Теміржолшылар су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде

Қауіпсіздік
24.02.2023, 09:22
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы ақпан айында ауа-райының жылымықты болуы Сыр өңіріне жауған қардың ерте еруіне ықпал етті. Нәтижесінде жергілікті теміржолшылар үшін су тасқынына дайындық жұмыстары да ерте басталды.

Әдетте «қыс шанасын жазда сайлап» үйренген теміржолшылар мұндай маусымдық шараларды ерте бастан жоспарлап үйренген. Сырдарияның жағасында орналасқан қызылордалық теміржолшылар өзеннің көктем кезінде арнасынан асып, таситын тосын мінезіне үйренген, сондықтан қауіптің алдын алып, тасқынға сақадай сай болып отырады. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов биылғы маусымға әзірлік жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп, арнайы комиссия құрамы жол бойындағы қауіпті саналатын аумақтарды анықтап, бақылауға алғанын білдірді.  

– Көктемгі еріген қар мен жаңбыр суын пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, жол бойындағы нысандардан қауіпсіз өткізу мақсатында Компанияның басқарма басшысының орынбасары Қ.Әлмағамбетовтің №957-ЦЗ бұйрығы негізінде Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараевтың қаңтар айындағы №5 бұйрығы бойынша арнайы мамандардан жасақталған комиссия құрылды. Олар қауіп-қатері басым жерлерді анықтап, сол маңдағы су көздерінің деңгейі қатаң бақылануда. Қазіргі таңда су тасқынына дайындық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Тосын жағдай орын ала қалған жағдайда іске қосылатын үш пойыз жасақталды. Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл станцияларында жабдықталған арнайы пойыз вагондарына өндіріске жарамсыз рельс тізбектері, құрал-саймандар мен арнайы киімдер, сан түрлі құтқару құрал-жабдықтары, құм-тас толтырылған қапшықтар тиелген. Дайындық жұмыстары күнделікті пысықталып, жағдай бақылауда тұр дейді, – бас инженер Берік Бекжанов.  

Сонымен қатар комиссия мүшелері аймақ теміржолы бойынша қауіпті саналатын Жосалы – Абыла, Тереңөзек – Қараөзек, Қызылорда – 14-бекет, Шиелі – Түркістан телімдеріндегі металлқұрылымды, темірбетоннан жасалған көпірлердің, жол төсемдерінің қарқынды суды өткізу мүмкіндігіне және тасқын кезінде қауіптілік деңгейіне бақылау жүргізуде. Осы аймақтағы құзырлы органдармен тығыз байланыс орнатып, тосын жағдайдың алдын алу шараларын пысықтауда.  

Аймақтағы ахуал толықтай бақылауда, Сырдария өзені, кішігірім өзен-көлдер арналары, Айтек және Тасбөгет су қоймаларына жиналған су деңгейінің сағат сайын өлшемі алынуда. Тәжірибелі теміржолшылардан құралған, көпір шеберлерінің басшылығымен құтқару бригадалары жасақталып, арық-жыралар қайта аршылып, қатқан мұз тұрып қалуы мүмкін құбырлар тазаланып, өздігінен қозғалатын дрезиналар (МПТ, АГД, АС және ДГКУ) мен автокөлік, тракторлар қажетті жанар-жағармай қорымен қамтылып, сақадай сай тұр.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды