Жол монтерлерінің бір күні

ҚТЖ келбеті
22.11.2024, 09:17
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарашаның соңғы он күндігі басталғанына қарамастан биыл ауа райы қолайлы болып тұр. Солтүстікте әдетте бұл уақытта кәрі құданың қабағынан қар жауып, қыс қаһарына мініп үлгеретін. Жайлы күнді пайдаланып, біз де асай-мүсейімізді арқалап, темір жолға жол тарттық...

Елордадан шыға берістегі жол бойында қызу жұмыс істеп жатқан Астана жол дистанциясына қарасты 5-ші учаскенің жол монтерлері стрелка рамасын ауыстырып жатыр екен. Әр учаскенің өзінде бірнеше бригадаға бөлінген жүзге жуық жол монтері жұмыс істейді. Өздеріне бекітілген ауданы бар. Әр бригададан екі адам кезектесе шыға отырып, аптасына екі мәрте өздеріне бекітілген телімдегі темір жолға, бағыттағыш бұрмаларға шолу жасайды. 

Шолу барысында олар рельстер арасындағы саңылауларды тексеріп, стрелкалар арақашықтығын өлшеп, бекітпелердің босаңсып кетпегенін қарайды, егер босай бастағанын көрсе, оны өздерімен бірге алып жүретін кілттермен қатайтып бұрайды. Осылайша олар әр шолу барысында шамамен 3-5 км арасындағы қашықтықты жүріп өтеді. Қара күш пен төзімділікті, шыдамдылықты қажет ететін бұл кәсіптің жауапкершілігі де, қауіптілігі де жоғары. Жол монтерлері жұмыс істеп жатқанда бір адам міндетті түрде оң-солға кезек қарап, жағдайды бақылауда ұстайды. Өйткені, тарам-тарам темір жол бойымен локомотивтердің, пойыздардың келіп қалуы әп-сәтте. Тіпті кейде локомотивтің қай жолмен келе жатқанын айыру да қиын. Әсіресе тұманды, боранды күндері, кешқұрым кездері көрініс қиындық туғызады. Пойыздар арлы-берлі жүріп жататын темір жол бойында жұмыс істейтін жол монтерлерінің талай рет пойыз астына түсіп қалып, мүгедек болып қалғандары, тіпті ажал құшқандары да жоқ емес... Сондықтан өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін сақтау – жол монтерлеріне қойылатын басты талап.  

Біз әңгімеге тартқан алғашқы жол монтері Бақытжан Таженов он сегіз жылдан бері еңбек етеді екен. Айтуынша, дистанция басшылығы қауіпсіздік мәселесіне үлкен мән береді.  

– Таңғы 7.45-те кеңсеге жиналамыз. Ол жерде жол шебері қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтеді, біз арнайы журналға қол қоямыз. Ал сағат тура сегізде біз жұмыс басында боламыз. Әр күні әртүрлі жұмыс болуы мүмкін. Мәселен бүгін стрелка рамасын ауыстырып жатырмыз, ертең жолды қайта шегелеу, бағыттағыш бұрманы ауыстыру керек болады дегендей. Қыстың келуімен қармен күрес басталады, – дейді жол монтері.  

Келесі жол монтері Дәурен Ахметжановтың темір жолда жұмыс істеп жатқанына 13 жылдан асыпты. Қырыққа таяған жігіт бір кездері өрт сөндіруші болып жұмыс істеген екен. Бірақ бала кезден әкесіне еріп жүріп теміржолдың тірлігіне қанық Дәурен әртүрлі қызметтің құлағын бір шалып көргенімен, өзін жол бойындағыдай еркіндікте сезінбегенін айтады.

– Әкем мен ес білгелі жол монтері болып еңбек етті. Содан болса керек, теміржолшы кәсібі де жаныма жақын болды. Қазір шағын механизация, техникалардың жол дистанцияларына келуімен жол монтерлерінің жұмысы біраз жеңілдеді. Рельстерді техника көмегіне жүгіне отырып, ауыстырамыз. Ал темірбетонды шпалдарды өзіміз ауыстырамыз. Олардың салмағы ең аз дегенде 280 кг құрайды, екі жол монтері екі жағынан ұстап саламыз дейді. Темірбетонды шпалдарды ауыстыру кезінде екі жол монтеріне берілетін норма 6 темірбетонды шпал, ал ағаш шпал болса, олардың саны 10 данаға дейін құрайды, – дейді Дәурен.  

Жол монтері жұмысының қауіпті әрі қиын екеніне қарамастан біз сұхбаттасқан екі теміржолшыға да кәсіптері ұнайды екен.  

Оның үстіне, биыл қабылданған 2004-2006 жылдар аралығын қамтитын ұжымдық шартта жол монтерлері үшін жақсы өзгеріс бар. Бұдан былай жол монтерлері де машинистер сияқты 55 жаста Компания есебінен зейнетақыға шыға алады. Бірақ оның өзіндік талаптары бар. Яғни Ұлттық компания есебінен берілетін зейнетақыға жол дистанциясында тұрақты 7,5 жыл жол монтері болып еңбек еткен және 2017 жылдан бері әртүрлі аударымдары толық жүргізіліп келген жол монтерлері ғана шыға алады. Егер ол жол бригадирі немесе жол шебері болса, олардың ерте зейнетақыға шығу мүмкіндігі жоқ. Себебі олар орта буын басшылары болып саналады.  

Бірақ біз әңгімелескен жол монтері бұл мүмкіндікті пайдаланғысы жоқ. Кәсібін жақсы меңгерген жігіттер денсаулық болып тұрса, жұмыстан қалмақ емес. Бұйырғаны күні заңды зейнетақысына шығуды ниет қылып жүр. Ұжымдық шартта қарастырылған теміржолшыларға тиесілі әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланып жүрген жолшылар өз жұмыстарын абыроймен атқарып, сенім үдесінен табылуды қалайды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты