Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді

Әлемде
02.06.2026, 15:08
Сурет: «ТМХ Интеллектуальные Системы»

Өзбекстан темір жолдарында модернизацияланған «O’zbekiston» сериялы магистральдық жүк-жолаушы электровоздарына «БОРТ» атты борттық қауіпсіздік жүйесі орнатылды. Жобаны «Трансмашхолдинг» құрамындағы «Транстелесофт» компаниясы жүзеге асырған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Электровоздар бастапқыда 2000-жылдардың басында Қытайдың CRRC корпорациясы Siemens технологияларын пайдалана отырып жасаған техникалар болатын. Қазіргі модернизация аясында олардың екі алғашқы үлгісі Ташкент облысындағы «Өзбекстан» локомотив депосына жеткізілді.

Жаңа жүйе құрамына бейнебақылау камералары мен РЛСМ-10 радиостанциялары енгізілген. Бейнебақылау кабина ішіндегі, машиналық бөлімдегі және пойыз қозғалысы кезіндегі жағдайды тіркеуге мүмкіндік береді. Орнату және іске қосу жұмыстары CRRC және «O’zbekiston temir yo’llari» мамандарымен бірлесіп жүргізілді.

Жүйенің алғашқы сынақтары сәтті өтті. «БОРТ» қауіпсіздік кешені халықаралық SIL 4 деңгейіндегі талаптарға сай келеді және теміржол қауіпсіздігі бойынша ең жоғары стандарттардың бірі саналады. Қазіргі таңда бұл жүйе Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстандағы 800-ден астам локомотивте қолданылады.

Бұған дейін Өзбекстанда «БОРТ» жүйесі тек маневрлік тепловоздарда қолданылып келген еді. Енді оның магистральдық электровоздарға енгізілуі ел теміржол жүйесін цифрландыру мен қауіпсіздікті арттыру бағытындағы маңызды қадам ретінде бағалануда.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты