«Жолаушылар тасымалы» АҚ балалар үшін пойызға билет алу тәртібін түсіндірді

7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. Өзіне бөлек орын беру үшін балалар билетін алу қажет. Егер 7 жасқа дейінгі балалар саны екі немесе одан көп болса да балаларға арналған билет алу қажет болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

7-15 жас аралығындағы балалар билетіне ересектер билеті құнының 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер бар. 15 жастан жоғары балаларға ересек адамдармен бірдей бағада билет алынады.  

Балалар билетін алу үшін қандай құжаттар қажет? 

Балаға билет алу үшін жеке басын куәландыратын құжат – баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты керек болады.  

Баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі билетпен бірге жолсерікке пойызға мінер алдында беріледі.  

Баланың жалғыз өзін пойызбен қалай жіберуге болады? 

15 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге ғана пойызға отыра алады. Егер бала пойызда оның заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге баратын болса, онда сол адамның баланы ертіп жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат керек болады.  

15 жастан асқан балалар пойызда өзінің ата-анасы, яғни заңды өкілінің атынан оның жалғыз жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда өзі саяхатқа шыға алады.  

Ал жолаушылар пойызына отырғызғанда немесе жолда баланың қасында заңды өкілі бірге болған жағдайда сенімхат көрсету талап етілмейді.  

 

Аймақтар
02.08.2025
Сән-салтанат та, марапат та қарапайым еңбек иелеріне арналды
Жаңалықтар
01.08.2025
ҚТЖ-ның үздік қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды
Аймақтар
01.08.2025
Қызылорда теміржолының шежірелі жолы мен жаңа жетістіктері
Аймақтар
01.08.2025
Ерен еңбек еленген күн
ҚТЖ келбеті
01.08.2025
Маңғыстаулық машинист Президент қолынан мемлекеттік награда алды
Жаңалықтар
01.08.2025
ҚТЖ басқарма төрағасы қызметкерлерді теміржолшылар күнімен құттықтады
Жаңалықтар
01.08.2025
Көлік саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді
Жаңалықтар
01.08.2025
Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттады
Жаңалықтар
01.08.2025
ҚТЖ «HR-бренд 2025» байқауында жүлделі орынға ие болды
Аймақтар
01.08.2025
Кәсіби мерекеге тарту
Аймақтар
01.08.2025
Сын сағатта сыналғандар
ҚТЖ келбеті
01.08.2025
Темір жолдың темірдей тәртібінде шыңдалған ер
ҚТЖ келбеті
01.08.2025
Құрметке лайық Күнсұлу
Аймақтар
01.08.2025
Мамандық таңдау – маңызды қадам
ҚТЖ келбеті
01.08.2025
Теміржолшының сергектігі – жүздеген жолаушының амандығы
ҚТЖ келбеті
01.08.2025
Байланыстың бапкері
ҚТЖ келбеті
01.08.2025
Алғыс арқалаған жолсерік
Жүк тасымалы
01.08.2025
«ҚТЖ» – Еуразиялық транзиттік дәліздердің негізгі драйвері
Аймақтар
01.08.2025
Сенат депутатымен кездесу өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
01.08.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №59-60 01 тамыз 2025 жыл