Бір жәдігердің тарихы

Темір жол тарихы
22.04.2025, 09:12
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жол бөлімшесіндегі музейде Ұлы Отан соғысы жылдарынан қалған жәдігерлер аз емес. Солардың ішінде ертеректе майдангер-машинист әкеп тапсырған неміс танкісінің айнасы келушілердің назарын аудармай қоймайды.

Қабырғаның төрттен бір бөлігінде жауынгерлердің теміржол бойымен кезекті шабуылға шығып бара жатқан сәтінен көрініс беретін үлкен картина банері ілінген. Кіріп келгенде қара түсті бояумен салынған тұтас бір полотно секілді әсер қалдырады. Ал теміржолшылардың майдан даласынан әкелген жол қапшығы, оқ-дәрілердің түр-түрі әйнекпен қапталып, мөрленіп-жабылған екі ұзын сөреде сақтаулы тұр.  

Ұлы Отан соғысында жеңісті жақындатуға теміржол мен теміржолшылардың қосқан үлесі өте зор. Сондықтан Жамбыл жол бөлімшесінің музейіндегі соғыс тақырыбына арналған бұрыш көпшіліктің назарында. ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосында еңбек еткен майдангер-машинист Валентин Филлипович Захаров тапсырған неміс танкісінің айнасы жайлы әңгімені тыңдаушылар қатары да азайған емес. Жауынгердің жол қапшығында жүріп беті әбден сырылған айнаның шетінен «Вермахт» белгісі әлі өшпеген.  

Ұлы Отан соғысы жылдарында фашистердің «Тигр» (Tiger), «Пантера» (Panther) деген танктері туралы білеміз. Деректерде бұл танктер майдан даласына 1943 жылы келе бастағаны жазылған.  

Оған дейін Кеңес әскерінің 45 миллиметрлік танкіге қарсы зеңбірегі сенімді қару саналған екен. Қарсы жақтың танкілерін бұйым құрлы көрмей, істен шығарып отырған. Ал майдан даласына «Тигр» мен «Пантера» танкілері келгеннен кейін жарамсыз болып қалған. Міне, бұл – сол немістің атақты «Тигр» танкісінің айнасы екен.  

– Кезекті шабуыл кезінде кеңес жауынгерлері жау танкісін істен шығарып олжалаған айнаны өзімен бірге сонша жыл жолқапшығында тасып, елге де ала келген Захаров оны кейін локомотив кабинасына іліп қойып, талай жыл пайдаланған көрінеді. Тек зейнетке кетерде музейге тапсырып кетіпті, – дейді мұражай меңгерушісі Венера Букенова.  

Валентин Филиппович ҰОС-да бронетранспортер, танкке қарсы қолданылатын қарулар ротасының командирі болған. Елге оралған соң ұзақ жыл машинист болып еңбек еткен.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады