Нұр-Сұлтан станциясы: сандық технологияның кереметі

Цифрландыру
28.01.2020, 09:36
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Нұр-Сұлтан станциясының ұжымы өткен жылды өндірістік жарақат алушылыққа жол бермей қорытындылады. Бұл нәтижеге жету еңбек жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар жүргізудің арқасында мүмкін болды деп санайды басшылық.

Станциялықтар жуырда өткен жылға қорытынды жасап, жаңа 2020 жылға жоспар құрды. Ол жоспарда негізінен станция қызметкерлерінің білімін көтеруге басты назар аударылып отыр.

Бұл ретте НТҚ, яғни нормативтік техникалық құжаттама (НТҚ) мен нормативтік құқықтық акт (НҚА) талаптарын түсіндіре отырып бейнефильмдер жасау және техникалық сабақтар өткізу жоспарда тұр. Өйткені, ішкі зерттеу жұмыстары НТҚ мен НҚА талаптарын 10-20 минуттық бейнероликтер арқылы түсіндіру жұмысшылар үшін тиімді екенін көрсеткен.

Жұмыстағы басым бағыттардың бірі – техникалық сабақтар өткізу сапасын арттыру, станция қызметкерлерін сол үдеріске тарту. Соған байланысты 2019 жылы станцияда ұжымның өз күшімен «НТД 27/7» бағдарламасы жасалды.

Соның арқасында станцияның барлық жұмысшылары өздерінің гаджеттері арқылы кез келген жерден тәуліктің 24 сағатында нормативтік-техникалық құжаттамаға кіруге мүмкіндік алды. Енді жұмыстан бөлек үйдегі қолайлы жағдайда да өз бетіңмен білім алу мүмкін болып отыр.

Аталған жоба рационализаторлық жаңалық ретінде мойындалды және оны ел аумағында теміржолда тарату көзделуде. Сандық технологияның кереметі деген осы. Былтыр Нұр-Сұлтан станциясының дамуына да жоғары көңіл бөлінді.

Атап өтер болсақ, өткен жылы тамыз айында станцияда 3 айналма жол бойынша жұп бағытта пойыздар қозғалысы ұйымдастырылды, соған орай қосымша 3 бағдаршам қойылып, шығу жолындағы 4 маневр бағдаршамы ауыстырылды.

Бұл жаңашылдықтар жылына 1807 лок-сағат үнемдеуге септік етеді, қаржылық жағынан бұл жылына 42 млн теңгеге тең.

Сондай-ақ сұрыптау паркінің 38 жолына орташа-күшейтілген жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда станция парктерінде, жұмыс орындарында және әкімшілік ғимаратта бейнебақылау орнату жұмыстары аяқталды. Басшылық станцияны дамыту басым міндеттердің бірі деп санайды.

Бүгінде сонымен бірге станцияның 1:1 ауқымындағы 3D форматындағы моделі аяқталуға жақын. Бұл арқылы станция қызметкерлері шынайы уақыт режимінде пойыздарды, сұрыптау дөңесінде вагондарды тарқатуды басқарып, станция жұмысының технологиясымен таныса алады.

Бұл да теміржолды цифрландыру бағдарламасына қосылған қомақты үлес екені айқын. – Ұлттық компания басшылығының қолдауының арқасында былтыр станциямыздың әкімшілік ғимаратына және 300 адамның тұрмыстық корпусқа күшейтілген орташа жөндеу жасалды.

Сонымен қатар станцияның барлық жұмыс орындары жөндеуден өтті. Жұмыс орындары кеңсе техникасы және жиһаздармен толық жасақталды. Биыл қызметкерлерімізді салауаттандыру мәселесіне де ерекше көңіл бөліп отырмыз. Сол себепті биыл аралас қызметтер арасынан жұмысшыларды тарта отырып спорттық-көпшіліктік шаралар өткізу жоспарлануда, – дейді станцияның бас инженері Бақытхан Әбеуов.

Өткен жылы станция қызметкерлері жұмыс киімімен 100 пайыз қамтамасыз етіліп, қорғаныш құралдары, еңбек қорғау және электр қауіпсіздігі жөнінен оқыту және қызметкерлерді курорттық сауықтыру жұмыстары жүргізілген. Соның рахатын бүгінде көріп отыр, яғни қысқа күнде қырық құбылған қыстың күні «бес қаруы сай» жұмысшылар еш қысылмай еңбек етуде. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті