Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты

Жүк тасымалы
16.07.2026, 08:42

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 18,7 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жүк тасымалының екі бағытында да оң динамика байқалады. Алты айдың қорытындысы бойынша Қытайдан Қазақстанға 7,0 млн тонна жүк тасымалданып, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 9%-ға артты. Ал, Қазақстаннан Қытай бағытына 11,7 млн тонна жүк жөнелтіліп, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10%-ға жоғары болды. Оның ішінде Қытайға экспорттық тасымалдар (кен, құрама жем, қара және түсті металдар, астық, мұнай және мұнай өнімдері, сондай-ақ басқа да жүктер) 8,5 млн тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өсті.

Жүк тасымалы көлемінің артуына екі елдің теміржол әкімшіліктері арасындағы жүйелі өзара ынтымақтастық ықпал етуде. Шекара маңындағы инфрақұрылымды дамытуға, шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін арттыруға және жүк тасымалы көлемін одан әрі ұлғайтуға қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылуда.

Жүк тасымалы көлемінің өсуіне Достық шекаралық өткелі елеулі үлес қосты. Биылғы жылдың алты айында аталған өткел арқылы 10,6 млн тонна жүк тасымалданып, бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 15%-ға артық болды. Сонымен қатар, Достық станциясы арқылы жүзеге асырылған экспорттық тасымал көлемі 5,4 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті.

1990 жылы ашылған Достық станциясы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын ұйымдастырудағы негізгі буындардың біріне айналды. Өткен жылдар ішінде мемлекеттік шекараның екі жағында да заманауи инфрақұрылым мен терминалдар қалыптасты. Бүгінде бұл – мол тәжірибені, қалыптасқан дәстүрлерді және заманауи технологияларды ұштастырған ірі көлік-логистикалық торапқа айналды.

Алтынкөл шекаралық өткелінде де оң динамика сақталуда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аталған өткел арқылы 8,1 млн тонна жүк тасымалданып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық болды. Станция арқылы өткен экспорттық тасымал көлемі 3,1 млн тоннаға жетіп, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 29%-ға өсті.

Өзінің стратегиялық орналасуының арқасында Алтынкөл Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерінің негізгі буындарының бірі болып табылады. Заманауи қайта тиеу қуаттары, жоғары өткізу қабілеті және өндірістік үдерістің тәулік бойы ұйымдастырылуы мемлекеттік шекара арқылы жүк ағындарының тұрақты қозғалысын қамтамасыз етіп, халықаралық жүк тасымалы көлемін одан әрі ұлғайтуға қолайлы жағдай жасауда.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты