ҚТЖ Қытайдан Ресейге автокөлік тасымалдайтын жаңа пилоттық жобаны бастады

Жүк тасымалы
07.07.2026, 11:13
Оқуға 2 мин

«KTZExpress» («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) АҚ Чунцин (Қытай) – Достық (Қазақстан) – Ворсино (Ресей) халықаралық бағыты бойынша жеңіл автомобильдерді мамандандырылған контейнерлерде пилоттық тасымалдауды қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоба ChinaRailwayContainerTransportCorporation (CRCT), Yuxinou (Chongqing) LogisticsCo., Ltd және «KTZExpress» АҚ компанияларының ынтымақтастығы аясында іске асырылуда. Yuxinou (Chongqing) LogisticsCo., Ltdкомпаниясы пойызды жөнелтсе, KTZExpress 1520 мм теміржол желісі бойынша тасымалды экспедициялауды қамтамасыз етеді.

Пойыз құрамына автомобильдерді тасымалдауға арналған 55 мамандандырылған 40 футтық контейнер кірді. Жөнелтілімнің жалпы көлемі Changan маркалы 182 жеңіл автокөлікті құрады.

Жобаның ерекшелігі – жеңіл автомобильдерді тасымалдау үшін арнайы әзірленген, жүк көтергіштігі 35 тонна болатын жаңа әмбебап 40 футтық контейнерлерді пайдалану. Мамандандырылған контейнерлерді қолдану тасымалдау тиімділігін арттыруға, жүктің жол бойындағы сақталуын қамтамасыз етуге және автомобиль өнеркәсібі үшін контейнерлік логистиканың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Пилоттық тасымал Қытай – Ресей бағыты бойынша дайын автомобильдерді тасымалдауға арналған контейнерлік сервистерді дамытудағы маңызды кезең болып қана қоймай, халықаралық теміржол қатынасында заманауи логистикалық шешімдерді қолдану әлеуетін растайды.

Жобаны іске асыру маршрут қатысушылары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және Қытай, Қазақстан және Еуразия елдері арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. KTZExpress негізгі еуразиялық бағыттар бойынша халықаралық тасымалдарды сенімді ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, көлік-логистикалық қызметтер аясын кеңейтуді жалғастыруда.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті