Ганюшкино станциясы: Атырау мен Астрахань арасында

Станция тынысы
13.07.2021, 14:16
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ганюшкино станциясы өткен ғасырдың 70-ші жылдары Атырау-Астрахань темір жолы пайдалануға берілген кезде құрылған. Ресейдің Астрахань облысына небәрі 80 шақырым қашықта орналасқан үлкен станция. Бұрынғы Ганюшкино ауылы бүгінде Ақкөл болып өзгергенімен, станция атауы сол қалпы. Шекараға жақын шалғай бекет жарты ғасырдан астам уақыт теміржолға мінсіз қызмет етіп келеді. Бүгінде станцияда 12 жол бар. Жұп паркте сегіз жол, тақ паркте төрт жол. Ең ұзыны 1735 метрді құрайды. Ал станция жолдарының мұндай ұзын болуы маневрлік жұмыстар жасауға қолайлы, сондықтан мұнда пойыздардың тұрып қалуы сирек. Бірақ кейде жүк түсіретін кранның болмауы немесе ауыр жүктерді түсіру баяу орындалатындықтан, ара-тұра ондай жағдайлар болып тұрады. Станциядан тәулігіне 17,5 жұп пойыз өтеді. Негізгі өткізу қабілеті тәулігіне 20 жұп пойыз, бірақ қазір бұрынғыдай вагон ағыны жоқ. Станция бастығының орынбасары Исатай Баяровтың айтуынша, өткен бес айда орташа тәуліктік пойыз қабылдау 17, жөнелту 16,9 болған. Құрманғазы ауданы өндірістік аймақ емес, сондықтан мұнда жүк тиеу көлемі аз, бес айда 0,25 вагон, 8,43 тонна, ал жүк түсіру 11,0 вагонды құраған. Дегенмен, жоспардан тыс 39 вагон тиелген, тоннаға шаққанда 1274 тн. Вагонның статистикалық салмағы 32,7 тн/ ваг. Жалпы, 5 айда станцияда пойыздардың кестеден ауытқуы болмаған. станция ганюшкиноШекараға жақын болған соң станцияда жұ- мыс қауырт. Станция басшылығы күнделікті қанша вагон келді, қаншасы кетті, қайда жө- нелтілді, ақпар жинап, бөлімшеге есеп береді. Сонан соң, бүгінгі күнге қанша пойыз-вагон қабылдауға мүмкіндігі барын хабарлайды. Тиісті мамандармен жедел жиын өткізіп, нұсқаулықтар береді. Желі бойына шығып жолды тексереді, келіп-кеткен пойыздар жұмысы сараланады. Станцияда тәулігіне орта есеппен 400-450 вагон сұрыпталып, жан-жаққа таратылады. Станцияның 9 кірме жолы бар. Оларда да жүк түсіріліп, тиеледі. – Станцияда бес мыңға жуық тұрғын бар. Ақкөл ауылы тұрғындарының басым көпшілі- гін жұмыспен қамтып отырған теміржолдың барлық құрылымдық мекемелері, яғни локо- мотив, жол, байланыс, электрмен қамту, т.б. Станцияның өзінде бүгінгі күні 157 адам еңбек етеді. Оның ішінде пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері, жүк кассирлері, тасы- малдау құжаттарын өңдеу операторлары, жүк-багаж қабылдаушы, белгі беруші, ЭВМ операторы, т.б. Бәрі де тәжірибелі мамандар, өз міндеттеріне және қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына жауапкершілікпен қарайды, – дейді Исатай Баяров. Кезінде Гурьев теміржол техникумын бітірген ол жолдамамен еңбек жолын Маңғыстау стан- циясында пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастаған. Содан бері теміржол саласында табан аудармай 40 жылдай еңбек етіп келеді. Сонымен қатар станцияның 20 маманы, яғни тауар кассирлері, жүк қабылдап-жөнелтушілер, ЭВМ операторлары Ресейге қарасты Ақсарай станциясында ауысыммен жұмыс жасайды. Олардың міндеті транзитті жүктердің құжат- тарын өңдеп, тапсыру, сондай-ақ, Қазақстанға өтетін жүктерді қабылдап алу. Бұл жұмысшы- ларға арнайы бір жолаушылар вагоны бөлініп отыр, таңертең, түсте, кешке әрлі-берлі қызмет орнына баратын және ауысымнан шыққан жұмысшыларды бір тепловоз тасымалдайды. Ақсарай станциясында мамандарға жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалған. Біз барғанда станция кезекшісі Жанғатаев Ержан мен оның көмекшісі Утепова Индира станцияға келген пойыздарды қадағалап, қай пойыздың қай жолға баратынын, қай вагонның қай жолда сұрыпталатынын хабар- лап отырды. Ал пойыз құрастырушы Нұрлан Сәрсенов вагондар астына башмақ қойып, бір вагонды ағытып, бірін жалғап жүрсе, белгі беруші Нәсіп Капетова станцияға келген пойыздардың нөмірін жазып алып, станция- дағы қарбалас жұмыс жалғасып жатты. Айта кетерлігі, бұрын тек қазақстандық тепловоздар ғана жүк пойыздарын тасымалдайтын болған, ал соңғы уақыттары екі ел келісіміне сәйкес елуге елу принципімен тасымалдануда. «Бұл әрине экономикалық тұрғыда біз үшін тиімсіз» дейді теміржолшылар...

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды