Мақсат – күзет қызметінің оң имиджін қалыптастыру

Сұхбат
14.01.2025, 08:59
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы. Ғасырдан астам тарихы бар кәсіпорында кәсіби даярлықтан өткен алты мыңнан астам күзетші жұмыс істейді. Олар еліміздің барлық теміржол желісіне бөлініп, тәулік бойы әртүрлі номенклатурадағы жүктерді тасымалдайтын 30 мыңнан астам вагонның діттеген жеріне шашау шықпай, қауіпсіз жетуін қамтамасыз етуде. Серіктестіктің жұмысы, даму бағыты жайында «ӘТЖК» ЖШС Даму департаментінің директоры Саят Мақсұтты әңгіме тарттық.

– Саят Ақанұлы, бір кездері Күзет қызметін Ұлттық компания құрамынан шығару туралы сөз болғанмен, кейін компанияның еншілес ұйымы ретінде қайта құрылды. Бұл қандай жағдайлармен байланысты?  

– Түрлі жағдайлар, қайшылықты ахуал біздің компанияны да айналып өтпеді. 2014 жылдан бастап бәзбір жеке тұлғалар ӘТЖК-ны әлсіретуге, оның теріс имиджін қалыптастыруға және оны ҚТЖ жүйесінен шығаруға жасанды түрде күш салды. ҚТЖ құрылымына кірмейтін компанияларға ӘТЖК күзет қызметтерін ұсынуға заңнамалық шектеу белгіленді. Осылайша, ӘТЖК қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету жолында қажетті техникалық базаны нығайту үшін қосымша табыс табу мүмкіндігінен айырылды. ӘТЖК-ны ҚТЖ құрамынан шығаруға қатысты келісім жасалып та жатты, алайда Қаңтардағы трагедиялық жағдайлардан соң көлік жүйесі үшін нақты қауіп-қатерлер болу ықтималдығы ескеріліп, ұлттық компания құрылымынан ӘТЖК-ні шығару мәселесі тоқтатылды. Алайда 2017 мен 2022 жылдар аралығында ҚТЖ мен ӘТЖК арасындағы маңызды байланыс әлсіреген еді... 2023 жылдың соңында ҚТЖ басшылығы ӘТЖК-де қалыптасқан жағдайды өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Серіктестіктің басшылық құрамы жаңартылды және жедел тиімділікті арттыру, орнықты дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ӘТЖК-нің ҚТЖ жүйесіне қайта кірігуі бойынша міндеттер қойылды. 2024 жылдың басынан бастап осы сын-қатерді қабылдап, біз жұмысқа кірістік. Серіктестіктің проблемаларын сараптап, ӘТЖК командасы процестерге вертикальді енуді жүзеге асырды. Өңірлерге барып, жергілікті жерлердегі процестерді зерттедік, күзетшілердің көзімен күзет процесін жүзеге асыру технологиясын зерделедік. Жоғарыда айтып өткенімдей, біздің серіктестіктегі бір проблема – ҚТЖ құрылымына кірмейтін компанияларға ӘТЖК күзет қызметтерін ұсынуға заңнамалық шектеу қойылуы еді. Ал біздегі тариф саясатына келсек, жүк-коммерциялық операцияларға арналған тариф, оған жүктерге әскерилендірілген сүйемелдеу қызметін көрсету шығыстары кіреді, техникалық даму туралы айтпағанда, тіпті серіктестіктің ағымдағы пайдалану шығындарын өтемейді.  

– Бұл проблемалардың шешу жолдары қандай? Немесе ол бағытта жасалып жатқан жұмыс бар ма?  

– Алдымен біз серіктестікті дамыту стратегиясын әзірледік. Ол бес бағыттан тұрады. Біріншісі – операциялық тиімділік. ӘТЖК – шынында үлкен компания, біздің алдымызда тасымалдарды сақтап, мейлінше жоғалтпау үшін күшіміз бен құралдарымызды тиімді пайдалана отырып, өз қызметіміздің тәсілін қайта қарау міндеті тұрды. Біз диспетчерлеу, атқыштар бөлімшелерінің ұтқырлығы сияқты осал тұстарымызды пысықтауды бастадық. Қызметкерлердің жетіспеушілігіне байланысты біз күштік құрылымдармен ынтымақтастық орнаттық. Қазіргі уақытта күзеттің тактикалық жабдықтары жасалуда. Әлбетте, мұның бәрі компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етпей қолжетімді болмас еді. Бұл күнде жоғарыда айтып өткенімдей, табыстың жалғыз көзі ҚТЖ болып табылады, ал көп дәрежеде (97%) ҚТЖ-Жүк тасымалына тиесілі, сондықтан олардың үдерісіндегі кез келген өзгерістер біздің қызметімізге сыни әсер етеді. Осылайша, биыл ҚТЖ-ның 60%-дан астам тастанды пойыздарды жою бойынша жүргізген жұмысы есебінен кассалық алшақтық болжамы 7 млрд теңге деңгейін құрады. Осыған байланысты біз шығындарды басқару тәсілін қайта қарастырдық. Сонымен қатар тарифтік саясатты қайта қарау жұмыстары басталды. Үшінші бағыт бойынша ҚТЖ-Жүк тасымалына сындарлы тәуелділікті төмендету үшін көлік-экспедиторлық қызметтерді бірлесіп орындаушы ретінде қызметтерді әртараптандыруды, сондай-ақ теміржол желісінің периметрі бойынша жеке ұйымдармен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтитын маркетингтік компания басталды. ҚТЖ объектілерін, Ақтау және Құрық порттарын күзетке қабылдау бойынша жоспар құрылды. Төртіншіден, процестердің функционалдығын арттыру үшін цифрлық трансформацияны жүргізу бойынша жұмыс басталды. Мұнда біз осы уақытқа дейін қалпына келтіріп жатқан ИТ инфрақұрылымының жоқтығына тап болдық. Сондай-ақ теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету бойынша жеке өндірістік жүйе құру бойынша жұмыс басталды. Біздің кәсіпорынның негізгі процесін күзетші жүзеге асырады. Бесінші бағыт осы кадр мәселесіне арналып, кадрларды күшейту бойынша міндеттер пысықтала бастады, оған біліктілік талаптарын, мамандандыру, штат санын қайта қарау, оларды ынталандыра отырып көтермелеу міндеттері кіреді. – ҚТЖ құрамына қайта қосылғаннан кейін қол жеткізген басты жетістіктеріңіз не болды?

– Стратегиялық транзиттік бағыттардағы күзет процесінің үзілуін болдырмау шеңберінде біз биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап Ақтау портын тәулік бойы күзетуді қамтамасыз ете бастадық, ал 1 наурыздан бастап Құрық портына күзет орнаттық. Қазіргі уақытта қайта тиеу терминалдарына күзет қызметін ұсынып келеміз, Кедентранссервиспен келіссөздер жүргізілуде. Қызметтерді әртараптандыру шеңберінде тасымалдау процесінің жеке қатысушыларымен шарттар жасасу мүмкіндігі қарастырылуда. Осылайша, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін техникалық жабдықтарымызды күшейтуге мүмкіндік ала аламыз. Бұдан басқа, клиенттерге қосымша қызметтер көрсету мүмкіндігі пысықталуда. Бұдан бөлек, ребрендингтің қарқынды жүргізіліп жатқанын айтар едім, мұндағы мақсатымыз – клиенттер тарапынан серіктестікті қабылдауда жағымды пікір қалыптастыру. Биыл қыркүйек айында біз күзет қызметкерлерінің формалық нысанды киімі туралы заңның өзгеруіне қол жеткіздік, жақын арада біздің күзетшілеріміз теміржол инфрақұрылымында қызмет ету талаптарына жауап беретін жаңа киім киетін болады. Автопаркті жаңартуда да ілгерілеу бар. Көлік техникасын қолдану бойынша әлемдік тәжірибені ескере отырып, көлемді Газ Соболь және Шевролет маркалы жеңіл автомобильдерден бас тарттық. Олардың орнына пикап түріндегі жол талғамайтын көліктерді сатып алуды жөн көрдік. Биыл осындай 6 автокөлік сатып алынды. Ал 2025 жылдың сәуір айынан бастап серіктестіктің тауар белгісін жаңарту жоспарлануда. Қоғамда ӘТЖК-ға қатысты теріс пікірлер болғандықтан, біз оны сыртқы және ішкі контурда қабылдау ойларын өзгертуді басты мақсат тұтамыз.  

 

Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды