"ҚТЖ" ҰК" АҚ цифрлық мүмкіндіктері Digital Bridge форумында ұсынылды

Цифрландыру
13.10.2023, 12:28
Суретті түсірген Александр Жабчук

"ҚТЖ" ҰК" АҚ елордада дәстүрлі түрде өтіп жатқан Digital Bridge форумына үшінші жыл қатысуда. "AI және логистика" форумының панельдік сессиясында ҚТЖ цифрландыру жобалары, пойыздар қозғалысын жоспарлауды автоматтандыру, кестелер жасау, магистральдық желі бойынша операцияларды оңтайландырудағы цифрлық шешімдер және т.б. жан-жақты талқыланды.

Іс-шара барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бірге Huawei Kazakhstan Бас директоры Чжао Сю; Global DTC Pte Бас директоры Витан Юнг; Abu Dhabi Ports Group цифрлық және зияткерлік шешімдер жөніндегі директоры Мұхаммед Аль Ага, Wabtec Корпорациялары цифрландыру жөніндегі вице-президенті Скотт Хорнинг сияқты әлемдік көліктік-логистикалық және цифрлық салалардың көшбасшылары өз жобалары туралы айтып берді.

Спикерлер деректер қауіпсіздігі, жасанды интеллект өндірісі мен көлік саласында қолдану мүмкіндіктері мен тәуекелдері және т.б. тақырыптарды талқылады.

Бірлескен жұмыс пен жобаларға ерекше назар аударылды. Мысалы, ҚТЖ қазір Wabtec компаниясының цифрлық жүйелерін белсенді енгізуде.

Мәселен, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру және компанияның жүк тасымалы саласындағы операциялық қызметін жетілдіру үшін цифрландыру процестер жүргізілуде. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС темір жол тасымалының тиімділігін арттыру мақсатында ТЭ33А сериялы жүк локомотивтерінің паркін "Рейсті оңтайландырушы" (Trip Optimizer) Wabtec цифрлық жүйесімен жабдықтайды.  

Бұл контроллер мен динамикалық тежегішті автоматты түрде реттеу арқылы машинистке локомотивті басқаруға көмектесетін интеллектуалды жүйе. Жүйе маршрут пен жүк туралы деректерді талдай отырып, нақты уақыт режимінде оңтайлы жылдамдық режимі мен отын шығынын есептейді.  

- Біз цифрлық технологиялардың көмегімен олардың операциялық тиімділігін арттыруды жалғастыра отырып, тұрақты даму және экологиялық таза технологиялар саласында ҚТЖ-мен ынтымақтасамыз, - деп атап өтті Wabtec корпорациясының цифрландыру жөніндегі Вице-президенті Скотт Хорнинг.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады