Кірме жолдағы келеңсіздікке кім жауапты?

Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау облысы аумағында 851,8 км магистральдық 327,6 км станциялық және 160-тан астам кірме жолдар бар. Теміржол көлігінде қауіпсіздіктің сақталмауының бір ұшығы осы жолдарда күнделікті күтіп-ұстау жұмыстарының талапқа сай орындалмауынан орын алатыны жасырын емес.

Бүгінде облыс бойынша 179 кірме жол тіркелген болса, соның 169-ы тұрақты жұмыс жасап тұр. Олардың көпшілігі жекеменшік иелігінде. Өткен жылы облыста жылжымалы құрамның соқтығысуы мен жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты 8 дерек тіркеліпті. Ал, биылғы жыл басынан бері 4 оқиға орын алды. Оның бірі ірі, қалғаны шағын иелікке қарасты аумақта орын алды.

Кірме жолдарды күтіп ұстау иелерінің міндеті саналғанымен, олар бұған жеткілікті көңіл бөлмей отыр. Көбіне вагондар кірме жолдардан шығып, станцияға келгенде ақаулы екені анықталады: дәнекерленген жері шығып кеткен, есіктері бүлінген, вагон доңғалағының буксы теріс айналып кеткен, вагон шанақтары соғылған, т.б. ақаулар. Ал, жүк жөнелтушілер вагонның ақаулығына салдыр-салақ қарайды. Соның салдарынан осындай жолдан шығып кету оқиғасы орын алады.

– Теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған тиісті заңдылықтар бар. Оны сақтау, теміржолдарды жөндеу, күтіп ұстау маңызды. Өйткені, осындай олқылықтар адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Дегенмен, жасыратыны жоқ, көптеген кәсіпкерлер қаржының тапшылығын сылтау етіп, мәселеге жеткілікті көңіл бөлмейді, – дейді Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы теміржол көлігін бақылау бөлімінің басшысы Сырымбет Костаев.

Мәселеге көңіл бөлмеу шынында да әдетке айналғандай. Мәселен, инспекция маманының айтуынша, 5 ақпанда Индер–Мақат аралығындағы теміржолда төтенше жағдай орын алып, 5 жүк вагоны орта жолда рельстен шығып кеткен. Оған шойын жолдың тозуы, ағаш шпалдардың шіруі себеп болған. «Индер теміржолы» ЖШС өткен жылы да осындай жағдайға жол берген. Әйткенмен, одан қорытынды шығармаған. Вагондардың рельстен шығу дерегі «Батыр-2017» ЖШС-да да орын алған. Серіктестік өткен жылы үш, осы жылы бір рет келеңсіздікке жол берген. Әрине, кінәлілер жауапкершілікке тартылған. Былтыр салынған 477 мың теңге айыппұлдың 95 мыңы осы құрылымға тиесілі. Жыл басынан бері тағы 50 мың теңгеге шығындалды. Бірақ әлі де олқылықтардың орнын толтыруға ұмтылмауда. Ал, жергілікті көліктік бақылау инспекциясының өкілдері «Біз серіктестік басшыларын шақырып, жиналыс өткізуден, заңдылықтарды түсіндіруден өзге жасайтын амалымыз жоқ» дейді. Себебі, Президент Жарлығымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге, профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий жарияланғаны белгілі. «Осы ретте айта кетерлігі, кірме жолдардың сың көтермейтіндігі, шпалдардың тозғандығы, кейбірінде әлі күнге талапқа сәйкес келмейтін баяғы Р-43 рельсі жатқаны ешкімді мазаламайды. Жекеменшік компаниялар теміржолды жөндеу кезінде арнайы мамандарды шақырмайды. Жолдарды тұрақты қадағаламайтыны, тіпті қажет те етпейтіні бар. Сонда, оқыс оқиғадан адам зардап шексе кім жауап береді?», дейді маман.

Бүгінгі күні тасымал құжаттарын рәсімдеудің ашық түрде болуын қамтамасыз ету үшін жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылардың құжаттамасы АСУ ДКР жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Осы бағытта бірте-бірте электронды жұмыс түріне көшуге басымдық беріліп келеді. Алайда, жүкпен келген вагондардың кірме жолдарда тұрып қалуы да жиі кездеседі екен. Ауа-райының қолайсыздығы, кірме жол қожайыны локомотивінің жұмыс істемеуі, кран машиналарының істен шығуы, жүк жөнелту-қабылдаушылардың жұмыс уақытының сәйкес келмеуі, т.б. «Сол себепті, вагондардың кірме жолдарда ұзақ тұрып қалмауы үшін олар тиеу-түсіру жұмыстарын да алдынала жоспарлап алғаны жөн. Жалпы алғанда, кәсіпкерлер өз балансындағы кірме жолдардың жағдайын бақылауда ұстап, уақтылы жөндеу жүргізгені абзал. Кірме жолдардың техникалық талапқа сай болуы – тұтастай алғанда қауіпсіздіктің үлкен кепілі болып табылады», – дейді маман. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді