Бәрі де қауіпсіздік үшін...

Сұхбат
16.06.2017, 17:14
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі басталды. Елордаға  жан-жақтан ағылған жолаушылар легінің басым бөлігі темір жол көлігіне иек артады. Осыған орай Астана вокзалының бастығы Ғани Меңдібаевты сөзге тартып, қаланың бас қақпасы күрт артып отырған жолаушы нөпіріне дайын ба, тексеру жұмыстары, т.т. мәселелер төңірегінде әңгімелескен едік.

– Ғани Мақсотұлы, халықаралық көрменің ашылуын қала қақпасы қандай дайындықпен қарсы алды? 

–ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстары еліміздің барлық ірі вокзалдарында жүргізілді. Солардың қатарында Астана вокзалы да бар. Вокзал ғимараты ағымдық жөндеуден өтті, перрондардың кеспетастары алмастырылды. Эскалатор үздіксіз жұмыс істеп тұр, оның жұмысын қадағалаушы механиктер ауысыммен жұмыс істеуде. Ана мен бала бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелер жұмыс істейді. Шетелдіктерге қолайлы болу үшін маңдайшалардағы жазулар үш тілде жазылған, тағысын тағы көп дайындық жасалды.

– Естуімізше, жуырда Елбасы Астана вокзалына ескертпей келіпті ғой...

–Иә, бұл бір есте қаларлық оқиға болды. 25 сәуірде Елбасы Астана вокзалына келді. Менен «темір жолда жұмыс істеп жатқаныңа қанша болды?» деді. «Нұрсұлтан Әбішұлы, мен сізді 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдығында қарсы алғанмын» дедім. Ол кісі бірден есіне түсірді. Сосын Елбасымызға вокзалды аралатып көрсеттім. Перронға шығып, халықпен кездесті. Вокзалдың тазалығына, жолаушыларға көрсетіліп жатқан сервиске көңілі толып, жұмысымызға жоғары баға берді. «Темір жолда әскери тәртіп бар ғой. Сол тәртіп бұзылмаса, жұмыс та жақсы жүрмек. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!» деді. Елбасының сөзіне  ұжым болып марқайып қалдық, бізге артылған сенім мен жауапкершілікті сезіндік.

– Астана вокзалына жолаушыларды тексеріп өткізетін жабдықтың орнатылғанына екі айдай уақыт өтті, нәтижесі қалай?

–1994 жылы қабылданған «Лаңкестікке қарсы әрекет туралы» заңға сәйкес 2013 жылы Үкімет қаулысымен террорлық әрекеттерге осал нысандар тізімі бекітілді. Солардың қатарына темір жол вокзалдары да кірді. Ал 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап 24-1 бабының «Тексеру» талабы күшіне енді, онда көлік инфрақұрылымы нысандарына кіріп-шығатын тұлғалар мен жолаушыларды, олардың қол жүгін, багажын, өздерін тексеріп өткізу процедуралары жазылған болатын. Міне, осы заң талабына сәйкес вокзалдарда жолаушыларды, олардың багажын, қол жүгін тексеріп өткізу жүйесі алдымен Алматы-1, 2 вокзалдарына, ал 1 сәуірден бастап Астана вокзалына енгізілді. Екі айдан астам уақыт өтті. Қазір адамдардың көзі ашық, жолаушылар тексеріп өткізудің өздері үшін, қауіпсіздік үшін керек екенін жақсы түсінеді. Жолаушылар  тарапынан наразылық туындап, шағым түскен жоқ. Тәулігіне орта есеппен біздің вокзалдан 7-8 мың адам тексеріледі.

– Вокзалда жаппай тексеру елімізде жоғары қауіпті жағдай туындағанда ғана жүргізіліп, ал қалған жағдайда іріктеу арқылы жүргізіле ме?

–Қазақстанда террорлық қауіптің үш деңгейі анықталған: орташа  – «сары», жоғары – «қызғылт сары»  және қиын – «қызыл». «Лаңкестікке қарсы әрекет туралы» ҚР заңына сәйкес жолаушыларды, қол жүгін және багажды бүтіндей тексеру террорлық қауіптің «қызғылт сары» және «қызыл» деңгейі туындаған жағдайда жүргізіледі. Ал орташа «сары» деңгейі жарияланған жағдайда, таңдап тексеру жүргізілмек. Таңдап тексеру принципі  жолаушылар және оларды шығарып салушылардан немесе олардың багаждарынан күдік туындағанда  жүргізілетін болады.

– Өткен екі ай ішінде тексеру жабдықтарының көмегімен қандай да бір келеңсіз жағдайлар анықталды ма?

–Жоқ, бір-екі оқиға адамдардың заттарын ұмыт қалдырып кеткеніне, сосын суық қару түріне жататын қолдан жасалған қанжар, пышақ алып шықпақ болғанына қатысты болды. Анау айтқан, қауіп тудыратын оқиғалар тіркелген емес. 

– Мұндай жағдайда қандай әрекетке көшесіздер?

–Күдік тудырған адамды арнайы тексеру бөлмесіне апарып, күзет қызметі мен желілік ішкі істер бөлімі, вокзал кезекшісінің қатысуымен багажды ашып, күдікті зат табылса, оған оған акт толтырылады. Әрмен қарай полиция айналысады. Ал иесіз затты тапқанда вокзалда лаңкестік орталығының қызметкерлері бар, соларды шақыртамыз, кинологтар иттерін жетектеп келіп, полицияның қатысуымен тексереді, қауіпсіз зат болса, оған жаңағы құзырлы орган өкілдерінің, вокзал кезекшісінің қатысуымен акт жасалып, ол жүк сақтау қоймасына белгілі бір уақытқа сақтауға қойылады. 

– Тексеруден өткізу процедуралары жолаушылардың пойыздан кешігіп қалуына әсерін тигізбей ме?

–Негізі, вокзалда тексеруден өтетінін білетіндіктен, жолаушылар пойызға ертерек келгендері дұрыс. Әуежайда ұшаққа отыру үшін бір сағат бұрын келеді емес пе? Вокзалда әуежай сияқты стратегиялық нысан. Сондықтан халық ерте келуге дағдыланғандары дұрыс. Алайда, тексеру жүргізетін темір жол күзеті қызметкерлері де жолаушылардың тексеру жабдықтарынан тез өтіп, пойыздарына кешікпей отыруларына мүдделілік танытуда. Оның үстіне, барлық процедураны сапалы және шапшаң өткізуге вокзалда барлық жағдай жасалған. Астана вокзалының да, жаңа «Нұрлы жол» вокзалының да кіре берісі мен шыға берісіне 8 дана тексеріп өткізу жабдығы орнатылған.

– Демек, Астана вокзалында жолаушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген деуге болады...

–Иә, дәл солай. Вокзалға және оның аумағына барлығы 238 соңғы үлгідегі сандық бейнекамера орнатылған. Вокзал аймағы, перрон түгел бақылауда.

–«Нұрлы жол» вокзалының салынып, қолданысқа берілуі Астана вокзалының жұмысын едәуір жеңілдеткен шығар...

–Әрине, Астана вокзалының аумағы 11 мың шаршы метрді құраса, жаңа вокзалдың аумағы 127 мың шаршы метр. Біздің вокзал тәулігіне 11-12 мың жолаушыны қабылдауға есептелген болса, біз 18-20 мың жолаушыны қабылдап келдік. Енді «Нұрлы жол» вокзалының салынуымен жүктеме азаятын болды. Бұрын Астана вокзалы тәулігіне 35 жұп пойызды қабылдап жататын. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты 50 пойыз қосылып отыр. Сондықтан жаңадан бой көтерген «Нұрлы жол» вокзалы дер кезінде пайдалануға беріліп отыр. Бірақ, атап өтерлігі, «Нұрлы жол» вокзалына баратын және ол жақтан шыққан пойыздардың басым бөлігі Астана вокзалына да тоқтайды. Кейбір жолаушылар пойыздары ғана бізге соқпайды. Сондықтан жұмысымыз бұрынғы ырғақпен жалғаса бермек.

– Әңгімеңізге рахмет, жұмыстарыңыз жемісті болсын...

ҚТЖ келбеті
20.12.2024
Жүзден жүйрік шықты
Жаңалықтар
20.12.2024
Жамбыл өңірінде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүріп жатыр?
Жүк тасымалы
20.12.2024
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі жаңа бағыттарды еңсеріп жатыр
Жаңалықтар
20.12.2024
Келіссөз жүргізу де – өнер
Жаңалықтар
20.12.2024
Жұмысшы мамандығына мәртебе беріледі
Жаңалықтар
20.12.2024
Тиімді коммуникация құра білейік...
Жаңалықтар
20.12.2024
«Үздік ойыншы» – пойыз құрастырушы
Жаңалықтар
20.12.2024
Бірегей жобалар таныстырылды
Жаңалықтар
20.12.2024
Көңілді де тапқырлар клубы
Жаңалықтар
20.12.2024
Болашақ көшбасшылар елордада бас қосты
Жаңалықтар
20.12.2024
Контейнерлік тасымалдың көкжиегі кең
Жаңалықтар
20.12.2024
«Магистраль Аwards-2024» жүлдегерлері анықталды
Жаңалықтар / Мұрағат
20.12.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №106-107 20 желтоқсан 2024 жыл
Жүк тасымалы
19.12.2024
Вагондардан жүк ұрлағандар жауапқа тартылуда
Аймақтар
19.12.2024
Марапатқа лайық жандар
Аймақтар
19.12.2024
Еңбек озаттары құрметке бөленді
Аймақтар
19.12.2024
Үздіктер мерейі үстем болды
Аймақтар
19.12.2024
Жаңа төраға сайланды
Жаңалықтар
19.12.2024
Африкадағы Бисау порты мен Транскаспий көлік дәлізін ұштастыру қарастырылуда
Жаңалықтар
18.12.2024
Алматы облысында қолайсыз ауа райы теміржол көлігінің жұмысын қиындатуда