтиды. Сондықтан Қазақстан үшін Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) стратегиялық маңызы зор. Осы орайда ТХКБ-ның болашағы хақында «KTZ Express» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Дамир Қожахметовті әңгімеге тарттық.

– Мемлекет басшысы Орта дәліз қатынасы – ТХКБ-ны жаңғыртуға басымдық беріп отыр. Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?  

– Әрине, ҚТЖ компаниясы ТХКБ дамуына ерекше мән беріп отыр және оның дамуымен байланысты кез келген бастамаларды қолдайды. Осы ретте бұл бастамаларды үш бағытқа бөлуге болар еді. Біріншісі – бұл қатысушы теміржол әкімшіліктерімен ынтымақтастық. Екіншісі – инфрақұрылымды дамыту. Үшіншісі – шетелдік серіктестермен ынтымақтастық. Бірінші бағытқа келетін болсақ, өзара белсенді іс-қимыл Әзербайжан мен Грузияның теміржол әкімшіліктерімен бірлесіп ҚТЖ құрған ТХКБ қауымдастығы шеңберінде жүзеге асырылады. Біз қауымдастықтың жұмыс кездесулерінде бағдарды дамыту мәселелерін талқылаймыз, оның ішінде жыл сайын тарифтік шарттар белгіленіп, сондай-ақ тарифтерді есептеу және контейнерлерді орналастыру туралы ақпарат алмасу үшін цифрлық платформа құру жайы пысықталады. Сонымен қатар Халықаралық Транскаспий Көлік Консорциумы құрылғанын айтар едім. Консорциум логистикалық өнімдерді әзірлеумен, клиенттерді іздеумен, жүк ағындарын тартумен, сондай-ақ шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты жолға қоюмен айналысады, ал тасымалдарды тәулік сайын бақылау бірыңғай виртуалды диспетчерлік орталық арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылы 26 қазанда Тбилиси қаласында Қазақстан, Әзербайжан және Грузия т/ж әкімшіліктері ТХКБ логистикалық байланыстарын дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі құрылтай құжаттарына қол қойды. Бұл «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге және жеткізудің кепілдендірілген мерзімдері мен құнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру үшін барлық қатысушы елдердің қатысуымен инфрақұрылымды дамыту бойынша келісілген тәсіл әзірленді. Бұл тәсіл 2022 жылдың соңында Үкімет деңгейінде бекітілген TХКБ бағытындағы тар орындарды жоюды көздейді. Қазір бұл жол картасын іске асыру бойынша жұмысты барлық қатысушылар белсенді жүргізуде.  

Ал екінші бағыт инфрақұрылымды дамыту мәселесіне келсек, ТХКБ-ның негізгі буындары Каспий теңізіне шығатын Ақтау және Құрық порттары. Өкінішке орай, қазір біз Каспий теңізінің таяздығын байқап отырмыз. Сондықтан кемелерді тасымалдау мен өңдеуді қамтамасыз ету үшін және порттарға қолжетімділікті жақсарту үшін түбін тереңдету жұмыстары кешенді жүргізілуде. Сондай-ақ Құрық портында астық терминалын салу және бес қосымша айлақ салу жоспарланған. Осы іс-шараларды жүзеге асыру порттардың өткізу қабілетін 27,3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға және контейнер ағынын 2025 жылға қарай 40 мыңнан 300 мың ЖФЭ-ге дейін өсіруге мүмкіндік береді.  

ТХКМ-ның бір бөлігі болып табылатын Алматы торабының жүктемесін азайту үшін «Достық – Мойынты» учаскесінде және Алматыны айналып өтетін «Жетіген – Қазыбек бек» т/ж желісінде екінші жол салу жұмыстары басталды. Жобалар елдің оңтүстік-шығыс бөлігінің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға, тәулігіне 12-ден 60 жұп пойыз өтуін ұлғайтуға, сондай-ақ транзиттік уақытты 1 күнге төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ақтау портындағы контейнерлік хаб жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталды, бұл Каспий өңірі мен Орталық Азия елдері үшін порт аумағында контейнерлік парк қалыптастыратын болады. Осы мақсатта біз қытайлық Порт-Ляньюньган компаниясы атынан шамамен 43 млн доллар көлемінде инвестиция тарттық, тиісті келісімге ағымдағы жылдың қараша айындағы «Бір белдеу, бір жол» форумында қол қойылды. Жалпы, бұл жобаны іске асыру контейнерлерді ауыстырып тиеу бойынша қызметтердің толық спектрін көрсетуге мүмкіндік береді, олардың көлемі 2025 жылы 92 мың ДФЭ-ден 2034 жылға қарай 200-300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғаяды деген болжам бар. Сонымен қатар Ақтау теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейте бастадық, яғни Ақтау теңіз солтүстік терминалы салынды. Бұл терминалда жылына 1 млн тонна астықты ауыстырып тиеуге мүмкіндік беретін ірі астық кешені, сондай-ақ жылына 2 млн тонна негізгі жүктерді ауыстырып тией алатын контейнерлік алаң мен жүк кешені бар. Ең бастысы, терминал жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейді.  

Үшінші – халықаралық ынтымақтастық бағытына келсек, Мемлекет басшысының Қазақстан нарығына контейнерлік порт терминалдарының ірі әлемдік операторларының бірі – сингапурлық PSA International компаниясын тарту жөніндегі тапсырмасына ерекше назар аударғым келеді. Тапсырманы орындау аясында ҚТЖ компаниясы PSA International компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрды. Бұл ынтымақтастық PSA тәжірибесі мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етумен қатар, тасымалдау географиясын кеңейтіп, қазақстандық көлік дәліздерін әлемдік хабтармен біріктіреді. Бұл кәсіпорынның басты мақсаты – транзиттік жүк тасымалының өсуіне ықпал ететін ТХКБ-ның дамуына жәрдемдесу.  

– Жалпы осы Орта дәліздегі теміржол қатынастары қаншалықты реттелген? Қандай маңызды жүктер тасымалданады және уақыт үнемдеу жағы қалай?

– Бүгінде ҚТЖ жүргізген ТХКБ көлік процестерін оңайлату жұмыстары арқасында жеткізу мерзімі 53 күннен 18-23 күнге дейін қысқартылды. Маршруттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта мерзімдерді 10-15 күнге дейін қысқарту жоспарлануда, бұл теңіз жолымен жеткізу мерзімінен (35-45 күн) едәуір төмен. Бағдардың тартымдылығын және жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру үшін контейнерлер санына қарамастан жеткізу мерзімі 12-ден 15 күн аралығын құрайтын Алтынкөл – Поти/Батуми бағыты бойынша белгіленген кестеге сәйкес аптасына үш рет қатынайтын контейнерлік шаттл-пойыз іске қосылды. Сондай-ақ былтыр тамыз айында Поти/Батуми – Констанца/ Бургас бағыты бойынша тұрақты фидерлік қатынастарды іске қосу арқылы Қара теңіз қызметі кеңейтілді. Алтынкөл станциясында контейнерлерді 12 сағат ішінде тиімді қайта тиеу жүзеге асырылса, ал Алтынкөл – Ақтау порты учаскесінде контейнерлердің өтуі кесте бойынша 90 сағатты құрап отыр. Шаттл-сервистің фидерлік кемелеріне басымдық берілгендіктен, контейнерлерді кемеге небәрі 24 сағат ішінде ауыстырып тиейді. Енді теміржол көлігімен тасымалданатын жүктер номенклатурасына келсек, ол өте кең. Егер стратегиялық маңызды жүктер туралы айтатын болсақ, олар – энергетикалық шикізат, негізінен көмір, мұнай өнімдері және өнеркәсіптік материалдар. Жалпы, транзиттік қатынаста көліктердегі ең үлкен үлес машиналарға, жабдықтарға, ағашқа, бидайға тиесілі. Сондай-ақ минералдар, астық, мұнай және мұнай өнімдері сияқты сусымалы және құйылатын жүктер де көп. Өткен жылы ТХКБ арқылы бірқатар ірі қазақстандық компаниялар экспорттық қатынастарда өз өнімдерін жөнелте бастады.  

– Орта дәліз арқылы тасымалданатын жүктер жолда бөгелмеу үшін тасымалдау жұмысын цифрландыру, кедендік бақылау мен қағазбастылықты азайту аса маңызды. Осыған қатысты қандай шаруалар атқарылуда?

– Қазіргі уақытта цифрландыру – бүкіл әлемді қамтыған әлемдік тренд, прогресс қозғалтқышы. Сондықтан көптеген мемлекеттің осы процеске қатты мән беретіні орынды. Енді көлік-логистика саласындағы цифрландыру мәселесіне келетін болсақ, бұл ең алдымен клиенттік қызметті автоматтандыру. Яғни, бұл бағыттың фокусы – процесті оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету. Біздің компаниямызда тасымалдау процесінің барлық ақпараттық жүйелері бір-бірімен интеграцияланған кеңейтілген ІТ-экожүйеге енгізілген және табысты жұмыс істеуде. Клиенттермен өзара іс-қимыл рәсімдерін жеңілдету үшін компанияда ЭЦҚ арқылы шарттар жасасу және оларға қол қою процесін автоматтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жобаның нәтижелері қазірдің өзінде оң қарқынды көрсетіп отыр, шарттар жасасудың орташа уақыты бірнеше есе қысқарды. Цифрландырудың екінші бағыты – Қазақстан шеңберінде де, шетелдік әріптестермен де тасымалдау процесіне қатысушылар арасында электрондық өзара іс-қимыл құру. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде «KTZ Express» АҚ – «Теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымының ұлттық сегментін құру» іс-шарасын өткізу операторы ретінде айқындалды. Біз Ақтау және Алят (Әзербайжан) теңіз порттарының ақпараттық жүйелері, сондай-ақ KTZ Express жүйесі мен Ақтау порты жүйесі арасындағы интеграцияны сәтті өткіздік. Бүгінгі күні трансшекаралық теміржол құжаттарын ресімдеуді электрондық түрге көшіру үшін жекелеген қытайлық компаниялармен кешенді сервистік платформаны интеграциялау жүзеге асырылды. Жақын арада KTZ Express-ті тасымалдау бөлігінде ақпарат алу және алмасу бойынша ҚХР-дың ірі логистикалық платформаларымен интеграциялау аяқталады деп күтілуде.  

Тасымалдауды ұйымдастыру және қадағалау және оны кейіннен ҚХР маркетплейстерімен интеграциялау бойынша электрондық ақпараттық жүйені әзірлеу аяқталуға жақын. Бұдан басқа, контейнерлік тасымалдау бойынша жоспарларды қалыптастыру және келісу автоматтандырылған. Бұл ҚХР – ЕО – ҚХР бағытындағы транзиттік тасымалдар жөніндегі жоспарды келісудің бизнес-процесін жақсартты. Сондай-ақ компанияның веб-порталында транзиттік маршрутта көмірқышқыл газының шығарындыларын өлшеуге мүмкіндік беретін «СО2 калькуляторы» жобасы енгізілді. Кедендік-брокерлік қызметтерді онлайн-іске асыру қолжетімді болды. TХКБ-ны цифрландыруға келетін болсақ, қазіргі уақытта теміржол әкімшіліктері арасындағы «өзара цифрлық әрекеттесу» арқылы контейнерлердің нақты орналасуын анықтауға және тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған цифрландыру тұжырымдамасы пысықталуда.

 

Жүк тасымалы
06.12.2024
ҚТЖ өкілдері астық форумына қатысты
Жүк тасымалы
06.12.2024
ТМТМ: ҚР мен ҚХР шекарасында транзиттік жүктерді ресімдеудің цифрлық платформасы іске қосылды
Жаңалықтар
06.12.2024
ҚТЖ-да қауіпсіздік жөніндегі VI Форум өтті
Жаңалықтар
06.12.2024
ТХКБ дәлізі арқылы Қытайдан литий-ионды батареялар тасымалданбақ
Жаңалықтар
06.12.2024
Жақында «Магистраль Awards-2024» жүлдегерлері анықталады
Әлеумет
06.12.2024
Қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы өтті
Қауіпсіздік
06.12.2024
Басты мақсат – «нөлдік травматизм»
Аймақтар
06.12.2024
Тәлімді тренинг Қызылордада жалғасты
Жүк тасымалы
06.12.2024
KGLF-2024: Астық логистикасы сөз болды
Жаңалықтар
06.12.2024
Аймақ ахуалын сарапқа салған сапар
Жаңалықтар / Мұрағат
06.12.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №103 06 желтоқсан 2024 жыл
Әлеумет
05.12.2024
Көлік полицейлері жыл басынан бері 80 мыңнан астам құқық бұзушыны анықтады
Инфрақұрылым
05.12.2024
Алматы облысында айналма жолдың алғашқы рельстері төселді
Аймақтар
05.12.2024
Осы жылдың 10 айында Ақтөбе арқылы 18 544 транзиттік пойыз жүріп өтті
Әлеумет
05.12.2024
Маңғыстау темір жолында жиырмадан астам модульдік үй бой көтерді
Жаңалықтар
04.12.2024
ҚТЖ басшылығы Алматыны айналып өтетін теміржол желісі құрылысының жұмысымен танысты
Жолаушылар тасымалы
04.12.2024
Елімізде биыл пойызбен 21 миллиондай жолаушы тасымалданды
Инфрақұрылым
04.12.2024
Жаңаарқа торабының электр жабдықтарын жаңғыртудың маңызды кезеңі аяқталды
Әлемде
04.12.2024
Wabtec сутегі-дизельді қозғалтқышты сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
04.12.2024
Осы жылдың 10 айында Ақтау порты арқылы 4,2 миллион тонна жүк тасымалданды