«Гиннестің рекордтар кітабына» лайық жоба

Темір жол тарихы
29.12.2022, 09:16
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Осыдан біраз жыл бұрын, дәлірек айтсақ 2004-2005 жылдары  Қазақстан темір жолында елеулі оқиға орын алды.  Естіген елді елең еткізіп, кереметті көзімен көргендерді тамсандырып таңқалдырған оқиға -  теміржолда, тіпті әлем тәжірибесінде  бұрын-соңды болмаған екен... 

Ол Қазақстан темір жолының бес қабатты үйдің көлеміндей алып жүкті  тасымалдауы еді. Шетелден ақтау теңізі арқылы корабльге тиеліп жеткізілген тұтас бір зауыттың жабдықтарын Теңізшевройлға жеткізу миссиясын ҚТЖ-ның Маңғыстау бөлімшесі жүзеге асырды.   Ол жылдары  қазіргідей темірбетон негізге көшірілген сапалы жол да, дамыған заманауи техника да жоқ. Дегенмен көптеген қиындық кедергілерге қарамастан маңғыстаулық теміржолшылар өз миссиясын абыроймен атқарып шықты.  Сырттай қарағанда теміржолмен бейне бір алып зауыт көшіп келе жатқандай көрініс туғызатын заңғар жүкті түбектің ойы мен қырынан құлатпай, қадағалап жеткізу үшін алдын ала біраз қаншама дайындық жұмыстары жүргізілгенін сол кезде осы жобаның басы қасында болған ардагерлер әлі күнге жыр қылып айтып отырады. 

 

- Негізгі мақсат - 104 корабльге тиеліп, су жолымен әкелінген жүкті   Маңғыстау – Құлсары – ТеңізШевройлдың 8-бекетімен қауіп-қатерсіз жеткізу болды. Ол "Теңіз Шевройл" мұнай зауытының Америка, Жапония, Германиядан теңіз жолы арқылы алдырып, Ақтау портында құрастырылған жабдықтары мен бөлшектері болатын. Маңғыстаулық теміржолшылар 96 дана аса көлемді және салмақты жүкті тасымалдау үшін 61 рет пойыз жүргізді, оның әр сапары тәуекелге толы болды.   Кейбір жүктердің ауқымы да, салмағы да үлкенеді, 500 тоннаға жететін. Ең ұзыны 66 метр, бес вагонмен шамалас. Оны "Ракета" деп атадық. Бес вагонның үстіне орналастырдық. Салмақ әр оське шаққанда 18-20 тоннадан келіп, пойыз жылдамдығы тік жолда 30-40 км/сағат, бұрылысты 20-25 км/сағат, бекеттерде, бұрмаларда 5 км/сағат болуы қадағаланды. Бұрын әлем тәжірибесінде болмаған тасымалдаудың үдерісін арнайы вагон зертхана ілесіп бақылап отырды. Онша ірі емес, түрлі деңгейдегі жүктер де болғандықтан инженерлік рама тағайындалып, соған орналастырылды. Инженерлік раманың өз салмағы 150 тонна. Ені 10 метр. Биіктігі жерден есептегенде 12 метрге баратын,- деп еске алады   ардагер  теміржолшы Ізмағанбет Өмірұзақ.

Ерекше жүктің алғашқы партиясы  2004 жылдың 4 шілдесінде Маңғыстау (Маңғышлақ) станциясынан жөнелтілген. Ал зауыттың бүкіл жабдықтарын тасымалдауға бас-аяғы  бір жыл екі ай уақыт кетті. Бұған дейін мұндай жоба тәжірибеде кездеспегендіктен бүкіл ел назары Қазақстанға ауған.  Шетелдіктер де жарыса жазып жатты. Қазақстан темір жолының беделі   қыл үстінде тұрғандай еді... Сондықтан отандық теміржолшылар әрбір маршрутты мұқият жоспарлап, зерттер, үлкен дайындықпен, сақтақпен жүзеге асырды. Мұндай ерекше  жүк тиелген  пойызды алып жүру арнайы сынақтан өткен локомотив бригадаларына жүктелді. Ауыр салмаққа төтеп беретін жаңа рельстер төселіп,   габариті аса үлкен жүктің өтуіне кедергі келтірмес үшін 605 шақырым аумақтағы бағдаршамдар кішкентай ергежейлі (карликовый) түріне ауыстырылып, ауыстыруға келмейтіндері тиісті арақашықтыққа ығыстырылып қондырылған. Кей жерлдерде жол үстімен өтетін көпірлер реконструкцияланған.  

Бірақ, бір өкініштісі, осынша қажыр-қайратты талап еткен ерекше жоба  Гиннестің рекордтар кітабына кірмей қалған. Қазірге дейін түбектік теміржолшыларды қынжылтып, әтегенай дегізетін өкініш осы.   Ал бұл шын мәнінде   «Гиннестің рекордтар кітабына» лайық жоба еді.    

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады