Қарттар үйіндегі теміржолшы

Әлеумет
02.10.2023, 12:11
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі Қарттар үйін түрлі тағдыр иесі паналап жүр. 20 жылдан аса уақыт Шалқар депосында еңбек еткен Сейсенғали ақсақал да бүгінде әлеуметтік орталықтың тұрғыны.    

Әлеуметтік орталық қызметкерлерінің сөзінше, мұнда бала-шағасы бар қарттар да, жақынынан айырылып, жалғыз қалған жандар да тұрады. 68 жастағы бұрынғы теміржолшы Сейсенғали Әуезовтің келгеніне жылға жуықтаған.  

– 1955 жылы Шалқар ауданында тудым. Мал да бақтым, теміржол саласында да жұмыс істедім. Шалқар депосында слесарь болып еңбек еттім, – деді қарт теміржолшы қимастықпен. – Осында келгеніме қазан айында бір жыл толады. Жақсы, шүкір. Тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк. Жақын-жуық жоқ емес, бірақ өз отбасың болмаған соң қиын. Бала-шаға жоқ. Ағайым қайтыс болған соң осында келдім.  

Қария теміржолда жұмыс істеген кезін қимастықпен есіне алды. Теміржолдағы тәртіпке үйренген ақсақалға мұнда тұру қиынға соқпаған. Керісінше, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жүр, айналаны сыпырып, ағаштар мен гүлдерді баптайды.  Қарияның еңбексүйгіштігін бағалаған әлеуметтік орталық басшылығы жарты күндік тәртіппен жұмысқа алған.  

– Жұмыссыз қарап отырған қиын екен, ауланы тазалап, ағаштарды баптап, гүл суарып, түске дейін далада жүремін. Таза ауа, демалыс сияқты. Жылыжай бар аулада. Соны қараймын, – дейді.  

Қария түстен кейін бос уақытын кітапханада өткізеді. Кітап, газет-журнал оқиды. Жаңалықтар қарайды. Өзі секілді тағдырластармен шүйіркелесіп, бірге шай ішеді. «Ел тыныш болсын, егініміз көп, нанымыз мол болсын. Бастысы – денсаулық», – деп тілегін айтқан қария өзін қарттар күнімен құттықтай келген бізді қақпаға дейін шығарып салды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды