Сарышаған станциясына – 70 жыл (Фото)

Станция тынысы
10.08.2023, 12:36
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Құрылысы 1947 жылы басталып, 1953 жылы пайдалануға берілген «Мойынты-Шу» телімінің бойындағы Сарышаған станциясы 70 жылдығын атап өтті. Станция әкімшілік аумағы бойынша Қарағанды облысы Ақтоғай ауданына қарайды. Жеті мыңға жуық тұрғыны бар Сарышағанда халықтың 75 пайызы – теміржолшылар.

Көлік қызметкерлері күніне орайластырып «Туған жерім – тұғырым» атауымен айтулы датаны атап өткен сарышағандықтар Балқаш көлінің жағасына бірнеше киіз үй тігіп, ат жарыс, бәйге, палуандар күресі, қол күресі және ақындар айтысы ұйымдастырылды. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Молдахмет Қожабеков пен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Сұлтан Борамбаев сарышағандықтарға құттықтау жолдап, бөлімшенің кәсіподақ комитеті сыйлыққа үлкен теледидар табыс етті. Сарышаған жол дистанциясында 40 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жолшы Ербеусін Сүйіндіков пен Шу локомотив пайдалану депосы Сарышаған айналым депосының тепловоз машинисі Мұхтар Құтжан «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталуы мерейтойдың салтанатын асыра түсті. Осы станцияда еңбек еткен Құрметті теміржолшылар Үсен Оңлабаев, Қайрат Терлікбаев, Бақытжан Шоқпаров, Бейсенбай Жаңбырбаев, Кентай Ахметов қонақ ретінде төрден орын алып, ізгі тілектерін білдірді.  

Тарих бетіне көз жүгіртсек, 1949 жылы Сарышаған станциясында жұмыс қызу жүріп,  вокзал, паровоз депосы, сумен жабдықтау пункті, т.б. нысандар салынып бастаған. 1950 жылы 21 желтоқсанда Мойынты және Шу станцияларының арасында желінің солтүстік, оңтүстік телімдері түйісіп, Қарағандыдан Алматыға көмір тиелген алғашқы пойыз өткізілді. Желіні салу кезінде 9 миллион куб метр жер қазу жұмыстары атқарылды, 2117 жасанды құрылыстар салынды, 500 км астам рельс төселді, шамамен 4 мың км байланыс желілері тартылды.  

Мойынты – Шу темір жолының бойында, Балқаш көлінің жағасындағы елсіз өңірде Сарышағаннан бөлек Шығанақ, Мыңарал, Қияқты, Хантау, тағы басқа станциялар мен бекеттер пайда болып, оларда теміржолшылар қоныстана бастады. Әрбір аралық станцияда вокзалдар және жолаушы платформалары, 347 тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық және коммуналдық арналымдағы нысандар, қоғамдық тамақтану, сауда және денсаулық сақтау нысандары салынды, соның ішінде Сарышаған станциясындағы 150 орындық клуб, Сарышаған және Шығанақ станцияларында 720 балаға арналған мектептер, теміржолшылардың балаларына арналған балалар бақшасы мен интернат салынды. Содан кейінгі жылдары Сарышаған станциясында аурухана мен амбулатория, ал Шығанақ станциясында медпункт салынды. Барлық станцияларда наубайханалар, асханалар, дүкендер, перрондық дүңгіршектер тұрғызылды. Барлық жерлерге су құбырлары тартылды. Толықтай алғанда Мойынты – Шу теміржол желісі және ондағы станциялар мен бөлектелген пункттердің орналасуы сәтті жобаланғанын атап өту керек.

1953 жылдың 25 қазанында Шығанақ станциясында Мойынты – Шу желісінің  іске қосылуына арналған митинг өтіп, Қарағанды көмірі тиелген алғашқы пойыз жаңа теліммен сапарға шықты. Ал 27 қазаннан толыққанды пайдаланымға беріліп, жүк және жолаушы тасымалы үшін ашық болды.    

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды