Цифрландыру – өндіріс өнімділігінің өзегі

Цифрландыру
18.02.2020, 17:12
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияның өткен жылдағы жұмысының қорытындысы мен биылғы жылға арналған жоспарміндеттері талқыланған кеңейтілген жиында сала жұмысын цифрландыру жобасына басымдық берілді.   

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов цифрлы трансформация шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар және Ұлттық компаниядағы адам ресурстарын тиімді басқару мәселелері туралы сөз қозғады. Ол ұлттық компанияда трансформациялау бағдарламасы 2014 жылдан бастап жүзеге аса бастағанын, ал 2019 жылдың тамыз айынан цифрландыру бағдарламасымен біріктірілген «Цифрлы трансформация» бағдарламасының іске қосылғанын атап өтті.

– Біз сандық технологияларды сатып алу қызметінің, HR немесе қаржы секторының функционалына ғана емес, өндірістік блокқа енгізуді де жоспарлап отырмыз. Бағдарламаны іске асыру қаржылық тұрақтылық пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге, кірісті арттыруға, сондай-ақ компания қызметінің қауіпсіздігі мен тиімділігі деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді С.Әбденов.

Оның қарапайым мысалы ретінде, «Магистраль» заманауи автоматтандырылған диагностикалық кешенінің енгізілуін атап өтті.

Бір ғана кешен сағатына 90 км жылдамдықпен жүре отырып, бір айда 6000 шақырымға дейін инфрақұрылым нысандарына кешенді диагностика жүргізуге мүмкіндік береді. ҚТЖ-ға енгізілген тағы бір табысты жобаның қатарында «DigitalSamruk 2019» конференциясында «Самұрық Қазына» компаниялар тобы жобаларының арасында «Үздік цифрлық жоба» ретінде танылған АСУ ДКР, яғни «Республикаішілік қатынастағы Келісімшарт және коммерциялық жұмыс автоматтандырылған есеп жүйесінде тасымалдау құжаттарын рәсімдеудің қағазсыз технологиясының енгізілуі» жобасын атады. Жоба жүк жөнелтушілерге/клиенттерге қызмет көрсетудің цифрлық сервистерін енгізуге бағытталған. Мәселен, республикаішілік қатынаста осылайша құжаттарды рәсімдеу 90% асады. Қазақстандық әзірлемелерді пайдалану арқылы бірыңғай ақпараттық кеңістік құру мүмкіндігін іске асыру бүгінде «Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТМТМ)» аясында да қарастырылуда екен. – Белгіленген бағыттар бойынша мәлімет алмасу экспорттық түріндегі «Ресей темір жолдары» ААҚ станциясына бағытталған қағазсыз алмасулар болды. Бүгінгі таңда 6000-нан астам электрондық тасымалдау құжаттары ресімделді. Бұдан басқа, халықаралық темір жол жүк қатынастарындағы деректермен электрондық алмасу туралы келісімдерге қол қойылды. Атап айтсақ, «Әзербайжан темір жолдары», «Қытай темір жолы», «Қырғыз темір жолы» теміржол әкімшіліктерімен электрондық деректер алмасу бойынша жұмыстар басталды. АСУ ДКР/ККЖ АБЖ жүйесінде тіркелген 50 мыңнан астам қазақстандық клиент үшін аталған жүйе тасымалдаушылар мен клиенттер арасында «онлайн» режимінде, оның ішінде сандық алаңдарды (сервистерді) интеграциялау шеңберінде өзара іс-қимылға көшуге мүмкіндік берді. Қызмет көрсету уақыты қысқарды, тауар кассаларында кезек жойылды. Клиентке республикаішілік қатынаста өз тасымалын рәсімдеу үшін станцияға барудың қажеті жоқ.

Мысалы, адреске жіберуге өтінім беру процесі 2 күннен 1 сағатқа дейін, жоспарлау процесі 11 сағаттан 5 минутқа дейін, республикаішілік жөнелтілімдерде 2 күннен 1 сағатқа дейін, экспорттық жөнелтілімдерде, сондай-ақ, адреске жіберу процесі 2 күннен 1 сағатқа дейін қысқарды. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін тасымалдаудың қағазсыз технологиясын қолдануға, сондай-ақ «SmartContract» принципі бойынша электрондық түрде «Қазтеміртранс» АҚ вагондары қызметін пайдалануға шарттарды қашықтықтан алып жасау мүмкіндігі қарастырылған. Өткен жылы бұл аталған жобамен бірге «Жүк тасымалдау процесінен қолма-қол ақша айналымын алып тастау» шарасы аяқталды, – деді Серік Әбденов. Оның айтуынша, бұл өз кезегінде 2020 жылғы қаңтардан бастап жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен, экспедиторлық ұйымдармен есеп айырысуларды және қосымша алымдарды онлайн-режимде (кеңседен шықпай-ақ) терминалдық қызмет көрсетуге қолма-қол ақшасыз технологияға аударуды қамтамасыз етуге; тауар кассалары бойынша ақша қаражатын инкассациялауды алып тастауға; компанияның ақша қаражаты қозғалысының толық ашықтығын қамтамасыз етуге; ақша қаражатын инкассациялау, кассалық аппараттарға техникалық қызмет көрсету, байланыс қызметтері, қатаң есеп бланкілерін пайдалану шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беріп отыр. Серік Әбденов еңбек өнімділігін арттырып отырған жобалар қатарына «Магистраль» АБЖ шеңберіндегі мобильді диагностикалық құралдардың енгізілуін де атап өтті.

– Бүгін біз МДК жұмысының нақты нәтижелерін айта аламыз. 2019 жылы МДК 94 мың км астам жолды жүріп өтіп, 350-ден астам ақаулы рельстерді анықтаған, яғни соның нәтижесінде 350 жерде рельстердің сынып кетуіне жол берілген жоқ. Жаңа жетілдірілген және жаңғыртылған МДК штат санын, соның ішінде дефектоскопиялық арба операторларын оңтайландыруды қарастырады. Тұтастай алғанда, бұл жоба шеңберінде 3 жылда 580 штат бірлігін оңтайландыру жоспарланып отыр. Бүгінде соның 162 штаттық бірлігі оңтайландырылды, – деген Серік Сақбалдыұлы.

Компания еңбеккерлерін жұмыс орындарында сақтап қалу және оларды әрі қарай өзге жұмысқа орналастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын да жеткізді. Мәселен, жұмыстан босатылған және жұмыс істеп жүрген 95 мамаңызды жобасы болып табылады. Мақсаты, стратегиялық жоспарлаудан шұғыл жоспарлауға дейінгі барлық деңгейге қатысы бар сұранысты анықтаудан және өндірістік жоспарлаудан бастап стратегиялық қаржы көрсеткіштерін бекітуге дейінгі барлық кезеңдерде жоспарлау процесін жетілдіру болып табылады.

– Бүгінде жолды 12 бөлімшеге бөлу тасымалдау үдерісін тиімді және орталықтан басқаруға мүмкіндік бермей отыр. 2019 жылы әр бөлімшенің қызметіне талдау жасаған ауқымды жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, аймақтық жол бөлімшелерін біріктіру/ірілендіру арқылы тасымалдау үдерісі мен жолды басқарудың ағымдық құрылымын екі деңгейлі моделіне өзгерту қажеттілігі туындап отырғаны белгілі болды. Ұсынып отырған бұл модельдің экономикалық тиімділігін анықтау және пилоттық тестілеу жүргізу мақсатында, 2019 жылдың 1 қыркүйегінде Защита және Семей жол бөлімшелерін бір бөлімшеге біріктіре отырып, ірілендіру жүзеге асты. Ал, Орал бөлімшесі Ақтөбе бөлімшесімен біріктірілді. Алдын ала жасалған деректерге сүйенсек, 2019 жылдың 4 тоқсанында филиалдар санын оңтайландырудан түскен экономикалық тиімділік 222 млн теңгеден астам қаржыны құраса, биыл оның көлемі 760 млн теңге шамасына жетеді деп күтілуде», – деді Серік Әбденов.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады