Арыстағы музейге көне паровоздар қалай жеткізілді?

Темір жол тарихы
09.09.2022, 10:47
Оқуға 3 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Ежелден теміржолшылар қаласы атанған Арыс өткен ғасырдың басында салынған Орынбор – Ташкент магистралінің бойында, тоғыз жолдың торабында тұрған ірі тораптық станция орталығы. Өткен жылы қаланың 90 жылдық мерейтойы құрметіне ашық аспан аясында мұражай ашылып, онда басты және бағалы экспонат – көненің көзі шойын паровоз тұғырға қойылды.

 Жалпы қалада аспан асты музейін ашып, ескі паровоз әкелу туралы ұсынысты қалалықтармен қатар теміржолшылар қуана қолдады. Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай, республика бойынша қолды болудан, бөлшектеуден аман қалған паровоз іздестіріліп, оларды Арыс қаласына әкелу үшін орасан зор жұмыс атқарылғанын көпшілік біле бермейді.  

Саралау нәтижесінде, елдегі теміржол мекемелеріне қарасты тұйықта тұрған бас-аяғы 4 паровоз бар екені анықталды. Оның біреуі – Шуда, қалған үшеуі Шығыс Қазақстандағы Шемонайха станциясында тұрғаны да мәлім болды. Жалпы, бұл іске қала әкімінің ұсынысымен Шымкент магистральдық желі дирекциясы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Құрметті теміржолшы Мақсұт Іскендірұлы тартылды. Өйткені, ол осыған дейін Түркістан локомотив пайдалану депосының ауласына көне паровоздың бірін қойған тәжірибелі теміржолшы еді. Сонымен қатар, Арыс қаласындағы теміржол училищесінде білім алып, еңбек жолын осы жерден бастағандықтан іске нағыз жанашыр азаматтың бірі ретінде белсене кірісті.  

Көп ұзамай Мақсұт Іскендірұлы сол паровоздарға арнайы барып, жай-күйін көзбен көріп, фото, видео түсірілім жасап, мүлік иесіне қатысты деректерді жинап қайтты.  

Кейіннен тиісті мекеме, жауапты мамандарға хат жолданып, келісімдер жасалды. Әрине, кезінде таза шойыннан құйылған қара темірдің қарабазардағы бағасы қымбат. Ал ебін тауып есептен шығарып, «екі асағысы» келетін пысықайлар да аз емес. Сондықтан «бізде паровоз жоқ» деп көне жәдігерден айрылғысы   келмей кедергі жасағандар да болмады емес, болды...  

Теміржолшылар қаласының әкімі ҚТЖ басшылығына дейін шығып, кіріс-шығыс хат ұйымдастыру мен ақпарат жинау, талдау, оны жауапты мамандарға жеткізу секілді мың-сан жұмыстардан кейін Шемонайха станциясынан екі паровоз Арыс қаласындағы локомотив пайдалану депосының балансына өткізілетін болып шешім қабылданды. Ал оған күтім жасап, қадағалау жауапкершілігі қала әкімдігіне жүктелді.  

Одан кейінгі кезең – Якутияның Улан-Уде қаласында 1946 жылдары шыққан Л №0091 және Л №4668 нөмірлі қос паровозды Арысқа жеткізу мәселесі еді. Салмағы жүздеген тоннаны құрайтын «зіл қара темірді» бірнеше бөлшекке бөліп вагонға тиеу, оның жүрер жолының құжаттамалық картасын жасау, тасымалдау уақытын   нақтылап, бекітудің артында қаншама теміржолшының қажыр-қайраты мен еңбегі жатты.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен өзге де жекеменшік теміржол мекемелерінің атсалысуымен қос паровоз 11 вагонға тиеліп, апта ішінде Арысқа жеткізілді. Оны түсіріп, жүк көлігімен діттеген орынға жеткізу бірнеше тәулік бойы күндіз-түні жүргізілді. Өйткені, тасымалданатын жүк габариттен тыс және салмағы да жеңіл емес. Мысалы, паровоздың доңғалақ жұбы мен аралық белдеу темірі – ең кіші бөлшек болғанымен, оның салмағы 32 тоннаны құрады. Ал мұндай салмақты көтеретін кранды Шымкенттен арнайы шақыртуға тура келді.  

Сөйтіп, бас-аяғы екі айға жуық уақытта Арыс қаласының кіреберіс қақпасы саналатын «Дендросаябақ» күрделі жөндеуден өткізіліп, «Теміржолшылар саябағы» деген атаумен ел игілігіне берілген демалыс аймағының маңындағы арнайы орынға қос паровоз қойылды. Оны қайта құрастырып, кем-кетігін бүтіндеп, бояп-сырлау жұмыстары теміржолшыларға оңайға түскен жоқ. Десек те, «Орта Азияның қақпасы» атанған теміржолшылар қаласында қасқайып тұрған көненің көзі – отарба сол қиындықтың бәрін ұмыттырып, бүгінде қала халқының мақтанышына айналып үлгерді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды