Темір жолды цифрлық дамыту бойынша Францияның ұсыныстары

Цифрландыру
02.08.2019, 16:39
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы аптада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Alstom арасында теміржол дабылы, блоктау және орталықтандыру үшін Цифрлық технологиялар саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және Alstom компаниясы Таяу Шығыс пен Африка және Орталық Азия аймағының аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

Қол қою салтанаты Франция экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында өткізілді. Тараптар Қазақстанда құруға жоспарланып отырған, «ДОБ Цифрлық құзыреттілік орталығы» базасында басымдықты теміржол станцияларында дабыл, орталықтандыру және блоктау (ДОБ) жүйесін жаңғырту бойынша бейінделген техникалық шешімдерін перспективалы енгізу үшін көлік саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.

Қазақстан темір жолымен арада темір жолды цифрлық дамыту бойынша ынтымақтастық орнатқанымызға өте қуаныштымын. Alstomның жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асады, сол аралықта біздің кәсіпорын 25-тен астам елде 1500 орталықтандыру жүйесін орнатты. Алдағы уақытта ұзақ мерзімді үлгілік әріптестігімізді дамыту мақсатында ең бір заманауи шешімдерді Қазақстан үшін қуана ұсынатымызды жеткізгім келеді, – деді Дидье Пфлегер.

«Қазақстан теміржолында цифрлық бағдарламалар өте қарқынды түрде енгізілуде. Темір жол инфрақұрылымын жаңғырту – елдің көлік саласын дамытудың басым бағыттарының бірі», – деп атап өтті Сауат Мыңбаев.

Кездесу барысында қонақтар Электровоз құрастыру зауытының өндірістік цехтары жұмысымен танысты. Сонымен қатар оларға Әзербайжан темір жолымен келісімшарт аясында жасалған №Z8A0008 локомотиві көрсетілді. Аталған келісімшарт бойынша Әзербайжан темір жолы үшін барлығы 50 локомотив жасалмақ.

Alstom компаниясының Қазақстандағы штаты 730 қызметкерден құралған, олар сервистік депо, сервистік орталыққа және екі өндірістік нысан: электр құрастыру зауыты мен «Казэлектрпривод» зауытына жұмылдырылған. Alstom өңірде темір жол өндірісінің қалыптасу үдерісі мен экономиканы дамытуда ірі қатысушы болып табылады.




Кәсіпорынды аралау кезінде жұмысымен таныстырған «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС бас директоры Жульен Нодидің айтуынша, кәсіпорынның тек бес қызметкері ғана франциялық, қалғандары – жергілікті жердің азаматтары. Сондай-ақ ол қазақстандық кәсіпорындардағы дәнекерлеу сапасы кей жағдайда Франциядағыдан жақсырақ екенін айтты. Сұрақтар ретіне қарай ол бүгінгі таңда Әзербайжан теміржолымен келісімшартқа қол қойылғанын, Грузия темір жолымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар жылжымалы құрам тартымын жаңарту бағдарламасы қолға алынған Өзбекстан теміржолы да назарда бар екенін жеткізді.

«Бұл зауыт Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың айғағы іспеттес. Темір жолды дамыту саласындағы серіктестік біздің еліміз үшін маңызды стратегиялық бағыт болып саналады. Мен үшін Әзербайжанға экспортқа бағытталған локомотивтің салтанатты ашылуына қатысу – үлкен ғанибет. Екі ел арасындағы теміржол саласындағы серіктестік қарым-қатынасты жалғастырамыз. Атап айтқанда, жолаушылар және жүк локомотивтерін өндіру және сигнализация салаларында. Дабыл қағу бойынша біз үшін маңызды жобалар бар. Alstom компаниясының Қазақстанның темір жол вокзалдарын дабыл қағу жүйесімен жабдықтауын қалаймыз», – деді Францияның экономика және қаржы министрі Брюнол Ле Мэр.

Меморандум мақсаты туралы толықтыра кеткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котыревтің айтуынша, бұл құжат – елдегі ірі станцияларды автоматтандыруға, цифрландыруға арналған алғашқы қадам. Бүгінгі таңда Қазақстан темір жолында цифрландыру бойынша бірнеше жоба бар. Олар 2017 жылдан бастап жүргізіліп келеді. «СЦБ дегеніміз не? Яғни, сигнализация, орталықтандыру және блокировкалау. Бірінші сигнализация деген пойыздар қозғалысына қатысты белгі беру құрылғылары, орталықтандыру деген станцияны орталықтан басқару деген мағынада, блокировкалау деген – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі үшін керекті құралдардың блокталуы», – деп түсіндіре келе ол бұл ынтымақтастықтың басқа да тиімділіктері зор боларына сенім білдірді.

Alstom компаниясы – теміржол көлігіне арналған кең ауқымды жүйелер, құрал жабдықтар мен қызметтерді дайындап, нарыққа шығарумен айналысатын, өңірдегі теміржол индустриясының аяғынан нық тұруы мен оның экономикасы дамуының процестеріне ірі қатысушы. Сондай-ақ ол жолаушыларды тасымалдауға арналған шешімдер, дабыл жүйесі, инфрақұрылым, мобильділіктің цифрлық технологиялары сынды сан алуан кең ауқымды шешімдерді ұсынады. Компания бірыңғай көлік жүйелері саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. 2018-2019 қаржылық жылдар аралығында компанияның сату көлемі 8,1 млрд еуроны, тапсырыстардың көлемі 12,1 млрд еуроны құрады. Бас офисі Францияда орналасқан Alstom компаниясының әлемнің 60-тан аса елінде өкілдіктері бар және де компания құрамында 36 300 қызметкер жұмыс жасайды. 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты