Автомобиль бөлшектері Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол бағыты бойынша жеткізіледі

Жүк тасымалы
06.09.2022, 18:22
Любовь Подоляк

Джинган солтүстік-шығыс станциясынан (Далянь қ., ҚХР) Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағыты бойынша автомобиль бөлшектері бар контейнерлік пойыз жөнелтілді. Пойыз құрамында 50 қырық футтық контейнер бар, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз Қазақстан аумағы арқылы Алтынкөл және Болашақ шекаралық өткелдері, одан әрі иран-түрікмен шекарасындағы Инчебурун станциясы арқылы межелі пункт – Джольф (Иран) станциясына дейін жүреді.  

Қытай – Қазақстан – Түркіменстан – Иран теміржол маршруты бойынша жүк тасымалдау теңіз жолымен салыстырғанда айтарлықтай жылдам. Контейнерлерді жеткізу мерзімі екі есе қысқарды. Бұдан басқа, жүру жолында ауыстырып тиеудің болмауы жүктерді аса ұқыпты жеткізуге кепілдік береді.  

Қазақстан, Түрікменстан және Иран аумағы бойынша қызметтердің толық кешенін KTZ Express мультимодальді операторы ұсынды.

Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті
Инфрақұрылым
19.05.2026
«Бақты-Аягөз» телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр
Аймақтар
19.05.2026
Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үздік жобаларын таныстырды
Аймақтар
19.05.2026
Ақтөбеде биыл 56 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтар
19.05.2026
Жаңа техникалар алды
Инфрақұрылым
19.05.2026
Бекеттердің жолы жаңартылып, жүк тасымалы ұлғаяды
Жаңалықтар
19.05.2026
Жауапкершілік жүгі ауыр
Аймақтар
19.05.2026
Жәдігерлер – өткен күннің белгісі
Жаңалықтар
19.05.2026
11 локомотив пайдалану депосы жаңа техникаға ие болды
Спорт
19.05.2026
Аманжол – Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №38 19 мамыр 2026 жыл
Жүк тасымалы
18.05.2026
Қазақстан астық пен ұн экспортын жаңа бағытқа бұрмақ
Әлемде
18.05.2026
Қытай – Еуропа теміржол экспресі 130 мың рейс межесіне жетті
Спорт
18.05.2026
Тараз теміржолшылары арасында тораптық спорт жарысы өтті
Әлемде
18.05.2026
Еуропа теміржолдарына бірыңғай билет жүйесі енгізілмек
Жаңалықтар
18.05.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды
Әлеумет
17.05.2026
Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебі салынуда