Қызмет ауқымы кеңейе түскен

Трансформация
15.04.2020, 11:26
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бурабай курорты рельсдәнекерлеу кәсіпорнының бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістігі - рельстерді бір-біріне қосып дәнекерлеу нәтижесінде пайда болатын ұзындығы 800 метрлік рельс иіндері болып табылады. Міне, осы отандық өнімнің арқасында түйіспесіз теміржолдар қалыптасып, бұл өз кезегінде ақаулар санының азаюымен қатар оларды жоюға кететін шығындарды айтарлықтай төмендетіп отыр.

Мұнымен қатар рельстерді пайдалану мерзімі ұлғайып, жылжымалы құрамдар мен жолдардың элементтерінің тозуы азайған, ең бастысы пойыздардың қозғалыс жылдамдығы артып, жүру жайлылығы жақсара түскен.

- Дайын өнім өзіміөде құрастырылып шыққан рельстасымалдаушы платформалар арқылы жеткізіледі. Ұзындығы 800 метрге дейін жететін ұзынөлшемді рельс иіндерін, яғни 6 жұп немесе 12 иінді тасымалдаудың өзі оңай емес. Бір құрам бір тиелімде 4 км/жол рельс иіндерін тасымалдай алады. Қазіргі кезде кәсіпорында осындай 3 рельстасымалдаушы құрам қолданыста. Күрделі жөндеу жүріп жатқан телімдерге осылай тасымалдаймыз, – дейді кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөлім бастығы Владимир Серый.

Теміржол рельстерін өңдеу саласында әлемнің озық компанияларының, атап айтқанда Францияның «GEISMAR» және Австрияның «LINSINGER» фирмаларының бұрын қолданылған рельстердің үстіңгі қабатының профилін қалпына келтіру бойынша озық технологияларын сатып алып, өндіріске енгізу арқылы кәсіпорынның екінші тынысын ашылып, қызмет көкжиегі кеңейте түскен. Бұл бағыттағы жұмыстар осыдан 10-15 жыл бұрын басталған.

Сол уақытта кәсіпорын толықтай қайта құрылымдалды. Рельсдәнекерлеу цехы толығымен жаңғыртылып, технологиялық желілер, әкімшілік корпус жаңартылды, қосымша өндірістік және тұрмыстық орын-жайлардың салынуы еңбек жағдайын жақсартып, жұмысшылардың ынтасын арттырды.

Бастапқыда таңсық жабдықтарға үрке қарағандардың бірқатары жабдықтар шығарылатын елдерде білім жетілдіріп қайтты. Шетелдік фирмалардың мамандары да іссапармен келіп, заманауи жабдықтарды орнатып, іске қосуды, станоктар істен шыққан жағдайда жөндеуді, техникалық қызмет көрсету мен күтім жасаудың қыр-сырын үйретті.

Бүгінде кәсіпорынның әртүрлі профилдегі мамандары жұмыстың 10-нан астам түрін жүзеге асырады. Мәселен, 25 метрлік рельстерді және жаңа ұзынөлшемді рельс иіндерін дәнекерлейді, ескі жарамды рельстерді жөндеп және оларды ұзынөлшемді иіндерге біріктіріп, дәнекерлейді. Мұнымен қатар теңдеуші рельстерді әзірлейді, ауыспалы профильдегі рельстерді дайындап, дәнекерлейді, жақтаулы және фигуралық рельстерді қайта жаңартады, бұған қоса жолға қажетті құрал-аспаптарды дайындайды.

- Ескі жарамды рельстердің профилін қалпына келтіру технологиясын қолдана отырып, жөндеу үшін рельстерді түзейтін, кесетін және фрезермен өңдейтін бірегей жабдықтар орнатылып, іске қосылды. Дәнекерленген түйіспелерді түзетіп және ажарлау үшін инновациялық кешен орнатылды. Украиндық Кахов электрлі дәнекерлеу жабдығы зауытынан шыққан К1000 типіндегі жаңа рельсдәнекерлеу машинасы сатып алынды. Беларустық станокқұрастыру зауытының жаңа станоктары сатып алынды. 2009 жылы тағы бір К1000 жаңа рельсдәнекерлеу машинасын алсақ, 2011 жылы кәсіпорын техникаларының қатары екі су жаңа ПРСМ-5 машинасымен толықты. Ал 2017 жылы Ақтөбе рельсарқалық зауытының іске қосылуымен ұзындығы 25, 100 және 120 метрлік теміржол рельстері шығарыла бастады. Соның арқасында біздің кәсіпорынға рекордтық қысқа мерзім ішінде 100 метрлік жаңа рельстерден 800 метрлік ұзынөлшемді рельс иіндерін дәнекерлеп шығару және барлығы 8 түйіспені өңдеу мүмкін болды. Бұл қызмет түріне көшкенімізге биыл үшінші жылға аяқ басты, – дейді Владимир Михайлович.

Өндірістік-техникалық бөлім бастығының айтуынша, өткен жылы 217 км жаңа ұзынөлшемді және 34,711 км ескі ұзынөлшемді рельс иіндері дәнекерленсе, ескі жарамды 25 метрлік рельстерден 15 км рельс иіндері дайындалған. 61,613 км ескі-жарамды рельстер түзетіліп, тегістеліп, жолдағы рельс иіндерінің межелі 9800 түйіспесінің орнына 10564-і ПРСМ техникаларымен дәнекерленген.

Сонымен қатар 92 мыңнан астам рельс ұштары балқытылып, қалпына келтірілсе, 5700-ге жуық рельс байланыстырушылары пісірілген, сондай-ақ, 3000-ға жуық бағыттауыш бұрмалар ажарланып, 1300-ге жуық айқастырмалар балқытудан өткен. 

Жаңалықтар
19.02.2026
KAZLOGISTICS: жыл қорытындысы мен алдағы жоспар талқыланды
Аймақтар
19.02.2026
Теміржолшылардың жанашырлығы. Семей вокзалындағы ерекше оқиға
Жаңалықтар
19.02.2026
Орта дәліздің дамуы Әзірбайжан мен Орталық Азия елдерінің интеграциясын нығайтты
Инфрақұрылым
19.02.2026
Сапалы инфрақұрылым – қауіпсіз қозғалыс кепілі
Аймақтар
19.02.2026
Азаматтық қорғаныс: мұны әркім білуі тиіс
Жолаушылар тасымалы
19.02.2026
ҚТЖ Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды
Жүк тасымалы
18.02.2026
ТХКБ арқылы Бельгияға алғашқы пилоттық экспорт жөнелтілді
Жаңалықтар
18.02.2026
Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде
Цифрландыру
18.02.2026
Теміржол саласын цифрландыру қалай жүріп жатыр?
Жүк тасымалы
18.02.2026
FESCO Қазақстан арқылы контейнерлік теміржол тасымалын іске қосты
Қауіпсіздік
18.02.2026
Қызылорда вокзалында адам өмірінің қауіпсіздігі туралы маңызды жиын өтті
Жолаушылар тасымалы
18.02.2026
Шу-Отар бағытында электрпойызы іске қосылады
Жаңалықтар
18.02.2026
«Аягөз–Бақты» теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы талқыланды
Жаңалықтар
17.02.2026
ҚТЖ және ТТЖ ынтымақтастықты дамытады
Жүк тасымалы
17.02.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады
Инфрақұрылым
17.02.2026
Шар мен Қарағайлы арасына теміржол салына ма?
Аймақтар
17.02.2026
Ақтөбелік теміржолшылар жылды табысты бастады
Станция тынысы
17.02.2026
Сағыз станциясында жүк айналымы өсіп, қауіпсіздік нығайды
Қауіпсіздік
17.02.2026
«Назар аудар, жолда адам!»: ШЧ-36 мамандары қауіпсіздік шараларын пысықтады
Аймақтар
17.02.2026
Үлгілі отбасындағы үйлесімділік