Қызылордалық Төлеген Жүнісов – көзі тірі санаулы майдангердің бірі

Әлеумет
09.05.2019, 10:11
sabyrkhan-seyilbekuly

Қызылордалық Төлеген Жүнісов – көзі тірі санаулы майдангердің бірі. Тереңөзек ауданында туған ақсақал биыл 95 жасқа толып отыр. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың мамыр айында аттанып, майданда көрсеткен ерлігі үшін I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги» және «За отвагу» секілді бірнеше орден, медальдармен наградталған.

Украина майданында соғысқан кіші сержант Төлеген Жүнісов жаяу әскер құрамында болған екен. Харьковты басқыншылардан тазартқаннан кейін жаудың соңынан түскен Қызыл Армия қатарында Украинаның Прискуров, Тернополь, Львов қалалары маңында жаумен шайқасады.

– Ол кез – Қызыл Армияның өз әскерін қару-жарақпен толық қамтамасыз ете бастаған кезеңі. Ал немістердің «Тигр» атты ағаш арасынан байқала бермейтін, тарғыл танкісінің соғысқа кірген уақыты болатын. Соғыстың қызып жатқан бір кезінде маған қарап жаудың екі «Тигрі» келе жатқанын байқап қалдым. Қолыма 5 килолық танкіге қарсы лақтыратын гранатты алып, танкіден тығылып үлгердім. Себебі, бұл танк соғыс қимылына қажетті құрал-жабдықпен жақсы жарақталған және де сол люк арқылы жан-жағын, алды-артын қарап бақылай алатын жетілдірілген түрі болатын. Егер танк ішінде неміс көріп қалса, аман қалдырмайтыны кәдік. Мен тығылдым десем де, танк маған тіке келе жатыр, жақын жерде қазулы жатқан траншеяға жасырындым. Танк дәл менің үстіме келіп шыр айнала бастады, алайда, танк бір айналғанда мен траншеядан қашып үлгердім. Менің алғаш жасырынған орнымда айналып, жерді жаншылап жатқан танк алға жылжығанда артынан келіп граната лақтырып, танкіні жарып жібердім, – дейді соғыс кезінде есте қалған сәттерді әңгімелеген жеңіс солдаты сол жолғы ерлігі үшін «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталыпты.

Жауды тысқырып қуған жеңімпаз Қызыл армия сапында Берлинге дейін жеткен майдангер жеңістен кейін елге қайтарылмай Берлинде қалып, қала маңында «патрульдік» қызмет атқарады.

– Қызметіміз қаладағы тәртіптің сақталуын қадағалау болды, – деп еске алады Төлеген ата. – Соғыс аяқталғаннан кейін Германияның барлық қалаларында жеңімпаз Совет солдатының ерліктері бейнеленген суреттер ілінетін. Бұл немістерден кегімізді қайтарудың бір жолы деп түсіндік. Біздер кезекшілікпен қаланы бақылауға шығамыз. Бір күні бір неміс әйелінің жинаулы тұрған мая шөптің үстіне саты қойып шығып жүргенін байқадым. Әйел ымырт түсе бастағанда қолына шелек алып маяның үстіне шығады да қайтадан жерге түседі. Не де болса мына шөптің астында біреудің жасырылғанын сездік те, аңдуға кірістік. Маяның ішіне жасырынған жоғары шенді неміс офицері, жаңағы әйелдің күйеуі екен, қолға түсіріп, тиісті жерге өткіздік.

1946 жылы Ұлы Отан соғысынан оралған Төлеген Жүнісов өз ауылына келіп, бейбіт еңбекке араласады. Теміржолдағы жұмысы жол монтері болудан басталады. Тозығы жеткен шпалдарды ауыстыру, төсеу, шегендеп қағып, бекіту секілді жұмыстарды тастай етіп кәсібіне тез төселеді. Кейін Қараөзек станциясында ОРС НОДтың жылжымалы вагон-дүкенінде сатушы қызметін атқарады. 1983 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек етеді. Қызметі аймақтағы 31-бекет пен Арал теңізі станциясына дейінгі аралықтағы белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік жұмысына қажетті құрылғыларды керекті нүктелерге жеткізіп беру болыпты.

– 18 жасымнан бастап соғысқа қатыстым. Осы жастан бастап адам қанын төгуге мәжбүр болдым. Қазір осы жайлар мені толғандырады. Өйткені мен жаудың жауынгерін өлтірдім, ал оны өлтірмесең ол сені өлтіреді. Бірақ жау дегенмен ол да адам баласы ғой. Адам қанын төгу оңай емес, қарақтарым, Отан үшін отқа түстік. Ол от бізді жаудан аман алып қалды. Бірақ талай боздақ менің жасымда, тіпті кейбірі менен де жас шағында қыршын қиылып жатты. Кейде кебінмен емес, кебенекпен көмілген боздақтар, майдандастар есіме түскенде, мен ертең Құдайдың алдына барғанда не деп жауап берер екенмін деп ойланамын, – деп толғанған қарияны жұбатуға тырыстық...

Адал еңбекпен күн көріп, төрт бала өсіріп, олардан сегіз немере, екі шөбере сүйіп отырған қарияға қалалық әкімшілік тарапынан 2010 жылы бір бөлмелі үй беріліпті.

Сабыр СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады