Орта дәліз – жүк ағынын тартуға тиімді бағдар

Жүк тасымалы
05.10.2023, 14:57
Оқуға 4 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көлік апталығы аясындағы New Silk Way VI халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумының жұмысы бірнеше панельдік сессияны қамтыды. Соның бірі ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының бас хатшысы Әсет Асаубаев модераторлық еткен «Орта дәліз: Сын-тегеуріндер мен перспективалар» сессиясы болды.  

Бұл жиын барысында Орта дәлізді одан әрі дамыту үшін қажетті негізгі іс-шаралар; нарықтағы ойыншылардың Орта дәлізге жүк ағындарын тарту тиімділігі; бәсекеге қабілетті тарифтерді анықтаудың және контейнерлердің жеткілікті санын қамтамасыз етудің маңыздылығы; тасымалдауды цифрландыру және одан күтілетін нәтижелер; санкциялық шектеулер қалай әсер етеді және олар Орта дәліз арқылы жүк тасымалының ұлғаюына ықпал ете ме, тағы басқа өзекті мәселелер қарастырылды.  

Қазақстан үшін маңызды вектор

Сессияда «KTZ  Express» АҚ-ның логистика жөніндегі басқарушы директоры Айбек Қапар ҚТЖ-ның көліктік-логистикалық секторды дамытуда алға қойып отырған міндеттері мен атқарып жатқан жұмыстары, Орта дәліздегі Қазақстанның рөлі жөнінде баяндама жасады.  

«Бүгінде Қазақстан үшін транзиттік-көліктік коммуникация әлеуетін арттыру өте маңызды. Қазақстанның транзиттік саясатын жүзеге асыруда негізгі көліктік бағдарлар болып Қытай – Европа – Қытай, Қытай – Ресей – Қытай, Қытай – Белоруссия – Қытай, ТХКБ (ТМТМ), Солтүстік – Оңтүстік, Қытай – Иран және Қытай – Орталық Азия – Қытай табылады. Барлық транзиттік бағыттар бойынша жалпы тасымал көлемі 2022 жылы 1129 мың ЖФЭ-ні құраса, биылғы жылдың сегіз айында 865 мың ЖФЭ-ні құрап отыр. Бұл жерде былтыр тасымал көлемінің 2021 жылға қарағанда 6% өскенін, ал биыл 8 айда аталған көрсеткіштің 2022 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 23% артқанын атар едік. Транзиттік тасымалдардың негізгі өсімі 2022 және 2023 жылдар аралығын салыстырғанда Қытай – Беларусь (67%) және Қытай – Ресей (51%) бағдарларына келіп отыр», – деді Айбек Қапар.

Модератордың айтуынша, көліктік-логистикалық саланы дамытудың басты векторларының бірі ретінде Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) қарастырған жөн. Ол қазіргі қарқынды өзгерістерге ұшырап отырған әлемдік жағдайда аса маңызды рөлге ие. Әсіресе Қазақстанның көлік әлеуетінің перспективасын іске асыруда негізгі бағдардың рөлі зор. Сол себепті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аталған көлік бағдарының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Оған негіз де жоқ емес. Себебі, қазақстандық тарап Орта дәліздегі құрғақ жол телімінің басым бөлігін алып жатыр және каспийлік порттардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп отыр.  

«TХКБ аясында Қытайдан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен, Кореядан, Жапониядан жүк тасымалының өсуін ынталандыру, сондай-ақ инвестиция тарту мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ сингапурлық компаниямен бірлескен кәсіпорын құру үдерісін бастады. Өйткені PSA International Pte Ltd – әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі болып табылады. Оның үстіне бүгінде Ыстамбұл мен Будапешт қалаларында KTZE филиалдары жұмыс істейді, бұл біздің қатысу географиясын кеңейтуге және Еуропа елдері бағытында жүк тасымалдау көлемін арттыруға, сондай-ақ «соңғы мильге» дейін ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – дейді «KTZ Express» АҚ топ-менеджері.  

Оның айтуынша, TХКБ бағдарындағы барлық темір жол әкімшіліктері тарапынан Еуропа елдерінен Қытайға дейін Батыс-Шығыс бағытында 50%-ға дейін төмендету коэффициенті қолданылып отыр. Осының негізінде транзиттік, импорттық және экспорттық тасымалдардағы контейнерлік тасымал үшін бәсекеге қабілетті тарифтер мен жеткізу мерзімдерін қамтамасыз етуді қоса алғанда Орта дәлізді ынталандыру бойынша шаралар тұрақты негізде қабылдануда.  

Шаттл-сервистің артықшылығы

ТХКБ бағыттарын дамыту шеңберінде қазақстандық тарап және консорциумның барлық қатысушылары инфрақұрылымды жақсарту, бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды дамыту және транзиттік уақытты қысқарту бойынша жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруда. Соның бірі – бағдардың тартымдылығын арттыру және жүктерді жеткізу жылдамдығын ұлғайту мақсатында 2022 жылдың желтоқсанында іске қосылған шаттл-сервис.  

Өткен жылы Алтынкөлден Потиге дейінгі транзиттік уақыт орташа есеппен 30-35 күнді құрап келген болатын. Ал 2022 жылдың 1 желтоқсанында бірінші тұрақты Шаттл пойызы іске қосылды. Қазіргі уақытта Шаттл пойызы Алтынкөл – Поти/Батуми бағытында белгіленген кесте бойынша аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) қатынайды және жеткізу мерзімі контейнерлер санына қарамастан 12-15 күнді құрап отыр. Сонымен қатар Шаттл қызметінің бірнеше артықшылығы бар екенін атар едік. Біріншіден, Алтынкөл станциясынан аптасына үш рет нақты кестемен жүру тәртібі (яғни Астана уақыты бойынша сағат 07.00-де дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері аттанады); екіншіден, Алтынкөл станциясында контейнерлерді ауыстырып тиеу 12 сағат ішінде жүзеге асырылады; үшіншіден, Алтынкөл – Ақтау порты учаскесінде 90 сағат ішінде кесте бойынша контейнерлердің өтуі қамтамасыз етіледі; сондай-ақ Шаттл пойызы контейнерлер санына қарамастан кестеге сәйкес қатынайды. Сонымен қатар Шаттл қызметінің фидерлік кемелерінің кіруіне басымдық беріліп, контейнерлерді 24 сағат ішінде кемеге ауыстырып тиеу қамтамасыз етіледі, бұған қоса тұрақты тарифтік шарттар сақталып, бірыңғай виртуалды диспетчерлік орталықтың күнделікті бақылауы жұмыс істейді. Осы ретте ТХКБ қатысушылары тарапынан аталған бағдарға қатысты бір жылға арналған тарифтік шарттар бекітілгенін, ал қазіргі уақытта паритет (тепе-теңдік) қағидаттары бойынша Грузия және Әзербайжанмен бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қарастырылып және 5 жыл мерзімге тарифтерді бекіту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атар едік. Ал бұл өз кезегінде нарықтағы ойыншылар алдында Орта дәліздің жүк ағынын тартуға тиімді бағдар екенін айқындай түсері анық. Сессия қатысушыларының мүдделерін тоғыстыратын ортақ дүние де осы.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды