Жылыту маусымы басталғалы ҚТЖ желісімен 54,3 млн тоннадан астам көмір тасымалданды

Жүк тасымалы
21.01.2026, 08:38
Оқуға 1 мин

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының басынан бастап (мамырдан 19 қаңтарға дейін) ҚТЖ желісі бойынша республика ішінде 54,3 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңі көрсеткіштерінен 2,6 млн тоннаға артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның ішінде жылу электр орталықтарына (ЖЭО) 49 млн тонна көмір тасымалданды, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 3,2 млн тоннаға артық. Коммуналдық-тұрмыстық секторға теміржол көлігімен 5,3 млн тонна көмір жеткізілді.

Мемлекеттік органдардың ақпараты бойынша, мамырдан 19 қаңтарға дейін өсіп келе жатқан қажеттілік жоспары 5,4 млн тонна қатты отынды құрады, бұл ретте 7,2 млн тонна,  яғни жоспарлы қажеттіліктен 34% артық дайындалды. Көмір операторлары қоймаларында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған шамамен 435 мың тонна көмір жинақталған.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алаңында көмір тасымалдауды үйлестіру мақсатында тұрақты негізде “ҚТЖ” ҰК” АҚ, жергілікті атқарушы органдар мен көмір өндіруші кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен Республикалық штабтың кеңестері өткізіледі.

Жалпы, жылжымалы құраммен көмір тасымалдауды қамтамасыз ету және шарттық жеткізілімдерді орындау мәселелері әкімдіктер тарапынан да, көмір разрездері тарапынан да туындамауда.

Энергия кәсіпорындарына және Қазақстан Республикасы тұрғындарын қамтамасыз ету үшін көмір тасымалдау ерекше бақылауда. ҚТЖ жедел штабының жұмысы тұрақты режимде жүзеге асырылады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды