Сапа – қозғалыс қауіпсіздігінің басты факторы

Сұхбат
16.12.2025, 12:44
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол магистралі бойында жатқан Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жұмысы, аймақтағы жолдардың жағдайы мен қауіпсіздік деңгейі бүкіл бағыттағы тасымалдың тұрақтылығына әсер етеді. Бүгінде бұл өңірде жолдарды жаңғырту, сигнализацияны жетілдіру және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі профилактикасын күшейту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы мәселелер жөнінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры Ербол Сәулебековпен әңгімелестік.

– Ербол Тәңірбекұлы, соңғы жылдары аймақта пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты қандай негізгі тәуекелдер анықталды және оларды төмендету бойынша қандай іс-шаралар іске асырылуда?  

– Бөлімше бойынша тұйық жолдарда, деполардың (тракционды) жолдарында ағаш шпалды жолдардың ескіргені, бағыттамалық бұрмалардың нормалық сәйкестігінің сақталмауы, басты жолдардағы қиыршақ тастардың ластануы, қараусыз мал мен жанның жолға шығуы, теміржол өткелдерінде автокөліктердің ереже бұзуы сияқты тәуекелдер анықталды.  

Ал оларды жою бағытында ағымдағы жылдың 11 айында бөлімше бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды. Атап айтсақ:  

- Станциядағы кірме, қабылдау-жөнелту жолдарында жол табанын жаңарту мақсатында күшейтілген орта жөндеу жұмыстары 5,9 км орындалды;  

- Магистральдық бас жолда жаңа материалдан 48,6 км жол табанын жаңалау күрделі жөндеу жұмыстары орындалды;  

- Жол табанының рельстерін бунақсыз рельспен ауыстырып күшейту 11,8 шақырымда орындалды;  

- Станциялардағы кірме, депо, тұйық жолдардың бойында орналасқан Р50 санатты рельстерді күшейту мақсатында санаты жоғары Р65 типті рельспен ауыстыру жұмыстары 1,2 км орындалды;  

- Бағыттамалық бұрмалардың нормаға сәйкес орналастыру мақсатында 32 жиынтық бұрма орын ауыстыру арқылы қайта салынды;  

- Бағыттама бұрмалардың ағаш белдеуден темірбетон белдеулер арқылы күшейту мақсатында 21 жиынтық бұрма ауыстырылды;  

- Қиыршық тастың ластануын РМ жол машинасын қолдана отырып, тазалау және қайта төгу арқылы 36,7 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді;  

- Қараусыз малдың жолға шықпауы үшін жыл сайын тікенек сыммен қоршау жасалуда, осы жылдың жоспары бойынша 111 км аумаққа сым қоршаулар салынды;  

- Қараусыз малдың, бөгде адамдардың жолға шығып, қауіпсіздікке кедергі болдырмау мақсатында теміржол бойындағы халық арасында профилактикалық-түсіндірме жұмыстары 17 118 адам қатысуымен 530 мәрте жиналыс өткізілді;  

- Теміржол өткелдерінде автокөлік пен пойыздың соқтығысу жағдайларын болдырмау мақсатында айдың 10 мен 25 күндері жол полициясы қызметкерлерімен бірге рейд өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың 11 айында 398 рейд өтіп, 17 087 автокөлік жүргізушілерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді.  

– Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы ықтимал факторларды алдын ала анықтау мақсатында мониторинг немесе талдау жүйелері қолданыла ма?  

– Ай сайын айлық қорытынды сараптамалар жүргіземіз, сонымен қатар жол өлшегіш вагондар анықтаған ауытқуларды дер кезінде қалпына келтіру, теміржол мен оның құрылғыларының ақаулығын алдын алу мақсатында жоспарлы-алдын алу жұмыстары ұйымдастырылып орындау; жедел тежегіш қолдану фактілерін азайту мақсатында теміржол бойындағы жергілікті тұрғындармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу; теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы салдарынан болып жатқан келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін көлік мекемелерінің, ауылшаруашылық орталықтарында МАИ қызметкерлерімен бірге рейд ұйымдастыру сынды жұмыстар тұрақты жүреді. Соңғы жылдары бөлімше аумағында оқыс оқиғалар мен соқтығысу оқиғалары орын алған жоқ.  

– Бөлімше бойынша теміржол инфрақұрылымының қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз?  

– Теміржол инфрақұрылымының қазіргі жағдайы жаман емес. Олай дейтінім, осы 2025 жылдың өзінде Компания жүктеген көптеген міндеттерді уақытылы атқардық. Осы он бір айда темір жолдың үстіңгі қабат материалдарын жаңалау және жаңғырту мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары – 48,6 шақырымға, РМ жол машинасын қолдана отырып, жолдың астыңғы қабатын лас топырақтардан тазалау – 36,7 шақырымға, темірбетонды білеулі бағыттағыш бұрмаларға алмастыру – 21 жинаққа және де екі станция, екі аралықты бірыңғай стандартқа келтіру жұмыстары атқарылды.  

– Жаңғыртуды қажет ететін негізгі учаскелерді атасаңыз.  

– Қазіргі күнде жаңғыртуды қажет ететін Түркістан – Шиелі, Қызылорда – Жосалы және Жосалы – Қазалы учаскелері 2026 жылғы жоспарға 83,4 км күрделі жөндеуге қосылып отыр.  

– Өткелдер, көпірлер, бекеттер және жол жабынының техникалық жағдайын жақсарту бойынша қандай жоспарлы жөндеу-жаңарту шаралары жүргізіліп жатыр?  

– Күзетпелі теміржол өткелдері кезекшілерінің жұмыс және техникалық жағдайын жақсарту үшін қазіргі таңда үш өткелде, яғни Бәйгеқұм – 20-бекет, Сексеуіл – Құрлық, Шөміш – Қамыстыбас аралықтарында талапқа сай келетін 2 қабатты ғимараттар салынып, пайдалануға берілді және екі өткелде автоматты шлагбаум іске қосылды. Ғимараттарды күтімге алу мақсатында 56 ғимаратқа вокзалдардан шыққан құрылыс материалдарын пайдалану арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілді және бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.  

– Пойыздар қозғалысы үшін маңызды сала белгі беру және байланыс жүйелерін жаңғырту жайы қалай?

– 2026 жылдан бастап Бірқазан станциясында белгі беру және байланыс құрылғыларын МПЦ CTRLLOOK400 by HMR9 powered жобасы жүзеге асырылуы жоспарлануда. CTRLLOCK 400 – кез келген түрдегі негізгі жылжымалы құрамды басқаруға арналған көп нүктелі блоктау жүйесі. Жүйе еуропалық HMR-9 платформасында жасалған және қазіргі заманғы деректерді беру хаттамалары мен заманауи компьютерлерді пайдаланады. Ал Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы бойынша Шиелі – Түркістан телімінде Ақмая – Екпінді аралығында Импульстік тұрақты тоқты АБ жүйесі сандық кодты айнымалы тоқты АБ жүйесіне ауыстырылды.  

– Қозғалыс қауіпсіздігін арттырудың ұзақ мерзімді стратегиясы қандай? Қызылорда магистральдық желісін Қазақстандағы ең қауіпсіз аймақтардың біріне айналдыру үшін қандай негізгі басымдықты атар едіңіз?  

– Ең әуелі темір жолға уақытылы күрделі, күшейтілген және орта жөндеу жүргізу, бағыттамалық бұрмаларды, рельс тіректері мен табандарын үздіксіз ауыстырып отыру, өткелдерді жаңарту, сондай-ақ тасымалдардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-шаралар жүргізу; Жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында мекемелер мен ғимараттарды күтімде ұстап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру; Қозғалыс қауіпсіздігі тақырыбында жұмысшылармен техникалық және практикалық сабақтар жүргізу; Қауіпсіз аймақтардың біріне айналдыру үшін, теміржолдың ақаусыз жұмыс жасауына апат, оқыс оқиғаларды болдырмау үшін жүйені цифрландыру және цифрландырылған жүйемен жұмыс жасайтын қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Міне, осындай жұмыстарды жүйелі атқарып отырғанда нәтижеге қол жеткізуге болады. Барлық жерде сапа – алдыңғы орында болуы керек, ол қозғалыс қауіпсіздігінің басты факторы дер едім.  

– Әңгімеңізге рахмет!  

 

Жаңалықтар
05.01.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Еуразияның басты көлік хабына айналады
Жаңалықтар
05.01.2026
ҚТЖ мен ҚазМұнайГаз автоматтандырылған деректер алмасуға көшті
Жаңалықтар
05.01.2026
Биыл теміржол саласында қандай өзгерістер болады?
Инфрақұрылым
04.01.2026
Астана станциясында Кinetix вагондарды диагностикалаудың ақылды жүйесі сынақтан өтуде
Инфрақұрылым
03.01.2026
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал қайта жаңартылуда
Жаңалықтар
31.12.2025
Елімізде теміржол вокзалдарын жаңарту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
31.12.2025
Жаңа жылдық мерекеде темір жол штаттық режимде жұмыс істейді
Жолаушылар тасымалы
30.12.2025
Қолайсыз ауа райы кезінде КТЖ электр пойыздарымен шамамен 320 жолаушы тасымалданды
Жаңалықтар
30.12.2025
Іс қағазды мемлекеттік тілде жүргізу жобасы жүзеге асырылуда
ҚТЖ келбеті
30.12.2025
Құрыш жолдың майталмандарына мемлекеттік наградалар табысталды
Жолаушылар тасымалы
30.12.2025
Ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған жолаушылар үшін ҚТЖ 13 пойыз тағайындады
Жолаушылар тасымалы
30.12.2025
Олжас Бектенов пойыз жолаушылары үшін жағымды жаңалықты айтты
Жолаушылар тасымалы
30.12.2025
Аяз ата мен Ақшақар жас жолаушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады
Жаңалықтар
29.12.2025
«Мен жаңа жылдық ғажайыпқа бөлендім»: машинистер 7 жасар ерекше балаға локомотивке саяхат жасатты
Жаңалықтар
29.12.2025
Huawei темір жол саласындағы цифрлық революцияны таныстырды
Жаңалықтар
29.12.2025
Қазақстандағы тепловоз өндірісі: 2025 жылдың 11 айында 62 локомотив құрастырылды
Жаңалықтар
27.12.2025
ҚТЖ басшылығы Алматы өңіріндегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Жаңалықтар
27.12.2025
Қызылжар – Жезқазған учаскесінде автоблоктау енгізілді
Жаңалықтар
27.12.2025
Алматыда мұрағат ашылды
Жаңалықтар
27.12.2025
Астана әкімдігі жастар арасындағы кәсіби бағдар жұмысы үшін ҚТЖ-ны атап өтті