Қауіпсіздік жол картасының арқасында жол-көлік оқиғалары 15 пайызға азайды

Қауіпсіздік
17.03.2023, 09:44
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» компаниясында 2022-2024 жылдарға арналған ҚР теміржолдағы қауіпсіздік пен мүліктің сақталу деңгейін арттырудың жол картасын жүзеге асыру жөніндегі кеңейтілген отырыс өтті. Еске сала кетсек, аталған Жол картасы ҚТЖ, ҚР ІІМ және ҚР ИИДМ арасында жасалған болатын.

Компания басшысы Нұрлан Сауранбаев төрағалық еткен жиынға ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері басшылары, ІІМ көліктегі полиция департаменті өкілдері және бейнеконференция арқылы өңірлердегі бөлімше басшылары да қатысты.

Отырыс барысында теміржолда қауіпсіздікті жақсартуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмасып, ақпарат бөлісті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Жол картасы іс-шараларын жүзеге асыру аясында теміржол нысандарында бейнебақылау камераларын орнату, қоршаулар салу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғалары мен пойыздың мал мен адам басу жайттарын 15 пайыз азайту мүмкін болған.

Компания төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, аталған Жол картасы 11 тармақтан тұрады, бүгінде екеуі толықтай орындалды, қалған тармақтар да жүзеге асырылып жатыр.  

– Жол картасының негізгі бағыттары – бейнебақылау камералары мен видеорегистраторлар орнату, қоршаулар және жылжымалы құрамды бақылау құралдарын қою арқылы профилактикалық шаралар қабылдау. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 25 бағыттағы жолаушылар пойыздарындағы вагон-мейрамханалар мен барларға бейнебақылау камералары қойылды. Вагондарға салмағы тым асып кеткен немесе жетпей қалатын жүктерді алмау үшін былтыр вагон таразылар орнатылды. Жолдар арқылы азаматтардың қауіпсіз өтуі және адам басу оқиғаларын болдырмау үшін ескерту белгілері жаңартылып, станция жолдарын қоршауға дайындық жұмыстары жүруде. Сонымен қатар жолға мал шығып кетпеуі үшін қоршаулар салу, бұрынғыларын жөндеу жұмыстары жалғасын тауып, былтыр 1000 км-ге жуық қоршау салынды, биыл 1500 км қоршау салу және жаңарту көзделуде. Мемлекеттік органдар, көлік прокуратурасымен бірлескен іс-шаралардың арқасында өткен жылы адам басу оқиғалары алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 оқиғаға, мал басу 151 оқиғаға азайды, – деді Қ. Әлмағамбетов.  

Сонымен қатар теміржолшылар қауіпсіздік пен теміржол мүлкін сақтау саласында құқықтық заң актілерін белсенді ету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру керектігін айтты. Атап айтқанда, белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткені үшін салынатын айыппұл көлемін 3 АЕК-ден 7 АЕК-ге дейін арттыру, жүргіншілер көпірі мен станцияларды қоршау бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының құзыретін заңды тұрғыда қарастыру, теміржол өткелдерінен өту ережесін бұзған автокөлік жүргізушілеріне салынатын әкімшілік жауапкершілікті қатаңдата отырып, оларды көлік жүргізу құқығынан айыруға дейін жазалау туралы және тағы бірқатар ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында тараптар жолаушылар үшін сервисті жақсарту және көлік кешені нысандарында қауіпсіздікті нығайту бойынша екі жақты шешімдер қабылдады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды