Қытай мен Еуроодақ арасындағы қазақ дәлізі

Жүк тасымалы
11.03.2024, 12:07
Оқуға 3 мин
Қазақстан теміржолшысы

Өткен аптада Қазақстан Сианда өз теміржол терминалын іске қосты. Оның Қазақстанға берер пайдасы қандай? Бұл жайында қаржы, биржа, макроэкономика сарапшысы, экономист Айбар Олжай айтып берді.

Оның айтуынша, бұл стратегиялық жаңалық. Біз өзімізді Азия мен Еуропаны байланыстыратын дәліз көреміз. Логистикалық держава атанып, содан пайда тапқымыз келеді.

«Мемлекеттік инвестициялар, халықаралық ұйымдар қарызы да аз құйылып жатпағандықтан, ерте ме кеш пе, дивиденд мәселесі туындайтыны һақ. Data Hub дерегінше, 2022 жылы Қазақстан теміржолдың барлық транзитінен тапқан табысы 502 миллиард теңге болды. 2023 жылдың статистикасы шықпаса да, ол табыстың кемінде 600 миллиард теңге айналасында боларын сезіп отырмыз. Бірақ бар үмітті транзитке артқанда, оның бір жылда алып келіп отырған табысы небары 1 миллиард доллардың айналасында жүргені өте өкінішті. Себебі, теміржол да, құрамдар да тозады. 1 миллиард доллар оларды жөндеуге де жетпейді. Бізге транзит кем дегенде 5-7 миллиард доллар әкелсе ғана, соның инфрақұрылымын жаңартып отырып, үстінен бюджетке ақша түсіріп отырамыз. Ал ол үшін бірнеше фактор ойдағыдай түйісу керек. Оның көбісі Қазақстанның қолында емес», - дейді сарапшы.

Сондай-ақ ол 2022 жылы Қытай Еуроодаққа 626 миллиард доллардың тауарын жібергенін, бұл біздің ішкі жалпы өнімімізден 3 есе, Ұлттық қорымыздан 12 есе артық екенін жеткізді.  

“Сол тауарлардың 90 пайызы Еуропаға теңіз арқылы барады. Себебі теңіз арқылы бәрібір арзан. Ал тез баруы тиіс тауар ғана құрлық арқылы жүреді. Сонда осы торттан құрлыққа тиетіні 10 пайыз, 62 миллиард доллардың тауары ғана. Осы 62 миллиардтың 80 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Ол 50 миллиард доллар. Өз кезегінде әрі қарай екіге бөлінеді. Тауардың 40 миллиарды теміржол, 10 миллиарды фуралар арқылы кетеді»,- дейді экономист А. Олжай.

Транскаспий дәлізін салу 2017 жылы басталды. Ұзындығы 11 мың шақырым, өткізу қабілеті жылына 6 млн тонна. Ол мультимодальды, яғни екі көлік түрін пайдаланады – теміржол және паром. Контейнерлер Қытайдан Қазақстан арқылы Ақтау мен Құрық порттарына барып, паромға тиеледі. Пароммен Әзірбайжанға дейін барып, ары қарай пойыздарға қайта салынады. Грузияға жеткен соң жол екіге бөлінеді. Бірі Түркия, екіншісі Қара теңіз арқылы өтеді.  

«Екі мүмкіндік пен бір қауіп бар. Хуситтер Суэц каналына маза бермесе және Еуроодақ Ресеймен теміржол жүк қатынасын мүлде жауып тастаса, Қазақстан логистикадан қыруар пайдаға кенеледі. Керісінше, Каспий теңізі суалып кететін болса, Қазақстан толық шығынға батып, Еуропаға көпір боламын деген арманынан айрылады. Қазақ қазір Еуропаға көпір емес, жіңішке кабель ғана болып тұр. Кабель де көпір болғысы келеді. Қолындағы амалын жасады. Бірақ көп нәрсе үйдегі көңілге емес, түздегі нарыққа байланысты», - дейді экономист.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды