Түрксіб: нағыз халықтық құрылыс болды

Темір жол тарихы
22.05.2020, 14:01

Түрксіб қазақтар үшін техника әлемінің бастауы болғаны анық. Соғыстан кейінгі жылдары еңбек жолымызды бастаған біз сол Түрксібті салған құрылысшыларды, жергілікті халық арасынан өсіп шыққан алғашқы теміржолшыларды көріп, әңгімесін өз ауыздарынан тыңдау бақытына ие болдық.

«Оған дейін ата-бабамыз көшпенді халық болып, қазақтың ен даласында қыз ұзатып, келін түсіріп құдандалы болғанда апталап, айлап сапар шегетін қазақтар шойын жолдың кереметін көзбен көргенде бас иіп, керуенмен апта жүретін жолды бірер сағатта жүріп өтетін пойыздың құдіретті күшіне таң қалғамыз. Паровозды «қара арғымақ» дейтінбіз. Оның жүрісіне, пошымына сүйсінгенбіз. Құлақты жара ысқыруына тіпті елегізитінбіз...» деп әңгіме айтатын олар.

Ол ол ма, тарсылдап тәулік бойы бір тынбай жүріп жата- тын пойыздарды қазақтар қанша ел мен жерді, әулиелерді басып жететін киелі көлік санаған.

Тумай жүрген әйелдер пойыз өткенде теміржол көпірі астына барып тұрып, Алладан бала тілеп сыйынатынын бала кезде өзім де көргем.

Бір жолы Әлиман деген жеңгем бала мені қолымнан жетектеп барып екеуміз тарсылдап-гүрсілдеп пойыз түгел өтіп кеткенше көпір астында тұрғанбыз.

Әрине, қазақ жерінде Түрксібтен бұрын 1904 жылы Орынбор-Ташкент теміржолы іске қосылды. Дегенмен онда біз жұмыс істеген жоқпыз, құрылысына қатыспадық.

Себебі ол кезде қазақтар қабылданбады. Ал 2014 жылдары Арыс станциясынан шығысқа қарай «Жетісу» теміржолы салына бастағанда жергілікті қазақтар оның құрылысына араласты. Қазақтың тұңғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышпаев басшылық жасаған құрылысқа қатысып, теміржолдан сауатын ашқан санаулы қазақтар болды. Кейіннен олардың бірсыпырасы Түрксіб құрылысына да қатысқан.

Ал енді биыл 90 жылдығы аталып өтіп отырған Түрксіб теміржолы нағыз халықтық құрылыс болды.

Оның құрылысына қазақтар жаппай атсалысты. Алдымен тас жер қазып, топырақ тасып қара жұмыс істесе, соңғы жылдары жол салу ісіне де араласа бастаған. 1927 жылы басталған құрылыста 1930 жылы 50 мың адам жұмыс істеген деген дерек бар. Ұзақтығы – 1470 км болды. Түрксіб ұлттық мамандарды дайындаудың ордасы болды.

Құрылыс жылдарында 10 мыңнан астам көшпелі қазақтар теміржол ісін меңгерді, олар маман жұмысшыға айналды.

Олардың қатарында Жамбыл локомотив депосынан шыққан слесарь Тіленші Аппаев пен пойыз құрастырушы Жолшы Сыздықовтар Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жерлестерінің мәңгі мақтанышына айналды. Ж.Омаров, С. Байжанов, К. Мұхамеджанов, Б. Пірманов, Т. Ташенов секілді қабілетті, дарынды басшылар өсіп шықты. Мен өзім патшалық Россия кезінде, сонау Петербордағы Мұхамеджан Тынышпаев оқыған жоғарғы оқу орнын оқып бітірдім. 1956 жылы теміржол инженері дипломымен елге оралып, Қазақстан темір жолында қырық жыл жемісті еңбек еткенімді мақтанышпен айта аламын.

Сондықтан, Түрксібтің 90 жылдық мерейтойы барша қазақтың тойы деп білемін.

Әбдуәлі ДАНАЕВ, Жамбыл Құрметті теміржолшы


Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді