Пойыздың «Қара жәшігі»

ҚТЖ келбеті
30.01.2025, 09:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Көпшілік ұшақтың «қара жәшігі» болатынын білгенімен, мұндай құрылғы пойызда да бар екенін біле бермейді. Мамандар арасында «Дешифрлеу күшейткіші» деп аталатын құрылғы осы «қара жәшіктің» қызметін атқарады. Ал онымен ел ішінде жүрген барлық локомотивтер жабдықталған.  

Оны күтіп, баптау мен қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электромеханик Гүлнәр Бердіқұлова бізге бұл жөнінде кең ақпарат берді.   

 

– Жалпы, «дешифратор усилитель» құрылғысын ТЭМ-2 тепловозының немесе локомотив атаулының «жүрегі» немесе «миы» десек те болады. Өйткені мұның көмегімен тұтас жылжымалы құрамның бойына «қан жүгіріп», алып техника толық басқарылады. Сонымен қатар қашықта тұрған теміржолдағы бағдаршамның қандай түске жанып тұрғаны осы шағын қобдишадай құрылғы бетіндегі шам арқылы анық көрінеді. Мысалы пойыздың жолы ашық тұрғанымен, бағдаршамның қай түсі жанып тұрғанына машинистің көзі анық жетпейтіні белгілі. Ал күн райы тұманды болса, ол тіпті мүмкін емес. Сондай сәтте машинистер бағдаршамның қай түсте жанып тұрғанын осы «ДУ» құрылғысындағы бармақтың басындай ғана лампадан нақтылап жатады. Яғни локомотив кабинасындағы табло қашықтағы бағдаршамның белгісі қандай екенін анық көрсетіп береді.

– ДУ істен шыққанда жауапты мамандар оны локомотивтен шешіп, біздің цехқа алып келеді. Біз осы «қара жәшікті» ашып, қопарып, қай шамы, не себептен жанбай қалғанын тексереміз. Құрылғы стендке қойылғанда кем-кетігі бірден анықталады. Көп жағдайда оның сигнал беру қуатын бір-біріне өткізетін қаңылтыр тілшелердің бір-біріне жабысып қалуы жиі қайталанады, – дейді Гүлнәр Оңалбекқызы.

Әрине ең алдымен «қара жәшік» қобдишасы шаң-тозаңнан тазартылып, диагностика жасалады. Ал ақау анықталғанда төмен кернеулі электрдәнекерлеу құрылғысымен сымдар жалғанады.

Негізінен мұндай құрылғыларды қалпына келтіруге 6 сағат уақыт беріледі. Бірақ Гүлнәр секілді білікті мамандардың арқасында локомотивтер 1,5-2 сағат ішінде жолға шығып жатады. Техникалық нұсқаулықта жоспарлы 6 сағат жалпы олқылықты қалпына келтіріп, жөндеп шығару үшін қажет деп көрсетілген. Алайда, іс-жүзінде алдын ала қалпына келтіріліп, дайындалған ДУ құрылғысын ауыстыру арқылы уақыт үнемделеді. Бұл да бір тәжірибеден туындаған тапқыр шешім болса керек. Ал локомотивтің құрылғысын едел-жедел ауыстырып, аттандырған соң одан шешіп алынған құрылғы асықпай жөнделіп, кем-кетігі түзеледі де резервке қойылады.

Гүлнәр Оңалбекқызының айтуынша, бүгінде осы бір жинақты ДУ құрылғысының 16 және 25 келілік екі түрлі қобдишасы бар. Шымкент қаласының локомотив пайдалану депосында орналасқан цехта аталған құрылғы түрлерінің әр бірінен кемі 3-4 жинағы резервте дайын тұрады. Негізінен жарты жыл сайын ауыстырып немесе қайта тексерістен өткізілуі тиіс ДУ құрылғысына қатысты жұмыстардың бәрі де осы цехта орындалады.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл