Мың шақырым магистраль желісі жаңартылады

Инфрақұрылым
06.09.2022, 09:29
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жыл сайын магистральдық желіні жаңартып-жаңғырту – жоспарлы түрде жүзеге асырылатын шара. Темір жолдың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыратын жөндеу жұмыстары биыл да кестеге сай жүріп жатыр. Үстіміздегі жылдың жеті айында күрделі жөндеу жұмыстары үшін 1,4 мыңға жуық технологиялық «толаскез» берілген.

 «Толаскездің» ұзақтығы 8,7 мың сағаттан асады. Қазір жүк тасымалы жоғары телімдерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Межеленген көлемді мейлінше орындау үшін «толаскезге» жол машиналары мен механизмдер жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, «толаскез» кезінде жолдар, байланыс желісі, белгі беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларына жөндеу жүргізілуде екен. Биыл 551 км жолды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа келбетке келтіру жоспарланған. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы шаруашылық тәсілмен 70 км жолға күшейтілген орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде бұл жұмыс көлемі кестеге сай орындалып, аяқталуға жақын.  

Сонымен қатар 75 км жолда жаңа материалдармен тұтастай рельс тіреуішін, 164,470 км жолда тұтастай рельс табанын алмастыру межеленген. Ал 133,5 км жол орташа және күшейтілген орташа жөндеу түрлерінен өтпек. Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Қарағанды, Жамбыл магистральдық желі бөлімшелерінің телімдерінде өтуде. Осы ретте, 2022 жылға арналған жол жұмыстарының барлығы Компанияның өндірістік бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқанын айтар едік. Жалпы жылдың соңына дейін 1054 км магистраль желісін жаңғырту көзделіп отыр.  

Осы ретте, күрделі жөндеу жолдың сенімділігін ғана емес, сыртқы әсерлерге төзімділігін, сондай-ақ, пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттырып, пойыздардың жұмсақ жүрісін қамтамасыз ететінін атар едік. Магистральдық желі дирекциясының мамандары жөндеу жұмыстары барысында басымдық транзиттік телімдерге беріліп отырғанын айтады. Күрделі жөндеу кезінде темірбетонды шпалдар мен ақтөбелік зауыттан шығатын Р-65 маркалы рельстер кеңінен қолданылып келеді. Сонымен қатар жол күтіміне кететін шығындарды азайту мақсатында ресурсжинақтаушы технологияларды, яғни қайта пайдалануға жарамды ескі материалдар да пайдаланылуда.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты