«Тең қоғам» темір жолда да өзекті

Әлеумет
05.06.2025, 12:27
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Шымкент қаласында «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығында өткен жәрмеңкеге 30-дан аса жұмыс беруші қатысып, 450-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың қатарында әлеуметтік жауапкершілік қағидасын ұстанған аймақтық теміржол әкімшілігі де бар.

Биыл Шымкентте 49 679 азаматты жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің дерегінше, осы жылы 1 120 мүгедектігі бар азаматты жұмысқа тарту көзделіп отыр. Әкімдіктің хабарлауынша, бүгінгі таңда осы санаттағы 354 адам жұмыспен қамтылған. Ал Ұлттық компанияның Шымкенттегі магистральдық желі бөлімшесі осы күндері мүмкіндігі шектелген 21 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып, олардың тұрмыс-тауқыметінің жеңілдеуіне септесіп келеді.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімі ұсынған деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша теміржол шаруашылығы бойынша қызмет көрсететін мекемелерде 1 959 адам қызмет етеді. Жоғарыдағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне НЖС-тің кадр мамандары қатысқан. Мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, олардың еңбек нарығына қолжетімділігін арттыру болып табылады. Жалпы, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімінің мамандары мұндай жиын-шараларға жиі қатысып тұратын көрінеді. Соның нәтижесінде өткен жылы облыс аумағы бойынша орналасқан теміржол мекемелеріне ондаған мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа қабылданып, бүгінде олар қалыпты жағдайда жұрт қатарлы қызмет етіп келеді.

– Бүгінде біздің бөлімшеге қарасты түрлі кәсіпорындарда 21 маманымыздың мүмкіндігі шектеулі болса да, еңбекке қабілетті азамат ретінде қатар жүріп келеді. Әкімдік ұйымдастырған жұмысшылар жәрмеңкесіне қатысу арқылы біз өз қатарымызды осындай азаматтармен толықтырдық. Себебі мемлекеттік бағдарлама аясында үкімет қолдап, өңірлердегі атқарушы билік тармақтары арқылы іске асырылып жатқан мұндай жобаға Ұлттық компанияның үлес қосу қажеттігі жайында жоғарыдан тапсырма түскен болатын, – дейді Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Балжан Назарова.

Оның айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік бағдарламаға сай, Ұлттық компания тарапынан бекітіліп берілген тапсырма толық іске асырылған. НЖС-ке тиесілі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту лимиті де толық орындалған. Бұл ретте үміткердің физиологиялық жағдайы мен психологиялық қарым-қабілетіне айрықша назар аударылатынын ескерген жөн. Сондай санатпен жұмысқа қабылданған азаматтардың бірі ПЧ-53 мекемесінде жұмыс істейді. Ол бүгінде ІІІ топ санатына енетін мүмкіндігі шектеулі азамат ретінде наурыз айынан бері Шымкент жол дистанциясында жол шебері лауазымын атқаруда.    

Жалпы, жәрмеңкеге 60-қа жуық мүгедектігі бар азамат қатысып, нәтижесінде 1 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. 12 адам сұхбаттасуға жолдама алып, 1 адам жастар практикасына, 1 адам қоғамдық жұмысқа, 3 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысуға ниет білдірген. Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» мен «Amanat» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өткен іс-шарада жұмыс іздеушілерге «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс» бағдарламалары бойынша да уақытша жұмыс орындары ұсынылған.

 

ҚТЖ келбеті
06.06.2025
Шоқпардан шыққан теміржолшы
Қауіпсіздік
06.06.2025
«Назар аудар, өткел!»: Маңғыстауда жол қауіпсіздігіне арналған айлық өтті
Станция тынысы
06.06.2025
Жаңаесілдің жұмысы жандануда
Аймақтар
06.06.2025
Жамбыл теміржолшылары цифрлық жүйелер бойынша білімін жетілдірді
Жаңалықтар / Мұрағат
06.06.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 06 маусым 2025 жыл
Жүк тасымалы
05.06.2025
ҚТЖ өткен жылыту маусымында 70 млн тоннадан астам көмір тасымалдады
Жаңалықтар
05.06.2025
Қазақстан Транскаспий көлік бағытының дамуына қосатын үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
05.06.2025
Теміржол тарихына саяхат: студенттерге арналған ерекше экскурсия
Аймақтар
05.06.2025
Жол жаңарады – қауіпсіздік нығаяды
Әлеумет
05.06.2025
«Тең қоғам» темір жолда да өзекті
Әлемде
05.06.2025
Түркия өздері өндірген электр локомотивтерін іске қосты
Жаңалықтар
04.06.2025
Теміржолшылар мемлекеттік тілді қаншалықты біледі?
Жүк тасымалы
04.06.2025
Nurminen Logistics Қазақстанға автокөлік бөлшектерін Транскаспий бағытымен тұрақты түрде жеткізуді бастады
Инфрақұрылым
03.06.2025
Алматы айналма темір жол торабы жүктемені 40% түсіреді
Жүк тасымалы
03.06.2025
Сианнан Алматыға: Zhetysu жаңа контейнерлік терминалы алғашқы контейнерлік пойызды қабылдайды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2025
Елорда вокзалында бес миллионыншы жолаушыны салтанатты түрде қарсы алды
Аймақтар
03.06.2025
Қазақ-қырғыз теміржолшылары Түрксіб түйіскен тұстағы түйткілдерді талқылады
Аймақтар
03.06.2025
Көктемгі сын нені көрсетті?
Қауіпсіздік
03.06.2025
Дала өртіне даярлық жоғары
Аймақтар
03.06.2025
Жаңа депо іске қосылды