Байырғы депоның бүгіні

Трансформация
10.06.2025, 09:00
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елорданың ғана емес, елдің тасымал және экономика саласына елеулі үлес қосып отырған Астана локомотив пайдалану депосы бірнеше бағытта жүк және жолаушылар тасымалын локомотив тартымымен қамтамасыз етіп отыр.

Қазіргі уақытта Астана локомотив пайдалану депосы Атбасар станциясындағы айналым депосымен бірлесіп, Астана-Есіл, Астана – Көкшетау, Астана - Екібастұз және Астана–Атбасар учаскелерінде тасымалдау процесін қамтамасыз етеді. Бүгінде депоның тіркеу паркі 168 локомотивті құрайды.1000-нан адам еңбек етсе, оның 700-ден астамын локомотив бригадалары, яғни машинистер мен машинист көмекшілері құрайды. Бүгінде мұнда заманауи локомотивтердің барлық түрлері бар. Сондай-ақ астаналық депо жұмысшы мамандықтарының сан алуан түрі қызмет ететін еңбек ұстаханасы десе болады.  

– Локомотив бригадаларының келіп-кетуін нарядчиктер, тасымал қозғалысын депо кезекшілері қадағалайды. Бригадаларды оқыту қызметін нұсқаушылар қамтамасыз етеді. Машинистердің қандай жылдамдықпен қанша км жүріп, кезекшілікті қалай қабылдап алғанын анықтайтын таспаны талдап оқитын инженер жұмыс істейді. Сонымен қатар ескі тепловоздарға 48-72 сағат жүргеннен кейін техникалық қызмет көрсететін ТО2 пунктінде 60-70 адам еңбек етуде. Ескі түрлерінен тек 30 локомотив қалды, қалғаны түгел жаңа. Жаңа локомотивтерді өзінің сертификатталған сервис орталықтары қарап тексереді. Машинистер зейнеткерлікке 55 жаста шыға алады, оларға мемлекеттік зейнетақы, яғни БЗЖҚ, бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан ақша түскенге дейін жұмыс орнынан салалық жәрдемақы тағайындалады. Жұмысқа локомотив шаруашылығы бойынша колледж бітірген жастарды аламыз. Локомотив бригадалары күн сайын оқытылады және әр рейс алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп отырады. Себебі локомотив тізгіндеу өте ауыр және аса жауапты жұмыс, оған үлкен дайындық пен білім және денсаулық керек, бүгінде локомотив бригадасының ең жасы – 23-те,– дейді депо бастығы Дулат Ахмадиев.  

Еңбек жолын 8 жыл бұрын осы депода локомотив қараушы және жөндеуші болып бастаған, қазіргі таңда 2-класты машинист Жігер Сейітов қатаң тәртіп пен тыңғылықты білім және үлкен тәжірибені ұштастыратын мекемеде кез келген маман мықты болып шығады деп санайды. Оның айтуынша, локомотив жүргізу үшін алдымен машинист көмекшісі боласың, оны үш жарым жыл атқарған соң біліктілік арттыратын 6 айлық машинист курсына жібереді.  

Оған емтихан тапсыру арқылы іріктеу жүргізіледі. Оқып келген соң да машинистер қасында 2-3 ай бірге рейстерге шығып, сосын барып, өзің машинист ретінде жеке жұмыс істейді екенсің.  

– Қазіргі таңда Астана-Есіл және Астана-Атбасар бағытында жүк пойыздарының локомотивтерін жүргіземін. Көбіне астық, көмір сияқты мемлекеттік маңызды жүктер тасымалы жоғары. Оған тағы да біліктілік арттырып, класты көтеру керек. Әр машинистің бір рейстегі жұмыс уақыты 12 сағатты құрайды, межелі стансаға жеткеннен кейін, сондағы локомотив демалыс үйінде кемі 4 сағат демалып, бері келе жатқан пойыздарды алып қайтамыз. Келген соң кемінде 16 сағат үйде демаламыз, одан соң тағы жұмысқа шығып, 4 рейске шыққаннан кейін 2 күн демалыс беріледі. Демалыс уақытын өте тиімді пайдалануымыз керек. Машинистердің отбасы оның демалып-тынығуына жағдай туғыза білуі де маңызды. Бұл машинист мамандығының қаншалықты жауапты, маңызды және ауыр жұмыс екенін көрсетеді, – дейді Ж. Сейітов.  

Депода 22 жылдан бері еңбек ететін машинист нұсқаушы Ерлан Тұрсынбаев (суретте) 2021 жылдан бастап бригадалардың білімін толықтыруға атсалысып келеді. Кезінде машинист те, көмекші де болған ол локомотив депосындағы түрлі білім сайыстарында үнемі жүлделі орындарды алып, көзге түскен. Сол қабілет-қарымына қарай басшылық оны нұсқаушы етіп тағайындаған.

– Компанияда бекітілген қызметтік нұсқаулықтар негізінде күн сайын сабақ өткіземін. Барлық бригадалар айына 4 рет техникалық сабақтан өтуі керек. Бір сабаққа кем дегенде 70 адам қатысып, қалғаны да кезегімен сабақтарға міндетті түрде түгел қатысып шығуы қажет. Сол алған білімін тексеру үшін тоқсан сайын сынақтан өткіземін. Одан бөлек қауіпсіздік бойынша оқиғалар болса, соның себебін талдау, анықтау жұмыстарына қатысамын. Сонымен қатар теміржолшылардың біліктілігін арттыру бойынша оқуға жіберу жұмысын ұйымдастырамын. Соның бәрінің ай сайын есебін жүргіземін. Техникалық кабинеттің жарақтандырылуы, қаржылық есептеріне де жауаптымын, – дейді машинист нұсқаушысы.  

Тарихқа көз салсақ, Ақмола станциясына алғашқы пойыз Петропавл – Көкшетау телімінде теміржол қозғалысы ашылған 1929 жылы келген екен. Ал депо тарихы 1931 жылдан бастау алады. Содан бергі 94 жылдық тарихында паровоздан бастап локомотивтің сан алуан сериясын меңгерген депода бүгінгі таңда теміржол машинасының заманауи үлгілері қызмет көрсетеді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады