Жол картасы: қауіпсіздік деңгейі артуда

Қауіпсіздік
17.05.2024, 11:01
Суретті түсірген Диас НҰРМАҒАНБЕТОВ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында темір жолда мүліктің сақталуы мен қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселесіне қатысты кеңес өтті. Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов жетекшілік еткен жиынға ҚР ІІМ-нің Көліктегі полиция департаменті өкілдері қатысты.

Жол картасы аясында ауқымды шаруалар атқарылған. Айталық, Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарының перрондарына полицияның жедел пункттері орнатылып, барлық бағдарларда қатынайтын жолаушылар пойыздарындағы вагон-мейрамханаларда және вагон-барларға жолаушылар қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары қойылған. Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау үшін теміржол станциялары мен вокзалдар қосымша бейнебақылау камераларымен жарақтандырылмақ. Бейнежазба полиция бөлмелеріндегі мониторларға келіп түсіп, дерек 30 күнге сақталады.  

Көліктегі полиция өкілдері вокзалдардан жолаушылардың қол жүктерін арнайы аппарат арқылы тексеріп өткізу оң нәтижесін беріп, қауіп-қатердің алдын алуға септігін тигізіп отырғанын атап өтті. Алайда, вагондардың барлығы бейнекамерамен толық жабдықталмағандықтан, кейбір заң бұзушылық әрекеттер дәлелсіз қалып жатқанын, сондықтан осы мәселені оң шешу жағын қарастыру қажеттілігі айтылды.

ҚТЖ өз кезегінде локомотивтердің шұғыл тежеу қолданғанын, кестеден тыс аялдауын және жазатайым оқиғаларды тіркеу үшін сыртқы және ішкі бақылау бейнетіркегіштерімен жабдықтауды жалғастыруда. Қазіргі уақытта бейнебақылау жүйесі 347 локомотивте орнатылып, жұмыс істеп тұр. Тағы бір атап өтерлігі, еліміздің зауыттарында құрастырылып жатқан локомотивтер бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.  

Сонымен қатар ұлттық компанияда тасымалдау процесінің тиімділігін және магистральдық желіде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін «Цифрлық шеңбер» жылжымалы құрамды бақылау жүйелерінің ауқымды жобасы іске асырылуда. Осыған орай, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңаарқа, Арыс, Қандыағаш және Локоть станцияларында лазерлік құрылғыларды, лидарлар мен өлшеу аспаптарын қолдана отырып жүктердің жай-күйін анықтауға, бейнебақылау жүргізуге мүмкіндік беретін рамка орнату жоспарлануда. Ал станцияларда келіп және кететін вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыратын қолданыстағы 40 кешенді жаңғырту көзделіп отыр. Сондай-ақ пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететіндіктен, вагондарға шамадан тыс жүктің тиелуіне немесе жүктің жетіспеуіне жол бермеу үшін Риддер, Аягөз, Шу, Шымкент, Түркістан, Дегелең, Алматы-1, Шиелі, Шетпе, Өзен, Павлодар, Тобыл, Қостанай, Алтынкөл, Сарыағаш, Ганюшкино және Шарбақты станцияларының парктерінде жылжымалы құрамды өлшеу үшін вагон таразылары орнатылған.  

Теміржолда адамдар мен малға соқтығысу оқиғаларының санын азайту үшін профилактикалық іс-шаралар белсенді жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі күнге дейін 540-қа жуық тыйым салатын ескерту белгілері жаңартылса, осы жылдың соңына дейін тағы да 209 белгі жаңартылмақ. Сонымен қатар жыл сайын темір жолдарға малдың шығуына тосқауыл болатын 1000 км жол бойына қоршау құрылғылары орнатылып келеді. Теміржолда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытында теміржолшылар мен тәртіп сақшылары алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге келісті.  

 

Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек