«Мүмкіндікті қалт жібермейміз»

Сұхбат
12.08.2019, 09:47
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі алғашқы жартыжылдықта барлық көрсеткіштер бойынша жоспарды орындап, салалық жарыста көш басынан көрінді. Бөлімшенің басшысы Мағауия Амантайұлы Оразқұловпен сұхбатымыз негізінен мұнай тасымалын қамтамасыз ететін бөлімшенің жұмысы жайлы өрбіді.

– Мағауия Амантайұлы, жақсы жетістіктерге жетіп жатыр екенсіздер, осы тұрғыда тасымал тасқынын төмендетпей отырған аймақ темір жолының бүгіні қандай?

– Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – белгіленген жоспарлы тапсырмаларды орындау. Атырау темір жол бөлімшесі – аумағы да, ауқымы да кең, соған орай жұмыс көлемі де үлкен әрі күрделі бөлімше. Мұнайлы өңір болғандықтан, еліміздегі ең үлкен мұнай компаниялары осында шоғырланған, соған орай жүк көлемінің 80-90 пайызын мұнай және мұнай өнімдері құрайды. Ірі өндіріс ошағы саналатын өңірдің ел экономикасына қосып отырған сүбелі үлесінде өлке темір жолы мен һәм теміржолшыларының орны бар. Бөлімше жарты жылда мұнай және мұнай өнімдері, басқа да жүк тасымалы бойынша алдыңғы лектен көрінді, барлық көрсеткіштеріміз дерлік жоспарға сай орындалды. Салалық жарыстың қорытындысы бойынша биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бекітілген көрсеткіштердің үздік орындалғаны, өндірістік-қаржылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін жеңімпаз деп танылып, бөлімшенің әрбір қызметкеріне сыйақы төленді. Бұл – тұтас теміржолшылардың жемісі.

– Жалпы, тасымал көлемінің бұлай күрт артуына не себеп болды? Станциялардың өткізу қабілеті жоғарылады ма немесе басқалай себеп?

– Бөлімше бойынша 50-ге жуық іріліұсақты станциялар мен разъездер, құрылымдық бөлімшелер бар, оларда мыңдаған адам еңбек етеді. Пойыздардың өткізу қабілеті орташа есеппен алғанда тәулігіне 19-дан 28 жұп пойызға дейінгі шамада. Солардың ішінде былтыр Мақат станциясы «кластан тыс», ал Теңдік станциясы «ІІІ класты» станция тізбесіне енгізілді, басқа станциялардың да жұмысы жаман емес. Атырау, Құлсары, Теңдік, Ақжайық, Махамбет, Мақат, Аққыстау, басқа да станциялар мұнай компанияларымен қоянқолтық жұмыс істейді. Атыраудың қай аймағында да қайнаған жұмыс. Теміржолшылар кешегі ми қайнатар аптап ыстықта да маңдай терлері тамшылап жүріп еңбек етті. Соған орай олардың еңбек жағдайын жасауға, жақсартуға барынша күш салудамыз. Мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жоспарлы техникалық сабақтар үнемі жүргізілуде. Соған сәйкес, жарты жылда аймақ теміржолшылары тарапынан еңбек және технологиялық тәртіпті бұзу, өндірістік жарақат алу оқиғасы мүлде тіркелген жоқ. – Жүк тасымалының айналымы басты көрсеткіш болып саналатындықтан, соған жеке тоқтала кетсеңіз. – Жүк көлемі негізінен мұнай және мұнай өнімдері арқасында орындалып отырғанын айттым. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «Атырау ЖТ бөлімшесі» филиалы 2019 жылдың 1-жартыжылдығында Директорлар кеңесімен бекітілген жоспардың 14 көрсеткішін асыра орындады, атап айтқанда пайдалану жүк айналымы 102,8%, жүктерді тиеу 104%, вагонның орташа тәуліктік өнімділігі 105,3%, жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі 103,6%, жұмыс вагоны айналымының орташа уақыты 104,3%, вагонға статистикалық жүктеме 100%, вагонның динамикалық жүктемесі 101,4%, жүк вагондарының бос жүрісінің тиелгенге қарағандағы пайызы 100,6%, вагонның бір жүк операциясында бос тұруының орташа ұзақтығы 131,4%, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 105,3%, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі 103,7%, пойыздың орташа салмағы 101,3%, жүк пойызы қозғалысының орташа учаскелік жылдамдығы 102,3%, жүк пойызы қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы 101,3% орындалды. Бөлімшенің жүк өткізу қабілеті мен техникалық қуатын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде вагондарды қабылдау-жөнелту тездетіліп, жұмыс та жеңілдеді.

– Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау жолдың сапасына да байланысты екені даусыз, жалпы инфрақұрылымның жағдайы қалай?

– Инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, кеңейту, технологиялық процестерді жетілдіру мақсатында жол шаруашылығы бойынша 2018 жылы 29,26 км жол күрделі жөндеуден өткен. Соның ішінде Атырау жол дистанциясына қарасты 496-Теңдік, Таскескен-Қарабатан, Атырау станциясының 3-3А жолдарына 12,90 км жолға күрделі жөндеу жасалды. Ал Құлсары жол дистанциясында 16,95 км жол салу керек болып, ст.Бейнеу-рзд.460 аралығында 1039-1057 км жол аралықтарының ескі темір жолы түгел алынып, қапсырмалы темірбетонды шпалдар салынды. АтырауМақат аралығында 12,3 км жол күрделі жөндеуден өтті. Ал 2019 жылға келсек, маусым айының аяғынан бастап Құлсары-Мақат аралығында 16,132 км жол күрделі жөндеуден өтуде, бүгінгі таңда оның орындалуы 9 км немесе 55% құрады. Тамыз айының ортасында жұмыс түгел аяқталады деп межелеп отырмыз. НЖС-13 мекемесі бойынша 6 айда 740 «толаскезге» тапсырыс беріліп, орындалғаны 733, 1686,7 сағат. Жолдың сапасы баллдық жүйемен өлшенетінін ескерсек, Атырау жол дистанциясы бойынша 6 айда жоспардағы 80 орнына 71 балл болып, 118% құрады, Құлсары жол дистанциясы бойынша 73 орнына 29 балл болып, 276% орындалған. Жолдың сапалы жөнделуі жүк және жолаушылар пойызының жылдамдығына жағымды ықпал ететіні анық. ПЧ-9-да ескі рельстерді жаңасына ауыстыру бойынша 1 км орнына 2,5 км жолдың рельсі ауыстырылған. Орташа жол жөндеу 2 км болса, ол түгел орындалған. Негізінен СағызМақат, Мақат-Атырау, Ганюшкино-Атырау учаскелерінде. Жолдарды сауықтыру үшін барлығы 3385 дана ағаш шпалдар қойылып, 0,52 текше метр қиыршық тас төселген. Атырау жол дистанциясы бойынша 6 айда 9 шақырымға орташа жөндеу жүргізілді, қалғаны 2 км. Осы жұмыстар барысында дистанцияларда жол жөндеу бойынша жаңа машиналар кешені пайдаланылып, технологиялық процесс жетілдіріле түсуде.

– Пойыздар қозғалысы мен қауіпсіздікті сақтауда электрмен жабдықтау, байланыс дистанцияларының да маңызы зор, олардың жұмысы көңілден шығып отыр ма?

– Әрине, бұл мекемелер де ортақ табысқа үлесін қосуда. «Толаскез» уақытында өздеріне тиісті жұмыстарын толық атқарып отыр. Маңғышлақ-Бейнеу-Оазис-Мақат-АтырауАқсарай учаскелерінде ұзындығы 1196 км құрайтын диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы түбегейлі жаңартылды. Мұнда байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып, енбек үдерісінің үдеуіне жағымды ықпал етуде. Белгі беру және байланыс дистанциялары ескі құрылғыларын жаңа үлгідегі, озық технология талаптарына сай жүргізуге көшті. Сондай-ақ, талшықты-оптикалық байланыс желісі (ВОЛС) кабелі жүргізіліп, байланыс айтарлықтай жақсарды. Ақпарат беру жеделділігі әлдеқайда артты, әсіресе, мәліметтер беру желісі жақсарды. Сондайақ, барлық аймақ бойынша DX-500 арқылы телефон байланысы орнатылды. Ол арқылы халықаралық сөйлесулер коммутатордың қосуынсыз немесе «8» байланыс нөмірінсіз мүмкін болды, яғни сөйлесулер жедел әрі тегін. Электр дистанциясы бойынша Аққыстау станциясында жаңа подстанция салынды, ол өз кезегінде темір жол нысандары мен төңіректегі аудан тұрғындарына да сапалы электр қызметін ұсынып отыр. Құлсары-Мақат теліміндегі жолды күрделі жөндеу кезінде де аталған құрылымдар өз жұмыстарын бірлесе жүргізіп келеді.

– Қай өндіріс орны болсын еңбек қорғау шаралары бірінші кезекте тұрады. Сіздерде бұл мәселеге көзқарас қалай?

– Әрине, бізде ғана емес, барлық ҚТЖ жүйесінде еңбек қорғауға оң көзқарас қалыптасқан. 2019 жылы Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өндірістік жарақаттанушылыққа жол берілген жоқ, 2018 жылы да өндірістік жарақат алу болмағаны абырой. Жарты жылда жұмыс жағдайын жақсарту және қауіпсіздікті жетілдіру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес 7 ісшара жоспарланып, орындалды. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша қызметтік міндеттерге сәйкес басшылармен ай сайын станция қызметкелерінің қауіпсіздік техника ережелерін, технологиялық процесті сақтауы тексерілді, әсіресе аса қауіпті аудандарда, 252 кенеттен тыс және түнгі тексерулер жүргізілді. Аса қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі тақырыбына 523 практикалық сабақ көрсетілді. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейту үшін 363 рет ұзақтылығы 7260 минут құрайтын мінез-құлық диалогы өткізілді, қауіпті жағдайлардың саны 377 болды. Қауіпсіздік бюллетендері әзірленіп (пойыздан сақтаныңыз, қысқы уақыттағы қауіпсіз жағдай, жоғары температурадағы қауіпсіз жағдай, электр қыздырғыштарды пайдалану, өрт қауіпсіздігі, еңбек тазалығы, автокөлік жүргізудегі қауіпсіздік шаралары, қатты жел кезіндегі сақтық шаралары, т.б.), барлық станциялар мен деполар жұмысшықызметкерлеріне таныстыру үшін таратылды. Ганюшкино, Атырау, Ақжайық, Теңдік, Қарабатан, Сағыз, Құлсары станцияларында, ВЧДЭ-1 мекемесінде тамақтану бөлмелерін жақсарту үшін құрал-жабдықтар алынды. Станцияның жұмыс орындары 96 ақпараттық парақшамен қамтылды. Медициналық ұйыммен бірге «жүрек талмасы мен инсультына жол бермеу» ақпараттық парақшалары жасақталды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің шақыруымен жүрек, өкпе қысылуы, адам суға батқан жағдайда, күн өтуден сақтану және т.б. тақырыптарға 73 адамның қатысуымен «Бірінші көмек көрсету» тренингі өткізілді.

– Озық технологияларды өндіріске енгізу барысында жұрт жаппай көшіп жатқан «қағазсыз технологияға» қадам қалай болып жатыр?

– Компанияның салалық бағдарламалары арқасында теміржол – үнемі жаңару мен жаңғыруды көріп келе жатқан сала. Қазіргі сәтте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ клиенттердің клиентке бағдарлануы, тұтынушылармен өзара әрекеттесудің сапалы жаңа деңгейіне жету үшін автоматтандырылған басқару жүйесін пайдаланады, олар «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ ДКК) және АСУ ДКР жүйесі құжаттарды ресімдеуді азайтуға, тауарларды жіберу және тасымалдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Атырау ЖТ бөлімшесінде 16 станция АСУ ДКР жүйесіне қосылған. 2019 жылғы 17 сәуірден бастап жүк жөнелтушілер және жүк қабылдаушылармен қағазсыз технологияны қолдану жүзеге асырылуда. Онда республикаішілік хабарламаларда бос және тиелген вагондардың тасымалдау құжаттарын рәсімдеу, оның ішінде жұмыс істемейтін парктер, (СТН, ВНБ), сондай-ақ транзитте және тағайындалған станцияға бағыттау қарастырылған. Қазіргі таңда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша қағазсыз технологиямен жұмыс жасау бойынша 483 жүк жөнелтушілер және жүк қабылдап-алушылармен келісімшарттар жасалған. Бұл жүйе клиенттермен тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

– Тасымал тасқынын бүгінгіден де арттыру мүмкіндігі бар ма?

– Мұнайлы аймақта жүк тасымалы көлемiн көбейту мұнай, химия өнімдеріне байланысты болатыны түсінікті. Бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол, параксилол, пеш отыны, қара май, вакуум газойл, кокс, автобензин, дизель отыны, реактивті отын сынды өнімдерді қалдықсыз өндіру жүзеге асырылуда. Қарабатан станциясындағы «Болашақ» зауытында түйіршіктелген күкірт өнімінің көбеюіне байланысты ай сайын Ресейге ашық вагон құрайтын маршруттар тиелуде. Өңірде республикалық дәрежедегі Атырау-Ақтөбе, Атырау-Астрахань жолдарының салынуына орай құрылыс материалдарын тасымалдауда да темір жолды пайдалануда, біз үшін ол тиімді. Басқа да халық тұтынатын тауарлар көлемі тасымал көлеміне жағымды ықпал етуде. Міне, осының бәрі біз үшін жұмыс, тасымал көлемін сәл де болса арттыру мүмкіндігі. Ал біз бірде-бір мүмкіндікті қалт жібермейміз.

– Әңгімеңізге рахмет! 

ҚТЖ келбеті
20.12.2024
Жүзден жүйрік шықты
Жаңалықтар
20.12.2024
Жамбыл өңірінде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүріп жатыр?
Жүк тасымалы
20.12.2024
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі жаңа бағыттарды еңсеріп жатыр
Жаңалықтар
20.12.2024
Келіссөз жүргізу де – өнер
Жаңалықтар
20.12.2024
Жұмысшы мамандығына мәртебе беріледі
Жаңалықтар
20.12.2024
Тиімді коммуникация құра білейік...
Жаңалықтар
20.12.2024
«Үздік ойыншы» – пойыз құрастырушы
Жаңалықтар
20.12.2024
Бірегей жобалар таныстырылды
Жаңалықтар
20.12.2024
Көңілді де тапқырлар клубы
Жаңалықтар
20.12.2024
Болашақ көшбасшылар елордада бас қосты
Жаңалықтар
20.12.2024
Контейнерлік тасымалдың көкжиегі кең
Жаңалықтар
20.12.2024
«Магистраль Аwards-2024» жүлдегерлері анықталды
Жаңалықтар / Мұрағат
20.12.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №106-107 20 желтоқсан 2024 жыл
Жүк тасымалы
19.12.2024
Вагондардан жүк ұрлағандар жауапқа тартылуда
Аймақтар
19.12.2024
Марапатқа лайық жандар
Аймақтар
19.12.2024
Еңбек озаттары құрметке бөленді
Аймақтар
19.12.2024
Үздіктер мерейі үстем болды
Аймақтар
19.12.2024
Жаңа төраға сайланды
Жаңалықтар
19.12.2024
Африкадағы Бисау порты мен Транскаспий көлік дәлізін ұштастыру қарастырылуда
Жаңалықтар
18.12.2024
Алматы облысында қолайсыз ауа райы теміржол көлігінің жұмысын қиындатуда