Теміржол майталманы 60 жаста

ҚТЖ келбеті
13.06.2023, 11:14
Суретті түсірген автор

Теміржол саласына қырық жылдан астам өмірін сарп еткен кейіпкеріміз өзінің Түркістандай киелі топырақта туғанын мақтан тұтады. Ғасырлық тарихы бар локомотив депосында еңбек ететін Бауыржан Исабеков алпыстың асқарына шығып отыр.

Локомотив саласының маманы еңбек жолын 1981 жылы депода слесарь болып бастаған кезін сағынышпен еске алады.

«Қамсыз, мұңсыз бозбала шақта бүкіл өмір алдыңда сияқты. 42 жыл уақыт қалай өтіп кеткенін де сезбей қалдым, тағы үш жылда зейнетке де аттанамыз. Кіндік қанымыз тамған осы қасиетті қалада туып өсіп, еңбек етіп, отбасын құрып, бала-шаға өсірдік, тағдырыма өкпем жоқ. Егер өмірді қайтадан бастар болсам тағы да теміржолшы мамандығын таңдаған болар едім», – дейді кейіпкеріміз.  

Слесарь болып бастап бас инженер лауазымына дейінгі еңбек жолынан өткен тәжірибелі теміржолшы қазіргі таңда ТЧЭ-33 локомотив пайдалану депосында жөндеу бақылау бөлімінің басшысы.  

– Кез келген жұмыстың қызығы мен қиындығы жетеді, мен де дайын теміржолшы боп туған жоқпын, алдымдағы аға буыннан көп үйрендім, әсіресе слесарлық қызметім маған көп нәрсе үйретті дер едім. Бұрын теміржолда жақсы бір дәстүр болды, қолыңда табақтай дипломың болса да жұмысты ең төменгі лауазымнан бастайтынсың. Сонда сатылай өсіп, барлық кәсіпті меңгересің. Мен өзім үлкен көп балалы отбасыда дүниеге келдім. Әкем Ұлы Отан соғысы ардагері, қатал болды. Соғыстан келген соң Түркістан станциясында көлік милициясының басшысы болды. Кейінгі жылдары интернат директоры болып зейнетке шыққанша бала тәрбиесімен де айналысты. Нағыз ұстаз болатын, өз баласы ма, елдің баласы ма, бөле-жармай бірдей тәрбие берді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, әкем интернатта оқыған балаларды оқуға жіберіп, жұмысқа орналасуына көмектесіп, көп қолдау жасайтын. Елге абыройлы болған соң шығар, әкеме Түркістан қаласында көшенің аты берілген. Ал анам бала тәрбиесімен айналысқан қарапайым қазақтың әйелі болды. Ата-анамыз бойымызға дарытқан адалдық пен қарапайымдылықты бүгінде өз ұлдарыма сіңіруге тырысамын, – деп ағынан жарылды мерейтой иесі.  

Жары Айгүлмен 3 ұл тәрбиелеп өсірген теміржолшының тұңғышы әке жолын жалғастырған, Нұрсұлтан Түркістан локомотив пайдалану депосының өндірістік бөлім бастығы, биылғы «100 жас есім» жобасының қатысушысы, екінші ұлы Абылайхан дәрігер болса, үшінші ұлы Төлеби – жеке кәсіпкер.  

Жуырда депо басшылығы Бауыржан Баймаханұлын 60 жылдығымен құттықтап, теміржолдың локомотив саласына сіңірген еңбегі үшін арнайы марапаттады.  

 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл