Темірбетон негіздегі жолдың ұзындығы 16,5 мың км жетті

Инфрақұрылым
29.11.2022, 09:16
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жол монтерлерінің қызметі биыл су жаңа бұрандалы кілттермен толығып отыр. Бүгінде биылға межеленген 160 бұранда кілттің тең жартысынан астамы сатып алынған. Бұл механизмнің артықшылығы, ол қол жұмысын алмастырып, жолшылар жұмысын жеңілдетеді.

Жол аралықтарындағы рельс бекітпелерінің күтімі – теміржол төсеміне ағымдық қызмет көрсету бойынша жол жұмыстарының негізгі түрлерінің бірі болып отыр. Әдетте, темірбетон шпалдарындағы бұрандалар, клеммалық және төсеуіш болттар мезгіл-мезгілмен тартылып, қатайтылатын болса, ағаш шпалдарда балдақтарды қосымша ұрып, күшейтеді. Әрине, мұның бәрі тонналаған жүк таситын пойыздардың қозғалыс әсерінен босаңси түсетін рельс бекітпелерінің техникалық параметрлерін сақтау мақсатында іске асырылады.  

Осы ретте, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да магистральдық желіні темірбетонды негізге көшіру бағдарламасының бірнеше жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келе жатқанын айтар едік. Қазіргі уақытта Ұлттық компания бойынша темірбетон негіздегі жолдың ұзындығы 16 570 километрді құрап, жалпы теміржол ұзындығының 78%-ін құрап отыр. Жаңа шпалдарға кезең-кезеңмен көшуге байланысты сәйкесінше болттар мен бұрандаларды тарту бойынша да жұмыс көлемі жыл сайын артып келеді.  

Егер бұрандалы бекітпесі бар учаскелерде тартпа жұмыстары қажеттілігіне қарай жүргізілсе, ал клеммалық-болтты бекітпесі (КБ) бар 5 927 км жолда мұндай жұмыстардың жиілігі жол дәрежесіне қарай анықталады. Мәселен, бірінші және екінші класты учаскелерде жылына бір рет болса, үшінші класты жолдарда үш жылда бір рет, ал төртінші және бесінші класты учаскелерде төрт жылда бір рет өткізіледі. Осылайша, жолшылар жылына орта есеппен алғанда, 4500 шақырым жол бойында болттарды тартулары қажет.  

Егер бұл жұмыстарды қара күшке салып, қолмен атқарар болса, онда ол өте ауыр және күрделі жұмыс. Мысалға, КБ бекітпесі бар бір шақырым жолда бұл жұмысты орындау үшін қол құралы бар сегіз монтер қажет. Ал бұрандалы кілт еңбек өнімділігін еселеп арттырады, яғни күніне екі шақырым жолды аталған механизмді пайдалана отырып, бар-жоғы екі жұмысшының күшімен орындауға болады.  

Бұрандалы кілт бұрандалар мен гайкаларды, соның ішінде қуыс жерлерде орналасқан болттарды бұрап алуға немесе бекітуге мүмкіндік береді. Тіпті, тот басқан болттарды бұрап алуға арналған арнайы саптама да бар. Конустық металл муфта – тозуға қарсы өте төзімді етіп жасалған және өздігінен реттеліп отырады. Болтты бұрау, яғни айналу кезінде гидравликалық сервомеханизм арқылы реттеліп, бұранданың қаттылығына қарай екі беріліс арасын таңдай алады. Ең бір кереметі, осы механизмнің арқасында қатайту кезінде техникалық параметрлерді бекіту қамтамасыз етіледі.  

Қазір ҚТЖ жол шаруашылығында қолданыста жүрген 500-ден астам бұрандалы кілт бар екен. Жол шаруашылығы мамандары бұл механизмнің қызметін оң бағалап, жолшылар жұмысын жеңілдетіп отырғанын айтады. Есесіне, еңбек те өнімді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты