Құнын жоғалтпаған құрылғылар

ҚТЖ келбеті
05.09.2024, 09:27
Оқуға 3 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс белгі беру және байланыс дистанциясы 242 шақырымға созылған жол бойында орналасқан 1 037 белгі беру құрылғысын күтіп-баптаумен айналысады. Қазір технология дамыған заман десек те, мамандардың сауатты күтімі мен модернизациядан өткізуінің нәтижесінде өзегі өзгермеген және қызмет көрсету сапасы төмендемеген құрылғылар құнын жоғалтпағанына күмән келтіруге болмайды.

Дистанцияға ат басын бұрған біз жөндеуден шыққан белгі беру құрылғыларын компьютерлік тексеруден өткізіп отырған аға электрмеханик Гауһар Әлімованы жолықтырдық. Жөндеу технологиялық учаскесінің тәжірибелі маманы осы мекемеде жиырма жылдан бері еңбек етіп келеді. Гауһар Ерсенбайқызының жұмысы оңай емес, негізгі жұмысы жөндеу технологиялық учаскесінің жұмысын үйлестіру, жүргізу болып табылады. Атап айтқанда, СОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден бөлек, ақаудың себебін талдау мен оларды жою және алдын алу тетіктерін ұйымдастыру. Техникалық құжаттамаларды реттеу мен материалдық-техникалық қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Сондай-ақ жөндеуден өткен СОБ аспаптарын тиісті перегон мен станцияларға тасымалдауды, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғауды, өрт және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де осы лауазым иесі жауапты. Оған қоса ай сайынғы және жылдық жоспарды дайындап, аспаптарды кезең-кезеңмен бекітілген нұсқаулық бойынша ауыстырып отыруды қадағалау да аға электромеханиктің негізгі міндеттерінің бірі.

Бүгінгі таңда 300-ге жуық қызметкердің басын қосқан ШЧ-38 мекемесінің, соның ішінде дистанция жұмысының өзегі – жөндеу технологиялық учаскесінің қызметкерлері цехта түрлі деңгейлі қызметтер көрсетеді. Мұнда жеткізілген құрылғыны ең алдымен реттеушілер бірінші кезеңдегі тексерістен өткізеді. Кем-кетігі жөнделген соң, үшінші кезеңде ғана компьютерлік тексерістен өткізу үшін аға электромеханиктердің қолына түседі.

– Біз ең алдымен құрылғының қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізуіміз керек. Содан соң пломба қойып, тиісті құжаттарын толтырып, негізгі қызмет көрсету учаскесіне жібереміз. Міне, механикалық жөндеуден кейінгі компьютерлік сараптама жасау дегеніміз осы, – дейді ол.

Қазіргі кезеңді ескі мен жаңаның түйіскен тұсы десе де болатындай. Себебі темір жолда заманауи технологиялық жетістіктер қолданысқа енумен қатар, пайдаланылып жатқанына 30-40 жылдан асқан құрылғылар да жоқ емес. Алайда, осы құрылғылардың сыртқы қорабы мен функционалдық міндеті сол қалпы демесек, ішкі бөлшектері үнемі жаңартылып, уақыт талабына сай модернизациядан өтіп тұратын өте сапалы дүниелер.

– Айталық, мен тексерістен өткізіп жатқан мына құрылғы шойын жол жиегіндегі бағдаршамдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін реле. Осының ұсақ-түйек бөлшектерін ауыстыру арқылы бірнеше жылдан бері пайдаланылуда. Бұл сапалы құрылғы болғандықтан да оны қолданыстан шығарудың еш қажеттілігі жоқ, – дейді Гауһар Ерсенбайқызы.

Ал жөндеу технологиялық учаскесі деп аталатын бұл цехта компьютерлік сараптама қалай жасалады десек, ол да бір қызық дүние екен. Тексерілетін құрылғыны компьютердің штепсельдеріне жалғаған соң, оның барлық параметрлік көрсеткіштері экранда көрініс береді. Яғни, мұнда монтаждық кестелер тексеріліп, диодтардың номиналдары техникалық картаға сәйкес немесе сәйкес еместігі анықталады. Экрандағы санды деректердің кейбірі талапқа сай болмай шықса, әлгі құрылғы қайта жөндеуге жіберіледі.

Осылайша, уақыт сынынан өткен құрылғылар бірнеше қайтара тексеру арқылы кем тұсы түзеліп, жарамдылық мерзімі ұзарып, өміршең құрылғыларға айналады.    

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды